Рефераттар және оның талқылануы Соңғы кездерде гуманитарлық ғылымдарды оқытуда семинар сабақтарында кеңінен
қолданылады. Реферат - студенттің қаңдайда бір философиялық мәселеге, сондай-ақ күнделікті
болып жатқан оқиғалардың философиялық тұрғыдан түсіндірілуі, оқытушының жетекшілігімен
жүргізілген социологиялық зерттеулерді талдауға арналған жазба жұмысы. Ережеге сай оның
мазмұны баяндамаға қарағанда терең зерттелуі керек, жеке ізденістерді өз бетінше ойлау және
одан қортынды шығарылуы қажет. Рефератты семинарда оны дайындаған автордың өзі оқиды,
кейде оны алдын ала студенттер қарап шығады. Бұл варианттардың екеуін де қолдануға болады,
өйткені олардың әрқайсысының өзіңдік артықшылықтары бар. Рефератты дайыңдауға ұзақ уақыт
қажет екі-төрт немесе одан да көп апта. Рефератты үлкен бір тақырыптың соңғы семинарына
қойған дұрысырақ болады, егерде тақырыптың негізгі мәселелері алдын ала талқыланған болса.
Рефераттың әүрі деуге болады. Реферат тақырыптары әдетте оқу жылы басында
кафедрада бекітіліп, студенттерге беріледі. Студенттер кейде өздерінің калаған тақырыптарыңда
ұсынуына болады, егер ол өзектілігі жағынан, аталмыш курспен мазмұны жағынан байланысты
болса. Оқытушы студенттің құрған жоспарымен танысады, жалпы тақырыпқа сәйкес берілген
әдебиеттерден бөлек тікелей катысты басқа да жаңа әдебиеттер береді, реферат авторына кеңес
береді және ең соңынан дайын тексті, яғни дайындалып біткен баяндамаға карап шығады және
рефератты автордың айтуы бойынша таңдайды. Мұның соңғысы студенттің мәнерлі оқи алуын,
мазмұнды айтып шығуын, рефератты қалай қорғап шығудың дұрыстығын меңгеруіне
негізделеді. Егер студенттер бірнеше рефераттар жазып келген болса, онда оның әрқайсысына
жеке жеке талқылау қажет емес, өйткені әрбір студент бар уақытын бір реферат дайындауға
арнап, семинар сабағының сұрақтарын қарастырмаған болуы мүмкін, осы кезде семинар
сұрақтары талқыланбай, тек рефератқа ғана көңіл бөлініп кетуі мүмкін. Соңдықтан тек өте
маңызды реферат қана топтың талқылануына ұсынылады. Белгілі жағдайларда бұл туралы
мәселені семинар өткізілетін топтың белсенділері шешеді. Ал көпшілік қолдаған реферат,
баяндамалар көпшілік катысқан аудиторияда және басқа да студенттік топтар алдында оқылады.