Ал диспут әдеттегі семинардың бір элементі ретінде оқытушының алдын ала жоспарлауы
арқылы немесе сабақ барысында кенеттен пайда болады. Ой таластыру кейде шашыранды,
ұйымдаспаған күйде басталып, пайда болады. Семинар-диспутты оқу тобыңда немесе
біріктірілген жағдайда, сабақтан тыс уақытта, жатақанада жалғастыруға да болады. Егер
талқылаушылар дайын болса, онда пікірталастар тереңірек және мазмұнды болады.
Семинар-пресс-конференция -бұл баяндама жасау жүйесінің бір түрі болып келеді.
Семинар жоспарының әрбір бөлігін оқытушы бір —біреуден баяңдама ретінде жасап келуді
студенттерге тапсырады. Келесі сабақта қысқаша кіріспе сөзден кейін, оқытушы бірінші сұрақ
бойынша кезекті баяндамашыға береді. Содан кейін әрбір студент сол тақырыпқа байланысты
бір бір сұрақтан қояды. Мұнда сұрақ-жауап жүйесі семинардың басты бөлігін құрайды. Сұрақ
қоюға қабілеттілік, соған сәйкес тақырыпқа студенттің дайыңдығын көрсетеді. Дайындық өте
жақсы болса, онда сұрақтың да мәні терең әрі мазмұнды болады. Әуелі сұраққа баяңдамашы
жауап береді, одан кейін сол сұрақ бойынша өзінің білгенімен бөліскісі келген көз келген студент
жауап береді. Әсіресе бұл жағдайдағы белсеңділер баяндамашының дублері, яғни көмекшісі
болып табылады, егер ол алдын ала осылай келісілген болса. Ережеге сай, талданылып отырған
мәселі бойынша қызу пікірталас туындайды. Бұл мәселе талқыланып біткен соң оқытушы 2-ші
мәселе бойынша келесі баяндамашыға кезек береді. Өзінің қорытыңды сөзін оқытушы әрбір
мәселеден кейін немесе семинар сабағының соңында айтады.
Достарыңызбен бөлісу: