Семинар сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


-АПТА. 17-СЕМИНАР. 1 САҒАТ. 5 Б. 17



бет16/25
Дата14.10.2023
өлшемі69,42 Kb.
#113896
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
9-АПТА. 17-СЕМИНАР. 1 САҒАТ. 5 Б.
17-семинар сабағының тақырыбы: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі.
Семинар сабағының жоспары:
1. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі халық-азаттық қозғалысы.
2. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей хандығындағы қазақтардың көтерілісі.
3. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.
Сабақтың мақсаты: ХVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының Ресей империясының отаршылдыққа саясатына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресінің тарихи маңызына тоқтала отырып, жаңа көзқарастар тұрғысынан баға беру қажет. Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі мәселесін талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: ХVIII-ХІХ ғғ. С.Датұлы, И.Тайманов пен М.Өтемісұлы, Қаратай сұлтан мен Жоламан Тіленшіұлы басқарған қазақтардың бас көтерулері және Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістердің тарихи маңызына талдау жасау. Қазақ даласындағы ХVIII-ХІХ ғасырларда болған халық-азаттық көтерілістер бойынша кесте дайындалуы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікір аласып, дөңгелек үстел ұйымдастырады.


9-АПТА. 18-СЕМИНАР. 1 САҒАТ. 5 Б.
18-семинар сабағының тақырыбы: 1916 жылғы Орталық Азиядағы ұлт-азаттық көтеріліс.
Семинар сабағының жоспары:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
2. 1916 жылғы Орталық Азиядағы ұлт-азаттық көтеріліс: себебі, қозғаушы күштері, басталуы, барысы, негізгі кезеңдері.
3. Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттердегі 1916 жылғы көтеріліске берілген баға.
https://www.caa-network.org/archives/23706/sredneaziatskoe-vosstanie-1916-goda-intervyu-s-aminat-chokobaevoj
Сабақтың мақсаты: 1916 жылғы Орталық Азиядағы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері бойынша тәуелсіздік жылдарында жарияланған зерттеулер негізінде  баяндау.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған құжаттар мен ғылыми еңбектерге талдау жасап, олардың мәні мен тарихи маңыздылығын анықтауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет