Сабақтың мақсаты: ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетіндегі халық ақындарының шығармашылығы, музыка өнерінің даму ерекшеліктері және ағартушы ғалымдар еңбектері мен мерзімді басылымдар туралы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт. Қазақстанның зияткерлік-рухани элитасының мұрасы. Мәшһүр Жүсіп Көпеев және оның қазақ фольклоры мен шежіресін жинақтаудағы еңбектерінің тарихи маңызына назар аудара отырып, жаңа көзқарастар тұрғысынан талдау жасау. ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениетіндегі халық ақындарының шығармашылығы бойынша кесте дайындалуы қажет. Студенттер семинар тақырыбы бойынша презентация дайындау үшін бірнеше топқа бөлінуі мүмкін.
10-АПТА.20-СЕМИНАР. 1 САҒАТ. 5 Б.
20-семинар сабағының тақырыбы: Қазақтың зиялы-рухани элитасының мұралары.
Семинар сабағының жоспары: 1. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының қалыптасуы.
2. Қазақтың зиялы-рухани элитасының қызметіне салыстырмалы талдау жасау (Алаш қозғалысы).
3. Қазақ халқының рухани жаңғыруындағы қазақ зиялыларының сан алуан мұрасының рөлі
Мен кадет партиясынан неге шықтым? // Бөкейхан Әлихан . – 3-бас., толықт. .. – Астана : Алашорда, 2018. – Б. 215. https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1595375
Бастауыш мектеп // Ахмет Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы: шығармалары. 4-том [құраст. Р. С. Имаханбет] - Алматы : Ел-шежіре, 2013. – Б. 311-315. https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1151506
Дау құмар // Міржақып Дулатұлы. Алты томдық шығармалар жинағы; құраст.: Е. Сатыбалдиев [ж. б.] .- Алматы: Мектеп, 2013. – 269-271. https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1178432
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда интеллектуалды-рухани элитаның қалыптасуы мен олардың ХХ ғасырдың басындағы қызметін көрсету, қазақ халқының мәдени дамуындағы қазақ зиялыларының рухани мұрасының тарихи маңызын ашу.