Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»



бет25/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Пысықтау үшін сұрақтар


1.Сан есім деген не, ол қандай мағыналарды білдіреді?

Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады.




2.Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.




3.Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.




4.Сан есім қалай түрленеді?
Сан есімдердің түрлену жүйесі біркелкі емес, әркелкі болып келеді. Мысалы есептік, жинақтық сан есімдер сан атаулары ретінде заттық ұғымда қолданылатын сөздер болғандықтан, олар септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабыылдай алады. Есептік сан есімдер заттардың сандық мөлшерін білдіргенде ешбір өзгеріске түспейді, тек заттық ұғымда жұмсалғанда ғана түрленеді: көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі. Мысалы: Тоқтар доллар айқайы, өтер залым, Орнар өмір тербеткен мыңдар жанын. Жасы сол кездің өзінде қырықтан асқан болар. Бестің басы болғанша, алтының аяғы болшы. Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз. Сексеніміз жиылып, серке жыққан батырмыз. Жинақтық сан есімдер мағына жағынан заттық қасиеті бар сөздер болғандықтан, түрлендіруші қосымшаларды, яғни көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін қабылдай береді.

Мысалы: Менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін. Біреулер аңын, терісін әкеп, Күзеген байталының біреуі жалын. Бөлшектік сан есімдер негізінде заттанған сандар тіркесінен құралған сөздер болғандықтан, әр түрлі септік жалғауларын қабылдай береді. Бірақ көптелмейді, өз құрылысы тәуелді болғандықтан, тәуелдік жалғауларын да қабылдамайды. Жіктік жалғауларын қабылдаса, заттық ұғымда жұмсалады.


Мысалы: Сен – төрттің бірісің десек, төрт кісінің біреуі сенсің ұғымға ие болып кетеді.
Сан есімнің түрлену кестесі.
Сан есімдер

Көптелуі


Септелуі
Тәуелденуі
Жіктелуі
миллион
миллион - дар
миллион - ның
миллион – ы
миллион - быз
үшеу
үшеу - лер – і
үшеу – ден
үшеу – іміз
үшеу – міз
екінің бірі
-
екінің бірі - не
-
екінің бірі – сің




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет