Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Сан есім 1.Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты



бет22/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы «Морфология және сөз-emirsaba.org

Сан есім
1.Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын,мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. Тек Мағашты үш күндей оңаша алып отырып, арманын есітті. (Әуезов). Жетіатасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер (Мақал). 14-15 жасында-ақ тамаша әншілігімен даңқы шыққан (Мағауин) деген сөйлемдердегі үш, жеті,14-15 сан есімдері есім сөздердің санын,ретін,мөлшерін білдіріп, сандық белгісін анықтап тұр.

Қазақ тіліндегі барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық деп алуға болады.


Бірлік: бір, екі, үш,төрт,бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз.
Ондық: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан.
Жүздік: бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз. Мыңдық: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мың,сегіз мың, тоғыз мың.
Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де орыс тілі арқылы еңген.
Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. Екінші тілек тілеңіз... (Бұқар жырау)
Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады. Есеттің екі
жағында отырған екі жігіт оның үстіне қонжия түсіп, екі қолынан тастай ұстап, дедектетіп отырып... (Жүнісов)
Туынды дара сан есімдер әр түрлі грамматикалық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Салқын судың ағынына бірер сүңгіп алып ем (М үсірепов)
Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі не қосарлануы арқылы жаслады. Он төртінде дөп-дөңгелек болып мінсіз туған ай иыққа көтерілгенше жүрді. (Жүсінев)

2.Дара және күрделі сан есімдер.

Дара сандар


Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100), мың-(1000), миллион, миллиард, триллион, квадриллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион, дециллион, андилион, дубдецилион, гредециллион, кваргтордециллион, квиндециллион, сеацдециллион, сендендециллион, октодециллион, новемдециллион, вигинтилион

Күрделі сандар


Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет