Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»



бет4/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы «Морфология және сөз-emirsaba.org

Жаттығу блогі


1-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарын ажыратыңыздар.
Сыртын көріп ішінен түңілме (Мақал). Ол қанша артта қалса да, пікірі алда (Ғ.Мұст.). Рақмет, концерт те өздеріңізде екен (Ғ.Мұст.). Менің іштегі суды сыртқа төгуімнен, сырттағы судың ішке құйылуы басымырақ боп кетті (С.Мұқанов). Өмірі Қатшаға мұнша көп шешіліп сыр айта қоймаушы еді (М.Әуезов). Аспан да, жер де сұп-сұрғылт (Қ.Жұмаділов). Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес (Абай). Құдық басында, кешкі ауыл сыртында... Абай сөздерін бұларға оқытып, отырып тыңдайтын Дәркембай, көп кәрі-жас бар (М.Әуезов).

✅Сыртын көріп ішінен түңілме (мақал) лексикалық мағына


Көп ішіліп сыр айту (тұрақты тіркес) лексикалық мағына
Ой артынан ой туар желге мінсе жеткізбес ( мәтел) лексикалық мағына
Қалғандары грамматикалық мағына


2-жаттығу. Бір грамматикалық форманың бір мағынаны және бірнеше мағына білдіруде қолданылып тұрғандарын тауып, олар қай категория көрсеткіштері екенін атаңыздар.
- Байлар туралы ойыңызбен бөліссеңіз?
- Қарағым Мұхамеджан, меніңше, байдың бәрін жамандау – әділетсізді. Жасырстыны жоқ, олар да әр түрлі. Біздің халқымызды халық еткен текті байлар, солардың ұрпағы. Мысалы, Маман бай мектеп ашып, бала оқытты. Ол осы еңбегі үшін ғана құрметке лайықты.
Ана жылы әулиелерді аралап, Сайрамда болғанымда Сейітбек деген бай ашаршылық жылы ... Ақсу өзенінің екі жағына 5-6 тай қазанды асып, бір аймақтың аш-арығын тамақтандырып, ажалдан аман алып қалыпты.
Ердің атын ер шығарады дейміз. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолың романын жазып, Абайдың кемеңгер, қазақтардың мықты, дарынды екеніне дүние жүзі халқының көзін жеткізіп, иландырды. Әл-Фараби, Жалантөс, Бейбарыс, Бауыржан Момышұлы да даңқымызды әлемге жайды. Түсінген адамға мұның бәрі байлық. ... (Қалдыбай М. «Мың жыл аңсайды» кітабынан).

✅Байлар - көптік жалғаулы деректі зат есім


Маман бай - аналитикалық формадағы қосарлы айқындауыш
Сейімбет деген бай - аналитикалық формадағы көмекші қосарлы айқындауыш
Байлық - -лық жұрнағы арқылы синтетикалық формадағы зат есім




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет