3.Сан есімнің басқа сөз таптарының грамматикалық категорияларымен турленуі
Жаттығу блогі
1-жаттығу: Сан есімдерді теріп жазып, құрамындағы қосымшаларға талдау жасаңыздар.
Атағы шыққан атқыштар дивизиясы мен Алғай бригадасы Саратов жағынан төніп келіп, 22-дивизия – Самар беттен ат қойып, Орал қазақтарын қос бүйірден қысқан ұлы дүркіннің алды болатын (X. Е.). Он екі сом елу тиын сұраймын. Берер жерім – он екі. Он екіден бір тиын кем сатпаймын, – деп қасындағы сиыр сатушылардың саудаласу әдісін қағып алып, бездіріп тұрып алған еді (X. Е.). Сіңлісінің күйеуі үш жыл герман соғысына қатысып келгеніне бір-ақ жыл болған фронтовик еді, оның екі күн қатар ұстайтын безгегі басталды, күйіп-жанып төр үйде жатыр (X. Е.).
2-жаттығу: Сан есімдерді мағыналық топтарына қарай ажыратыңыздар.
1945 жылы синтетикалық каучук заводы іске кірісті (С. Т.). Кешікпей-ақ біз 120-шахтаға барып кірдік. (С. Т.). Байқасам, бір жылдың ішіндегі 365 күнді қырық жылға көбейтіп, оны 450 тоннаға ұлғайтпақшы! (С. Т.). Екі-үш күннен кейін Сәкенді мен Әлімбек Еркінбековтың үйінде көрдім (С. Т.). Астықтан колхозға 12 миллион сом пайда түсіп отыр (3. Ш.). Төртінші рет бала мүлдем жақын келді (X. Е.). Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген (М. Ә.). Біз әр операциядан он-он бес минуттан уақыт үнемдейміз (3. Ш.).
3-жаттығу: а) дара және күрделі сан есімдерді анықтаңыздар, жасалу ерекшелігін түсіндіріңіздер,
ә/ сан есімдерді тауып, оларды синтаксистік қызметіне қарай талдаңыздар.
Тексеру блогі
Сан есім
1.Болжалды сан есім жасайтын жұрнақтар:
|
А) -ау, -еу жұрнақтары
В) -дан, -ден, -тан, -тен қосымшасы
С) -дай, -лаған, -ер жұрнақтары
Д) ) -ыншы, -інші, -нші, -ншы
Е) -дап, -деп, -лап,-леп
|
2. Күрделі сан есімдерді тіркесті белгіле
|
А) бес жүз, жиырма бірмың
В) сексен, жүз, миллиард
С) бесеу, отыздай
Д) бірер, алпыс
Е) егіз, пар жалғыз
|
3. Топтау сан есімі қай тіркесте екенін көрсет.
|
А) Он үш жасар бала
В) Екі-үш жылдың ішінде
С) Үш-үштен тұру
Д) Үш жылдық есеп
Е) Наурыздың жиырма екісі
|
4. Болжалдық сан есімді көрсет.
|
А) Алтыдан бір
В) Екі жүз жиырма бес
С) Қырық тоғыздарда
Д) Жетінші
Е) Алтау
|
5. Бөлшектік сан есімді көрсет.
|
А) Он сегіз
В) Екі бүтін төрттен бір
С) Үш жүз қырық екінші
Д) Жүз шамалы
Е) Он-оннан
|
Достарыңызбен бөлісу: |