Бекіту тестісі
1. Рай категориясына берілген анықтаманың дұрысы
|
А) Ашық рай, қалау рай, бұйрық рай
В) Грамматикалық мағынаны білдіретін категория
С) Іс-әрекеттің шындыққа қатысын білдіретін грамматикалық категория
Д) Қимыл,іс-әрекеттің атын білдіретін категория
Е) етістіктің ерекше түрі
|
2. Жіктелмейтін, шақтық мағынаны білдірмейтін етістіктің түрі
|
А) есімше
В) көсемше
С) етіс
Д) қимыл атауы
Е) райлар
|
3. Мәнсіз көмекші етістіктер қатарын белгіле
|
А) бар, кел, тұр, жүр
В) еді, екен, емес, жазда
С) ой, қаз, қу, шық
Д) отыр, жатыр, ал
Е) ер, кет, жөнел. тара
|
4. Есімше шақтық қызмет атқарғанда сөйлемнің қай мүшесі болады?
|
А) баяндауыш
В) бастауыш
С) анықтауыш
Д) пысықтауыш
Е) толықтауыш
|
5. Көсемшенің жіктелмейтін тұлғасында тұрған етістік
|
А) тұздап
В) ойнай
С) айтқалы
Д) баратын
Е) келеді
|
Бақылау жұмыстары үшін:
Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі. Ерінім күбірлейді. Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді. Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем. Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі менің тілімде бар.
Достарыңызбен бөлісу: |