Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15


Үшінші апта Кредиттік сағат саны – 2



бет5/23
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133697
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Түркітануға кіріспе, Қ.С.Алдашева

Үшінші апта
Кредиттік сағат саны – 2
3-дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдерінің қалыптасу және даму дәуірлері
Дәріс мазмұны:
1. Алтай дәуірі
2. Ғұн дәуірі
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Алтай дәуірі - хронологиялық жағынан уақыты белгісіз, түркітанушы ғалымдар арасында талас туғызып келе жатқан дәуір. Алтай дәуірі дегеніміз - Орал-Алтай тілдерің яғни фин-угор, түрік-моңғол, тұңғыс-манчжүр, тіпті корей және жапон тілдерінің туыстық негізін бір деп қарастыру. Бұл тұжырымды «Орал-Алтай теориясы» деп атайды. Ол теорияның негізін салушы Полтава шайқасында I Петр патшаның әскері түгқындаған швед офицері Ф.И. Страленберг еді. Еліне айдаудан оралғаннан кейін 1730 жылы ол өзінің «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбегін жазады. Бұл еңбегінде ол түркі, моңғол, түңғыс-манчжүр тілдері о баста бір негізден тарағаң туыстас тілдер деп түсіндіреді. Ф.Страленберггің осы теориясын В.В.Радловтың ұстазы, белгілі неміс ғалымы Вильгельм Шотт 1836 жылы жарық көрген еңбегінде негіздеп берді. В.Шотт пен М.Кастрен Страленберг теориясын дамыта отырып, жоғарыдағы тілдер қатарына финн-угор, самоед тілдерін қосып, осы тілдер тобына «Алтай тілдері» атауын береді. Кейінгі зерттеушілер бұған жапон корей тілдерін де қосады. Сөйтіп, түркітану ғылымының тарихында «Орал-Алтай тілдерінің қауымдастығы», «Орал-Алтай теориясы» сияқты ұғымдар пайда болды.
Біздің жылсанауымызға дейінгі X ғасырларда түркі халықтары ғұндар (хундар, сюндар) деген атпен белгілі болды. Европалықтар осындай атпен қалыптасқан империяны «Ғұн империясы» деп атады. Олар көне грек тілінде скифтер, парсы тіліңде сақтар атауына ие болды. Ғалымдардың топшылауына қарағанда, Ғұн империясы сол кезеңдегі Евразиядағы алғашқы таптық қоғам болып саналды. Ғұндардың өмір сүрген жері - Моңғол даласы мен Байкал маңы. Осы жерлерде біздің эрамызға дейінгі 1200 жылдары Ғұн мемлекеті мен мәдениетінің негізі калана бастапты. Олардың келбеті моңғол типті, сонымен қатар европалықтар қанының да араласы барлығы байқалған. Бұл типтес халықгы Г.ФДебец «палеосібірлік» деп белгілейді*. КП.Алексеев дөңгелек жүзді европалықтардың Азияға, соның ішінде Орта Азия мен Түркістан жеріне, одан әрі Монғолияға дейін тарағандығын, олардың бүгінгі қазақ пен қырғызға ұқсас екендігін айтты**. Ғұн империясының екіге ыдырап, олардың Еуропа құрылығына жылжуы әлемдік өркениеттің даму процесіне өзінің елеулі ықпалын тигізді. Академик Н.Конрадтың пікіріне сүйенсек, «ғұндар қозғалысы Орта Азияны, Орталық Азияны және Оңтүстік-Шығыс Европаны мекеңдеген сан мыңдаған тайпалардың үдере көшуіне себепші болды»***. Біздің эрамызға дейінгі I ғасырларда Қытай қорғаны қабырғасынан басталып, біздің дәуірдің V ғасырында кіндік Европада аяқталған осы қозғалысты шын мәніндегі ұлы көш деп бағалауға болады. Бұл қозғалыс кешегі және бүгінгі Европадағы көптеген халықтардың қалыптасуына негіз болды. Қазіргі түркі халықтары, соның ішінде қазақ халқы да өзінің түп-төркінін осы ғұндардан алса керек. Алайда Ғұн империясына негіз болған қандай тайпа және олар қай тілде сөйлеген деген күрделі сұраққа жауап беру де өте қиын. Бұл төңіректегі ғалымдар пікірлерін де бірізді деп айтуға болмайды

3-семинар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет