Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15


Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)



бет9/23
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133697
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Түркітануға кіріспе, Қ.С.Алдашева

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):
Жаңа түркі дәуірі түркілердің осы кезге дейінгі атақ-данқынан айырлып, даму қарқыны төмендеген, экономикалық жағдайы тоқырауға ұшыраған кері кету кезеңі болып есептеледі. Оның көптеген себептері бар. Бұл кезендегі құлдырау процесі тек түркілерге ғана емес, жалпы Шығыс халықтарының барлығына ортақ құбылыс болды. Оның ең басты себебін «Ұлы Жібек жолы» деп аталған дүние жүзілік сауда жолының Орта Азия даласының Атлант мұхитына ауысуымен байланыстыруы керек. Академик В.М.Жирмунскийдің сөзімен айтатын болсақ, бұл процесс Шығыстың гүлденген, алдынғы қатарлы мәдениет ең артта қалған мәдениетке айналдырды. Сауда жолының құрлықтан тенізге ауысуы болмаи қоймаитын заңды үрдіс болып есептелседе, бұған белгілі дәрежеде түркі халықтарының өздері де кінәлі болатын. Түркі даласындағы таусылмаитын ірілі-уақты соғыстар керуен жолының тыныштығын әбден бұзды. әсіресе, Ақсақ Темір мемлекетінің құлауы, осының нәтижесіндегі билік үшін талас жолындағы соғыстар сауда жолының толық жабылуына әкеліп соқтырды. Қызыл теніз арқылы өтетін екінші сауда жолы Мамлүк қыпшақтарының билігінде болды. Мамлүктер әрбір керуеннен жоғары паж салығын алып тұрды. Бұл жол да саудагерлерде үшін қолайсыз еді. Еуропада Индия мен Шығыс азияға шығатын басқа сауда жолын іздестіре бастады. Жиһангерлер жаңа жол табу жолында теніздерді кезді. Осының нәтижесінде 1490-1520 жылдар аралығында ұлы географиялық жаңалық жаңа құрлықтың ашылуымен дүниежүзілік су жолы табылған еді. Еуропа Қайта өрлеу дәуірін бастан кешіріп, мәдениет пен өркениет, білім мен ғылым саласында тың жетістіктерге жетіп жатқан кезінде гүлденген Орта Азия бірте бірте кері құлдырап жатты.

6-семинар


Тақырыбы: Жаңа түркі дәуірі
Қарастырылатын мәселелер:
1. Жаңа түркі дәуіріндегі түркі тілдерінің дамуы.
2. Жаңа түркі дәуіріндегі түркі мемлекеттері мен тарихи жәдігерлер.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


ОЖСӨЖ мазмұны:
1. Ә. Баһадурхан «Шежіре и түрік» ескерткішінің тілдік ерекшелігі.
2. З. Бабыр «Бабыр-наме» тілі.
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.


СӨЖ мазмұны:
1. Осман империясы кезіндегі түрік тілі.
2. Қазтуған, Асан, Жиембет жыраулар тілі.
3. Шал, Шалгез жыраулар тілі.
Тапсырмалар: жазба жұмысын дайындау. Әртүрлі әдебиеттерді қарастырып, тақырып бойынша материал іздеу.
Есеп беру түрі: реферат қорғау


Әдебиет:
1.Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Бүркітов О. Түркітану. А. 2000 ж. 3-16 беттер.
7.Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985. 3-10 беттер.
8. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітану кіріспе. Алматы, Ғылым, 1990-220 б.
9. Баскаков Н.А. Тюркские языки. М., 1960. 3-12 беттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет