Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15


Морфема – тілдің негізгі бірлігі. М.ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінді белгілі бір мағына береді. Қосымша морфема



бет27/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#140683
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Қ.Ғ.Аронов

Морфема – тілдің негізгі бірлігі. М.ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінді белгілі бір мағына береді.
Қосымша морфема - морфеманың бір түрі, қ.м. түбір морфемаға жалғанып оған қосымша мағына үстейді.
Дәріс тезистері.
Қ.М. іштей жалғау және жұрнақ болып екіге бөлінеді. Қ.м-ның түбір морфемадан басты ерекшелігі – лексикалық мағынасы болмайды, тек грамматикалық мағынасы болады; өзі жалғанған сөзге жаңа мағына береді немесе сөзтұлға жасайды; сөзді түрлендіреді; байланыстырушылық қызмет атқарады.
Негіз – сөздің өзекті бөлігі.Негізде зат немесе құбылыстың лексикалық мағынасы көрініс табады. Н.түбірден айырмасы бар. Н.түбір арқылы ғана жасалатын, белгілі бір сөз табына жатып, оның барлық категориялық тұлғасын қабылдайтын, сөзжасам нәтижесінде туындап, екіншілік мағына беретін тұлға.
Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің барлық топтарына тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде даралайтын мынадай морфологиялық ерекшеліктері бар:
а) Морфологиялық құрылыстың негізі – аффиксация. Олай болатын себебі – типологиялық жағынан жалғамалы топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді.
Сөздің морфологиялық құрылымы 3 элементтен: түбір мен суффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:

  1. Тек қана түбірден құралған сөз;

  2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтардан құралған сөз;

  3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан және де бір не бірнеше жалғаудан құралған сөз.

4-типтің құрамына мына тәріздес: түбір-жұрнақ (бір не бірнеше)-жалғау-аралас-қосымша-жалғау. Мысалы, дау-лас-қан-дар-дікі-нен,
ә) Сөз таптары түр жағынан басқа тілдердегі сондай типтерді негізінен қайталағанмен, олардан өзге шылаулар тобының бар екнімен ерекшеленеді. Шылаулар грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тілдерінлдегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайы жағынан олардан мүлдем өзгеше.
Б) грамматикалық категориялар жүйесінде мына тәрізді ерекшеліктер бар: 1) индоевропа тілдеріндегі зат есімдер жанды және жансыз құбылыстарды білдіруіне қарай грамматикалық категорияларға жіктелсе, түркі тілдерінде адамды және басқа заттар мен құбылыстарды білдіруіне қарай жіктеледі. Грамматикалық род категориясы жоқ; 2) тәуелдік жалғаулар және тәуелділікті білдіретін конструкциялар жүйесі бар. Грамматикалық категориялардың бұл түрлері басқа тілдердегі «быть» етістігімен келетін конструкциялардың мәні мен қөызметін атқарады; 3) абстрак көптік мәннің жекелік тұлға арқылы берілуі, ал көптік жалғаудың біршама нақты мәнді білдіруі; 4) көптік, жекелік тұлғалардағы сөздерге жалғаулардың өзгеріссіз, бірыңғай жалғануы; 5) тәуелдік септеудің бар екені; 6) атау тұлғанын көп мәнділігі; 7)шығыс септікті конструкциялардың салыстырмалы шырай мәнін беретіндігі;
ІІ. Тілдің морфологиялық құрылысының даму ерекшеліктері туралы айтқанда бір ескеретін жай – түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Бір кезде П.М.Мелиоранский Күлтегін ескерткішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етісті түбірге де жалғануының себебі сірә түбір атаулының омонимдес болуынан болған шығар деген ой айтқан еді. Кейінгі уақытта да түркі тілднріндегі есім, етістік түбірледің омонимдігі проблемелық мәселе ретінде жиі сөз болып жүр. Түбірлердің бұл ерекшелігі көбіне контекст құраммында айқындалады.
Сонымен, синкретизм дегенді қалай түсінуге болады? Синкретизм немесе синкретикалық түбірлер – грамматикалық мәні мен қызметі жағынан бірдей, бірөңкей болмайтын сөздер. Синкретизм термині тілдің тарихи даму барысына қатымты қолданылады да, қазіргі тілдің құрамындағы синкретикалық ұқсас сөздер әдетте омонимдер деп аталады. Сонда; айналып келгенде, синкретизм тарихи омонимдер болып шығады.
ІІІ. Сөз құрылымы түркі тілдерінде сөздің белгілі грамматикалық мән білдіре алатын бөліктерінен тұрады.
15практикалық сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы грамматика
Тапсырмалар:
1. Сөздің грамматикалық құрамы, басты ерекшеліктері.
2. Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет