Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет8/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#140683
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
2-СОӨЖ тақырыбы:
Оғұз группасы:
а) Оғұз-түрікмен подгруппасы
ә) Оғұз-бұлғар подгруппасы
Тапсырмалар: презентациялық слайдтар дайындау.
Есеп беру түрі: слайдтар арқылы әрбір студентке белгіленген тапсырмаларды қорғау.
СӨЖ тапсырмалары: Көне түркі жазба ескерткіштері: а) зерттелуі; ә) түрлері;б) тілі
Есеп беру түрі: жекелей бақылау тапсырмаларын орындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1992
2. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. М., 1986
3. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971
4. Қайдаров Ә., М.Оразов. Түркология кіріспе. Алматы., 1985
5. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.Алматы., 1994
6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999
7. Сабыр М. Сәдуақас Н. Көне түркі тілі. Орал, 2007
Үшінші апта
3 дәрістің тақырыбы: Түркі тілдерінің классификациясы
Қарастырылатын мәселелер:
1) фонетикалық жүйе;
2) морфологиялық құрылыс;
3) лексикалық қор
Терминдер мен анықтамалар.
Әдеби тіл – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшелген, сұрыпталған, нормаланған түрі. Мемлекеттік тіл сатысынан бір орын төмен тұрған тіл сатысының деңгейі.
Дәріс тезистері.
Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе түркі тілінің ортақ заңдылықтар,өз алдына дербес семья ретінде ерекшеленетін белгілер:
1.Фонетикалық жүйе бойынша
а) сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды.Бірінші буынды ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік- езулік болып жұптасатың 8 дауысты дыбыс жұмсалады. Кейбір тілдерде бұл 8 дауысты дыбыс 16-ға дейін көбейеді. Өйткені оларда дауысты дыбыстар әдеттегідей әрі созылыңқы дыбысталады. Түркі тілінің дауыссыздары басқа жүйелі тілдермен салыстырғанда, сапа, түр жағынан өзгеше фонетикалық жүйенің тағы бір ерешеліктері сөз екпіннің сөздің соңғы буынына түсетіндігі.
2. Морфологиялық. құрылыстың негізі – аффиксация. Себебі типолоргиялық жағынан жалғамалы (агглютинациялы) топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабастасып, қосарланып жалғана береді. Сөздің морфологиялық құрылысы 3 элементтен: түбір мен аффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:
1. Тек қана түбірден құралған сөз.
2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан құралған сөз.
3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан немесе бірнеше жалғаудан құралған сөз. Сонымен қатар 4 типі кейбірінің орын ауыстыруынан және қосымшалардың аралас түрінің қатысуымен жасалады. Мысалы: дау- лас-қан-дар-дікі-нен.
Шылаулар грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тілдеріндегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайлы жағынан олардан мүлде өзгеше. Жалғамалы тілдерде сөздердің орналасу тәртібіне сәйкес шылаулар өздеріне қатысты сөздерден кейін келеді. Ал басқа тілдегі предлогтар болса, өздері қатысты сөздердің алдынан айтылады.
3 практикалық сабақтың тақырыбы: Түркі тілдерінің негізгі жүйелік ерекшеліктері
Тапсырмалар:
1) фонетикалық жүйе;
2) морфологиялық құрылыс;
3) лексикалық қор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет