9-СОӨЖ тақырыбы:Түркі тілдеріндегі грамматикалық мағыналар
Тапсырмалар:
ә) грамматикалық формалар; б) грамматикалық тәсілдер
Есеп беру түрі:ауызша сабақ айту арқылы өз білімін байқату.
СӨЖ тапсырмалары: Түркі тілдеріндегі синонимдік аффикстер
Есеп беру түрі:ауызша сабақ айту арқылы өз білімін байқату.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 1. Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Әбдіғалиева Т. қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Докт. дисс. автореф. – А., 1998.
7. Аптағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы. – А., 1998.
Оныншы апта №10 дәрістің тақырыбы: Күрделі морфемалар
Қарастырылатын мәселелер: 1. Күрделі морфемалар олардың құрылысы
2. Күрделі есім тұлғалары
3. Күрделі етістік тұлғалары
Терминдер мен анықтамалар.
Грамматика – сөздің құрылысын, сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің және сөйлемнің құрылысын зерттейтін тіл ғылымының үлкен саласы.
Грамматикалық категория – тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына.
Грамматикалық мағына– сөздің нақтылы семантика және синтагмасымен жарыса отырып, оны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасы.
Күрделі сөздер- аналитикалық тәсіл арқылы екі я одан да көп сөзден құралып, бір лексикалық мағына беретін сөздер.
Қос сөз - екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер.