Тапсырмалар:
1. Этнолингвистика тарихы
2. Тіл мен халықтың байланысын қалай түсіндіресіз?
1-МОӨЖ тақырыбы:«Тіл және адам», «тіл және мәдениет», тіл және этнос» жөніндегі лингвофилософиялық концепциялар.
Тапсырмалар: Пәннің басты мақсат-міндеті, қарастыратын негізгі нысандар жүйесі. Басқа пәндермен байланысы туралы мағлұмат.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары:«Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген әйгілі концепцияның мағынасын ашып беру.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша): 1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998
3. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М: Академия, 2001. – 208 с.
4. Маслова В.А. Когнитивная линвистика. Минск: Тетра Системс, 2004.
Екінші апта №2 дәрістің тақырыбы: Қазақ этнолингвистикасының басқа пәндермен байланысы, өзіндік ерекшеліктері
Қарастырылатын мәселелер: 1. Этнолингвистиканың зерттеу объектісі
2. Этнолингвистика және мәдениеттану.Этнолингвистика және этнография. Этнолингвистика және этимология
3. Қазақ этнолингвистикасының өзіне тән ерекшеліктері
Терминдер мен анықтамалар:
«Этнос болмысы» — этностың ұлттық бейнесі,тарихи тұлғасы және ол туралы реальды шындық
«Індете зерттеу» - шартты түрде алынып отырған бұл терминнің мәнісі — зерттеушінің тілімізде күнделікті айтылып, жазылып жүрген («қолбала, елгезек») сөздермен ғана шектеліп қалмай, неөзі білетін, шеті көрініп тұрған, не ұмыт болған тіл фактілерінің «ізіне түсіп», лексикалык қордың қойнау-қолаттарынан іздеп тауып, түп тамырымен қопарып, түбегейлі айқындауға тырысу деген сөз.
1. Этнолингвистиканың зерттеу объектісі. Этнолингвистиканың зерттеу объектісін этностың тілі десек, оңдағы мақсаты — сол тіл арқылы этностың болмысын танып-білу болады. Алайда, бұл баршаға түсінікті нәрсе болып көрінгенімен, нақтылай келгенде, ол туралы әр түрлі көзқарастың барлығы, әркімнің әр түрлі бағытта әрекет етуі байқалады. Бір жағынан бұл заңды да құбылыс. Өйткені қай ғылым саласы болмасын, өзінің қалыптасуы дәуірінде ең алдымен бағыт-бағдарын, өз концепциясы мен принциптерін, зерттеудің тәсіл-әдістерін анықтап алуға тырысады. Сондықтан да этнолингвистиканын, объектілері мен мақсат-мүддесін айқындаудағы бұл тәрізді әр түрлі көзқарастарды сол ізденістердің жолдары деп қараған жөн.
Осы орайда, қазақ этнолингвистикасының да қалыптасу барысында айқындала бастаған өзіндік дәстүрі мен үрдісі, зерттеу объектісі мен әдіс-тәсілдері, ұстанған принциптері жоқ емес.Енді соларға тоқталып өтейік.
Этнолингвистиканың зерттеу объектісі — барлық жағдайда да этнос тілі екендігі айтылды. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым, білім, мәдениет т. б. салалар.
2. Этнолингвистика және мәдениеттану.Этнолингвистика және мәдениеттану(культурология). Этносты танып-білуге тұс-тұсынан атсалысып, өзіндік үлесін қосушы Коғамдық ғылым салаларының бірі — мәдениеттану (культурология) десек, ол этнос болмысының ауқымды да маңызды саласымен шұғылданады. «Мәдениет» жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі үғым.
Этнос мәдениеті ғылыми тұрғыдан былай анықталып жүр: «Этнические культуры — эти особые исторически выработанные способы деятельности, благодаря которым обеспечивалась и обеспечивается адаптация народов к условиям окружающей их природной и социально-культурной среды». Бұл - мәдениет — әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс. Өмір-тіршілік салты да, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология – осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз.
3. Қазақ этнолингвистикасының өзіне тән ерекшеліктері. Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың да мұқтаж екендігін көреміз. Мұндай жағдайда, әсіресе, мағынасы күңгірттенген бірліктердін мәнін ашып, жасалу мотивтері мен қолданыс шеңберін айкындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне жүгінуіне тура келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл практикасында мұндай фактілерді «халықтық этимология» (оны «жалған этимология» деп те атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі. Мұндай жағдайда бұл тәрізді «еркін» жоба-жорамалдарға дұрыс бағыт-бағдар беру қажет тәрізді.
Кейде этнолингвистикалык түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де этиимологиялык бір деректін өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмін. Мысалы, көне де байырғы «бөрі» сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарышқыр сөзін үлкен ғылыми этимологияға бармай-ақ, кырғыз тілінде мойны мен жақ сүйектерінің қарысып қалуына байланысты «қарышқыр» деп аталуы арқылы түсіндіруге де болады.
Айта кету керек, этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық факторларды пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда, керісінше, этнолингвистикалык деректер этимологияның негізгі үш— фонетикалық, семантикалық және морфологиялык, — принципіне қосымша дәйектеме ретінде пайдаланылып, этимология обьектісін уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи дәлдігі түрғысынан айқындай түсуде өз үлесін қосып отырады.
№2 практикалық сабақтың тақырыбы:Этнолингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысы қалай көрінеді?
Тапсырмалар:
1. Отандық этнолингвистиканың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?
2. Қазақ этнолингвистикасының негізін салған кімдер?