Этнолингвистика – гректің “ ethnos ” (халық, тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысынан зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың біте қайнаса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Этнос – ғылым ретінде өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір геолграфиялық ортада қалыптасып, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт – дәсүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы.
1. «Этнолингвистика» термині жайлы қысқаша түсінік
Этнолингвистика — этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір саласы. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика, статолингвистиика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да — «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол — этностың инсандык һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Осыған байланысты этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» деген үғым-түсініктерге ерекше мән береді. Өйткені бұлар жай термин ғана емес, бір таяқтын екі басы сияқты, бір-біріне етене қатысты, бірінсіз бірінің күні жоқ бір тұтас құбылыстың көрінісі іспетті. Бұл «этнолингвистика» терминінің атынан да, кұрамынан да (грекше ethnos — «халық» және латынша lingua — «тіл» > французша inguistigue — «тілтану») айқын көрініп тұр.
2.Этнолингвист ғалымдардың еңбегіне қысқаша шолу
Тiл фактiлерi тұнып тұрған тарих. Себебi, әртүрлi заттардың, құбылыстардың аты-жөнi, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрi де кейiнгi буындарға тек тiл деректерi арқылы ғана, яғни сол халық тiлiндегi сөздер мен сөз тiркестерi, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегiлер арқылы ғана келiп жетуi мүмкiн. Халықтың жалпы рухани өмiрiн, талай ғасырлық тағылым жүйесiн, ата-салтын, елдiк қасиетiн, ұлттық болмысқа тiкелей қатысты байырғы сөз қазынасын қайта түрлендiруде ерекше орын алатын тiл бiлiмi саласының бiрi – этнолингвистика. Өйткенi этно, фитотұрақты тіркестердiң өмiрге келуi, қолданыс ерекшелiктерi, халықтың өмiр туралы сан алуан пайым-байқауларынан, ойға түйгендерiнен әртүрлi қарым-қатынастар барысында айқындалатын сезiм, айшықты ой, психологиялық жай-күйi т.б. факторлар негiзiнде пайда болуына этнолингвистика ғана толық та жан-жақты жауап бере алады. Тiл бiлiмi тарихын зерттеушiлер этнолингвистикалық зерттеулердiң кейбiр көрiнiстерi И.Г. Гердерде (XVIII ғ.), В. Гумбольдтте (XIX ғ.), яғни «Гумбольдтовское понятие «народного духа» лежит в основе этнолингвистики, считающей каждый язык воплощением особой этнической культуры, народного духа, национального мировоззрения и языкового гения»,– деген пікіріне қатысты болғанын, бiрақ этнолингвистика жаңа бағыт ретiнде XX ғ. басында пайда болғанын жазып, оны жазба тiлi жоқ америкалық үндiстердiң тiлi мен мәдениетiн зерттеген этнограф ғалымдар Ф. Боас және Э. Сепир аттарымен байланыстырады. Э.Сепир: «Чрезвычайно важно, чтобы лингвисты, которых часто обвиняют – и обвиняют справедливо в отказе выйти за пределы предмета своего исследования, наконец, поняли, что может означать их наука для интерпретации человеческого поведения вообще. Нравится ли им или нет,но они должны будут все больше и больше заниматься различными антропологическими,социологическими ипсихолингвистическимипроблемами которые вторгаются в область языка», – деп көрсеттi .Сепирдiң ықпалымен «этнолингвистика» тiл ғылымында термин ретiнде орнықты.
3. «Этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» және т.б. терминдерге қысқаша түсінік
Жоғарыда этнолингвистика о бастан-ақ екі ұдай объектінің — эт¬нос және оның тілінің — ортасынан туындаған ғылым саласы дедік. Демек, бұл этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойыңдау, «Этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды» деген қағиданы нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз.
Енді осы «этнос» деген тарихи күрделі ұғымды сол қалпында ала салмай, этнолингвистика мақсатына орай «этнос болмысы» деген ұғыммен алмастыруымыздың себебіне келсек, ол да ойға қонарлық уәжсияқты. Біріншіден, біз этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас бейнесін, барша болмысын анықтағымыз келеді; екіншіден, этностуралы толық мағлұмат тек оның тіл қазынасында ғана сақталады. Этностың шынайы болмысын басқа (мәс., этнология, антропология, археология, этнография т. б.) ғылымдар дәл этнолингвистикадай айқындай алмайды.
№1 практикалық сабақтың тақырыбы: «Этнос және тіл» ғылыми аренада.