сипатталатын саяси мәдениеттің демократиялық, тоталитарлық және
авторитарлық типтерге
бөлінетіндігін есте сақтаңыз;
- жеке тұлғаның өзін қоршаған саяси ортамен қарым-қатынасының түрлі
тәсілдерінің бар екендігін ескеріп, нәтижесінде олардың өмір сүріп отырған
саяси институттармен саяси қатысу және абсентеизм сияқты өзара
әрекеттестікке түсетіндігіне
назар аударыңыз;
- мәдениеттің дәстүрлі формалары мен кеңес дәуірінің мәдени-рухани
көзқарастарының көріністері және жаңарған типтегі жүйелерге тән
құндылықтар мен арман-мұраттар тоғысқан қазіргі Қазақстан жағдайындағы
саяси мәдениеттің ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Үшінші сұрақ бойынша:
- саяси қатысуды жеке тұлғаның өз мақсат-мүдделеріне жету жолындағы
билік институттарының қызметі мен саяси шешімдерді қабылдау үдерісіне
ықпал етуге бағытталған саяси қызметі деп түсіну керек;
- азаматтардың елдің саяси өміріндегі, оның
ішінде жеке тұлғалардың
сайлау науқандары кезіндегі электоралдық мінез-құлқы, өз кандидаттарын
қолдау жолындағы саяси белсенділердің қызметі, саяси партия мүшесі ретінде
ұйым қызметіне саналы түрде ат салысу сияқты саяси қатысу түрлеріне талдау
жасаңыз;
- жеке тұлғаны елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуына шешім
қабылдауға
ынталандыратын,
субъектіні
саяси
қызметке
араласуға
итермелейтін факторлар мен жағдайларды қарастырыңыз.
Бақылау сұрақтары.
1. Саяси мәдениет дегеніміз не?
2. Саяси мәдениет қандай элементтерден тұрады?
3. Саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси институттарға қалай әсер ете
алады?
4. Жеке тұлғаның саяси мінез-құлық үлгілері,
формалары мен
қалыптарының қалыптасуы қалай жүзеге асады?
5. Жеке тұлғаның саяси қатысуының басқа саяси мінез-құлық
формаларынан ерекшелігі қандай?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы.
1. Саяси мәдениеттің үлгілері (таңдау бойынша) туралы талдаулық
анықтама дайындау
Достарыңызбен бөлісу: