Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»



бет30/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

Сан есім



1. «Мыңдаған» сөзі сан есімнің қай түрі, белгіле

А) топтау
В) реттік
С) есептік
Д) бөлшектік
Е) болжалдық

2. Топтау сан есімін белгілеңіз

А) он мың,
В) сегіз-сегізден
С) бір жарым
Д) алтау
Е) жүздей

3. Сан есімнің мағыналық тобына жататынын көрсетіңіз

А) дара, күрделі
В) бөлшектік. есептік
С) негізгі, туынды
Д) қосу тәсілі
Е) көбейту тәсілі

4. Көбейту тәсілі арқылы жасалған күрделі сан есімді белгілеңіз

Абіржүз бір
В) он екі
С) жеті жүз
Д) бесеу
Е) біраз

5. Қосу тәсілі арқылы жасалған күрделі сан есімдер

А) сексен тоғыз
В) үш мың
С) сегізінші
Д) бірсыпыра
Е) миллион

7- семинар сабақтың тақырыбы: Есімдік
«Есімдік» тақырыбы бойынша оның жеке сөз табы ретіндегі қалыптасу белгісіне орай, сөйлемде орынбасар сөздің қызметін атқаратын мәніне байланысты солай түрленетін ерекшеліктері мен сөйлемдегі қызметін ғылыми-практикалық тұрғыда меңгеруге берілетін сұрақтар:

  1. Есімдіктің семантикалық сипаты, орынбасарлық қасиеті

Есімдіктер – мағынасы тым жалпы сөздер. Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке –дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алғанда, мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. Мысалы: мен, сен, сол, кім?, не?, өзі, бәрі, біреу, ештеңе т.б. есімдік сөздердің мағынасына көңіл бөлейік. Бұл сөздерде дәл осылай жеке –дара тұрғанда ешбір мағыналық дәлдік, мағыналық нақтылық жоқ. Мен деген есімдік түптеп келгенде –«1 –жақ –сөйлеуші», сен деген есімдік «2 жақ –тыңдаушы», кім?, біреу –дегендер әйтеуір «адам», ештеңе –әйтеуір бір «зат» т.б. сияқты жалпылама берілетін ұғымдарды ғана көрсете алады. Бұлардың түп негізінде «сөйлеуші», «тыңдаушы», «адам», «зат» т.б. сияқты заттық ұғымдар аңғарылғанымен, олар нақтылы түрде айқын, анық болып берілмейді, өте жалпылама қалыпта ұғынылатын мағыналар есебінде беріледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет