Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Есімдіктің сөз табы ретінде грамматикалық категорияларға түрленуі



бет31/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

Есімдіктің сөз табы ретінде грамматикалық категорияларға түрленуі

Есімдік – лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған. Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздөр деп те атайды.Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; .7) белгісіздік есімдігі.

  1. Жіктеу және сілтеу есімдіктерінің септелу ерекшеліктері

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы: жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау

мен

сен

ол

Ілік

менің

сенің

оның

Барыс

маған

саған

оған

Табыс

мені

сені

оны

Жатыс

менде

сенде

онда

Шығыс

менен

сенен

онан (одан)

Көмектес

менімен

сенімен

онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет