Синтетикалық тәсілдің қазақ тілінде ең жиі кездесетіні қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Әсіресе форма тудыратын қосымшалар арқылы неше алуан грамматикалық мағына беріледі: көптік, тәуелдік, жақтық мағыналар, жіктік жалғау арқылы жақтық, жекешелік-көптік мағыналар, септік жалғаулары арқылы қимыл, іс-әрекеттің иесі, меншіктілік, тура және жанама объектілік, мезгілдік, мекендік-бағыттық, құралдық-амалдық сияқты мағыналар, шырай жұрнақтары арқылы бір тектес сынның салыстырмалы я күшейтпелі сипаты, етіс жұрнақтары арқылы қимыл, іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынастарды білдіру, болымсыз етістік жұрнағы арқылы сол қимылдың болмауы, шақ жұрнақтары арқылы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болып кеткенін, я болып жатқанын, я әлі болмағанын (шақтық мағыналарды) білдіруі рай тұлғалары арқылы қимылдың болу-болмау шартын, тілек-ниетін, біреуге бұйыруын т.б. білдіруін көрсетуге болады.
Мысалы, жоғарыда берілген екі мысалдағы су-ға, біт-пе-с, өт-кен-ге, күл-е-міз, жыла-п, дәме ет-кен-ге, және жаса-ма-й-мын, еңбек-тің, жеміс-і-н, көз-бен, көр-е-м(ін), жаса-й-мын, кейінгі-ге, бер-е-м(ін) сөздерді алып қарай-ық. Су (жалпы зат атауы, деректі т.б.) түбірге -ге қосылу арқылы жалпы объект, қимылдың бағыты, орны мағына-сы үстелген. Сондай-ақ біт қимылының -пе болмайты-нын, орындалмайтынын -с шақтық мағына, өт қи- мылы-на -кен өткен шақтық мағына -ге септік – мақсаттық мағына, күл іс-әрекет -е ауыспалы осы шақ мағынасын, -міз қимылдың 1-жақ және көпше (көп субъект арқылы) орындалатынын, жыла қимылына -п қимылдық амалын, (дәме) ет қимылына -кен өткен шақтық -ге себептік – мақсаттық мағына, күл іс-әрекетке -с ауыспалы осы шақ мағынасын,-міз қимылдың І-жақ және көпше (көп субъект арқылы) орындалатынын, жыла қимылына -п қимылдық амалын, (дәме) ет қимылына -кен өткен шақтық -ге себептік-мақсаттық мағына, жаса іс-әрекетке -ма болымсыздық мағынаны –й ауыспалы осы шақ мағына, -мын қимылдық 1-жақ арқылы жалғыз (жекеше) орындалатынын, еңбек жалпы зат ұғымының -нің меншіктілік-иелік (жемісін) мәнін, жеміс жалпы зат ұғымының -і 3-жаққа (еңбек) тәуелді екенін -н белгілі қимылдың (көру) тура объектісі екенін білдіру, көз жалпы зат ұғымының -бен құралдық, амалдық мәнін, көр іс-әрекетке -е ауыспалы осы шақ мәнін -м -мін осы қимылдың 1-жақ арқылы жалғыз (жекеше) орындалатынын, жаса іс-әрекетке -й ауыспалы осы шақ, -мын осы қимылдың 1-жақ арқылы жалғыз (жекеше) орындалатынын кейінгі қатыстық мәнге -ге жанама объектілік (және субъективтік) мән, бір қимылға -е ауыспалы осы шақ мәнін, -м ( -мін) осы қимылдың 1-жақ арқылы жалғыз (жекеше) орындалатынын білдіреді.
Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің барлық түрлері дерлік кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде, әдетте ол сөздердің сол тұлғаларында бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтамыз. Бұл - әсіресе түбір тұлғадағы зат есімдердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан анық көрінеді. Мысалы, Мықшима аяғымда былғары етік, Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп (Абай). Бұл сөйлемдердегі былғары, киіз сөздері заттық мағынада емес, етіктің, байпақтың, қазықтың, үйдің қатыстық-сындық сипаты мәнінде яғни осы соңғы заттардың неден жасалғанын білдіру мәнінде қолданылған. Зат атауын білдіретін сөздердің бұндай әдеттен тыс ерекше грамматикалық мағыналары ол сөздердің заттық мағынаны білдіретін екінші сөзбен тікелей тіркесінен пайда болған. Сол сияқты қол сағат, қалта сағат, қабырға сағат, алтын сағат, жібек орамал, тас үй, тас жол, киіз үй, кірпіш үй, ағаш үй, оқушы бала, т.б. тәрізді тіркестердің бірінші зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық мәнді білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап береді. Сөз жоқ, бұл жерде сөздердің орын тәртібі де белгілі дәрежеде рөл атқарып тұрғанын естен шығаруға болмайды.