Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Қазақ тіліндегі нолдік формалар мыналар



бет5/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

Қазақ тіліндегі нолдік формалар мыналар:
1.Атау септік. Ол зат есімнің түбір тұлғасынан бөлек, мағынасы субстанттық, иелік мәнді білдіреді. Қызметі жіктік жалғаулы сөзбен (баяндауышпен) жақ арқылы байланысып, бастауыш болады.
2.Ілік және табыс септіктердің жасырын түрі. Бұларда да меншіктілік-қатыстық және тура объектілік мағына сақтала отырып, тілде ілік, табыс септіктерінің жасырын түрі үлгі (конструкция) ретінде жеке қолданылады.
3.Тәуелдік жалғаудың нольдік формасы: біздің үй, сіздің ауыл, өзіміздің бала, Базарбайдың Төлеген, т.б.)
4.Жіктік жалғаудың 3-жағы. Көсемшенің –а,-е,-й,-ып,-іп,-п, бұйрық рай тұлғаларынан басқа сөздер 3-жақты жіктелгенде, арнайы жалғауы болмайды, бірақ бастауышпен 3-жақ арқылы қиыса байланысып тұрады.
5.Бұйрық райдың жекеше анайы 2-жағы. Бұл сырттай етістіктің түбір тұлғасымен сәйкес келеді, бірақ екеуі бір емес. Бұйрық рай – етістіктің таза грамматикалық формасы. Бұйрық райдың 2-жағындаы көпше түріндегі (-ыңыз, іңіз,-ңыз,-ңіз) қосымшаның алғашқы –ың,-ің, -ң бөлегі осы бұйрық райдың 2-жақ көрсеткіші болып, кейін түсіп қалған болу керек.


Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. - Алматы, 1992.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1964, 1991
3. Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. (Авторлар бірлестігі). –Алматы, 2005. 198-216 бб.


Дәйектеме: Тілдің грамматикалық құрылысын, оның негізгі ерекшеліктерін тануда тілдің грамматикалық құрылысына тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды анықтап, олардың ерекшеліктерін, сипатын анықтау қажет. Грамматикалық мағына мен оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және ол екеуінің жиынтығынан құралған грамматикалық категория – бәрі негізгі грамматикалық ұғымдар болып табылатындығы. Грамматикалық мағына – сөздің тым жалпы мағынасы, сөздің түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің немесе басқа да сөздермен түрлі қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және олар ортақ қасиеттері негізінде бір грамматикалық топтарға бірігетіні. Жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай грамматикалық мағына жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына, қатыстық грамматикалық мағына болып бөлінеді. Грамматикалық форма – сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрінісі, әрі белгілі мәндегі грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі. Сөзге, түбірге жалғанатын не тіркесетін қосымшалар, префикстер, жүйелі ішкі флекция, суплетивтік тәсілдер - грамматикалық форманың берілу түрі. Грамматикалық категория - белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық көрсеткіштер жүйесінен тұратын тілдік құбылыс. Грамматикалық категория болу үшін, ең алдымен грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың байланысы, екіншіден, олардың бір-бірімен сәйкестігі, үшіншіден, бір ғана грамматикалық мағына грамматикалық категория құрай алмайтыны, өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы бірнеше грамматикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі болатыны. Морфологиялық сипаты жағынан лексика-грамматикалық және таза грамматикалық категориялар болып бөлінетіндігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет