Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Қазақ тіліндегі нолдік формалар мыналар



бет6/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

Қазақ тіліндегі нолдік формалар мыналар:
1.Атау септік. Ол зат есімнің түбір тұлғасынан бөлек, мағынасы субстанттық, иелік мәнді білдіреді. Қызметі жіктік жалғаулы сөзбен (баяндауышпен) жақ арқылы байланысып, бастауыш болады.
2.Ілік және табыс септіктердің жасырын түрі. Бұларда да меншіктілік-қатыстық және тура объектілік мағына сақтала отырып, тілде ілік, табыс септіктерінің жасырын түрі үлгі (конструкция) ретінде жеке қолданылады.
3.Тәуелдік жалғаудың нольдік формасы: біздің үй, сіздің ауыл, өзіміздің бала, Базарбайдың Төлеген, т.б.)
4.Жіктік жалғаудың 3-жағы. Көсемшенің –а,-е,-й,-ып,-іп,-п, бұйрық рай тұлғаларынан басқа сөздер 3-жақты жіктелгенде, арнайы жалғауы болмайды, бірақ бастауышпен 3-жақ арқылы қиыса байланысып тұрады.
5.Бұйрық райдың жекеше анайы 2-жағы. Бұл сырттай етістіктің түбір тұлғасымен сәйкес келеді, бірақ екеуі бір емес. Бұйрық рай – етістіктің таза грамматикалық формасы. Бұйрық райдың 2-жағындаы көпше түріндегі (-ыңыз, іңіз,-ңыз,-ңіз) қосымшаның алғашқы –ың,-ің, -ң бөлегі осы бұйрық райдың 2-жақ көрсеткіші болып, кейін түсіп қалған болу керек.
Жаттығу блогі
1-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарын ажыратыңыздар.
Сыртын көріп ішінен түңілме (Мақал). Ол қанша артта қалса да, пікірі алда (Ғ.Мұст.). Рақмет, концерт те өздеріңізде екен (Ғ.Мұст.). Менің іштегі суды сыртқа төгуімнен, сырттағы судың ішке құйылуы басымырақ боп кетті (С.Мұқанов). Өмірі Қатшаға мұнша көп шешіліп сыр айта қоймаушы еді (М.Әуезов). Аспан да, жер де сұп-сұрғылт (Қ.Жұмаділов). Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес (Абай). Құдық басында, кешкі ауыл сыртында... Абай сөздерін бұларға оқытып, отырып тыңдайтын Дәркембай, көп кәрі-жас бар (М.Әуезов).


Сыртын көріп ішінен түңілме (мақал) лексикалық мағына
Көп ішіліп сыр айту (тұрақты тіркес) лексикалық мағына
Ой артынан ой туар желге мінсе жеткізбес ( мәтел) лексикалық мағына
Қалғандары грамматикалық мағына


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет