А)арнайы грамматикалық мағынаның берілуі; Б) грамматикалық форманың белгілі бір көрінісі;
С) грамматикалық мағынаның грамматикалық формасының болмауы;
Д) сөз бен сөзді байланыстыру қасиеті;
Е) сөздердің түрленуі.
2- семинар сабақтың тақырыбы: «Тіліміздегі сөздерді таптастыру ұстанымдары» Тақырыптың мазмұнын ашуға берілетін сұрақтар: Қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағынасына қарай топтарға бөлінуі
ЖАУАБЫ:Қазақ тілінде сөздерді таптастырудың негізгі принциптері мен басты критерийлерін меңгере отырып, сөздерді сөз таптарына бөле білу және әрбір сөз табының өзіне тән белгілерін ажырата білу, сөз таптарының шығуы, қалыптасуы мен даму процесін игеру, практикалық жағынан сөйлемдегі әрбір сөздің қай сөз табына жататынын, қандай грамматикалық, лексика-грамматикалық белгілері бар екенін талдап ажырату.
Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық (формальдық) белгілеріне қарай, ең алдымен, үш үлкен топқа бөлінеді. Олар-атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер. Бірден айта кету керек, бұндай түсініктің қателігі-тілдегі грамматикалық құбылыс пен лексикалық құбылыстың өзара айырмашылығын, олар тілдің бөлек-бөлек деңгейі екенін ажырата алмау болып табылады. Сөздерді атаушы, көмекші және одағай сөздер деп бөлуде морфологиялық белгілердің (ол қандай екені де онша түсінікті емес, бәлкім формальдық дегені түрлену-түрленбеу сипаты яғни формалық шығар) ешбір қатысы жоқ, өйткені атаушы сөздердің де түрленетіндері (зат есім, есімдіктің біразы, етістік) бар, түрленбейтіндері (сын есім, сан есім, есімдіктің кейбірі, үстеу) бар, сол сияқты көмекші сөздердің де түрленетіндері (көмекші есім, көмекші етістік) бар, түрленбейтіндері (шылау, еліктеуіш сөздер) бар. Сондықтан морфологиялық белгі я белгілер сөздерді атаушы, көмекші, одағай сөздер деп бөліп жіктеуге негіз, тірек бола алмайды. Бұл – бір. Екіншіден, семантикалық белгі деген де нақты, дәл емес, өйткені лексикалық семантика бар да, олай болса ол лексикалық мағынаға негізделеді, онда лексикалық немесе лексика-семантикалық белгі деп нақтылаған жөн болар еді, сондай-ақ грамматикалық семантика бар, олай болса ол-грамматикалық мағынаға негізделеді.
Сөздерді сөз таптарына ажыратуда сөздің лексика-грамматикалық сипатына қарай семантикалық ұстану дегенді қалай түсінуге болады?
ЖАУАБЫ:Сөздерді таптастыру қағидаттарына қатысты А. Ысқақовтың пікірін сараласақ, ғалым тілдегі барлық сөздерді таптастырғанда олардың лексика-семантикалық жəне грамматикалық жақтары бірдей ескерілуі керек деген тұжырым жасайды. Ал сөз табының аталған қырларын, яғни семантикалық, морфологиялық жəне синтаксистік жақтарын дұрыс анықтау үшін осы белгілерді толық қамту қажет. Тек сонда ғана сөз табына енетін сөздің мазмұны, морфологиялық формасы мен синтаксистік қызметі толық анықталады. Бұл белгілердің сөз таптарына енетін сөздердің барлығына тəн бола бермейтіндігін ескерсек, сөздерді таптастыру қағидаттарының сөз таптары жүйесіндегі қызметі мен сипаты да бірдей болмайды. Сондықтан кейбір сөз таптарында таптастыру қағидаттарының бірі негізгі болса, басқасы жанама болуы немесе ол сөз табына қатысы басқаша сипатта көрінуі де əбден мүмкін. Мысалы, одағай, еліктеу сөздер мен шылаулардың түрленбеуі олардың морфологиялық белгісі ретінде танылады. Соның негізінде оларды сөз табы ретінде анықтауда осы белгісі негізге алынады.
Сөздердің грамматикалық сипатына, түрлену жүйесіне қарай морфологиялық принципті ұстану деген не?
ЖАУАБЫ:Сөздерді грамматикалық топтарға яғни сөз таптарына жіктеуде , топтастыруда ұсынылатын басты принцип – семантикалық принцип(грамматикалық-семантикалық). Екіншіден, осындай грамматикалық топтарға белгілі – белгілі өзіндік түрлену жүйесі, өзгеру, тұлғалық парадигмасы немесе бұған қарама-қайшы түрленбеу, тұлғалық өзгеріске түспеу тән болып келеді. Сондықтан түрлену жүйесіне негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді топтастырудың екінші негізгі морфологиялық принцип сөздердің түрлену жүйесі болып табылады. Мысалы: зат есім мен етістік түрленетін сөз табы болып есептелсе, сын есім мен үстеу түрленбейтін сөз табына жатады. Сөздерді топтастырудың үшінші синтаксистік принципі сөздердің сөйлемде өзіне тән белгілі қызмет атқаруымен және сол сөздермен тіркесу сипатымен яғни қандай топтағы сөздермен қалай тіркесе алуымен байланысты.Осы көрсетілген принциптер негізінде атаушы сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп қарауға болады: зат атауын білдіретін – зат есім, заттың әр түрлі сынын , қатыстық белгісін білдіретін – сын есім , заттың сандық мөлшерін білдіретін – сан есім, сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер – есімдік, қимыл іс-әрекетті білдіретін – етістік, қимыл іс-әрекеттің әр түрлі сипатын (амал, мезгіл, мақсат, себеп) білдіретін – үстеу, дыбыстарға, қимыл-қозғалыстарға еліктеп аталатын – еліктеу сөздер болып бөлінеді. Осы атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылау және одағай сөздер мен модаль сөздер де жеке-жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты(көңіл-күй я модальдылық) мәндер қосады. Сөйтіп, қазақ тілінде А.Ысқақов, Қазақ тілі грамматикасында тоғыз сөз табы көрсетілсе, С.Исаев оныншы сөз табы ретінде модаль сөздерді қосады. Ғалым модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қатарға қосып отыр. 2002 жылғы Қазақ грамматикасында модаль сөздер жеке сөз табы ретінде қаралған.
Сөздерді сөйлемдегі қызметі мен тіркесу қабілетіне қарай сөз табына ажыратуда синтаксистік принципті ұстануды қалай ұғасын
ЖАУАБЫ:Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын-грамматикалық единицалар-тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек-бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздін, дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамнын, ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады.
Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздін, өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнін, құрамында болады. Әлемдегі жан-жануарлардың күнелту табиғи айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де «табиғи» жұмсалу «айналасы», өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады.
Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір грамматикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның, бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бүрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай ерекшеліктері, жақын үқсастықтары болады.
5. Сөз таптарының шығуы мен дамуы және казақ тіліндегі сөз таптарының саны туралы қандай соң пікірлер бар?
ЖАУАБЫ:1914 жылы баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың "Тіл құрал" атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген.