Семинар тақырыбы: «Жазылым дағдысын дамыту: аргументативті эссе жазудың жолдары мен бағалаудың талаптары»



бет2/6
Дата13.04.2023
өлшемі39,91 Kb.
#82401
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Салыстырмалы немесе кереғар. Салыстырмалы немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.




  • Дәлелдеме. Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.


  • Аргументтік. Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.


  • Әдеби. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.



ЭССЕ:

  • білім алушының пәндік білімі мен білігін танытатын қорытынды жазба жұмыс түрі;

  • студенттің қысқаша ғылыми жұмысы, яғни студенттің тар шеңбердегі өзекті сұрақты шешуі;

  • Эссенің басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігі – берілген тақырыпты қысқа әрі нақты жеткізе білуінде.

ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ЖОЛДАРЫ:
ТАҚЫРЫПТАН АУЫТҚЫМА!!!

  • Өзіңді қызықтыратын тақырыпты таңдасаң, эссе жазу оңайырақ болады. Егер ондай тақырып таңдай алмасаң, онда тереңірек таңдаған тақырыпқа зерттеу жүргізіңіз.

  • Тақырыптан ауытқымау өте маңызды...тақырыптан ауытқу бағаның төмендеуіне себепші болады.

  • Негізгі және қосалқы бөлімдерге бөл.

  • Дәлелдер мен жеке пікірлерді логикалық реттілікте қойып, ойларыңызды дамытыңыз.

ЖОСПАРЛА!

  • Жоспарлау эссені қалай бастау керек екендігіне және эссенің реттілігін анықтауға көмектеседі.

  • Эссе хронологиялық реттілікте орналасуы қажет, себебі хронологиялық реттілік оқырманға жеңілдік жасайды.

  • Дәлелдерді жинап, әр бөлімнің астына жазып отыр.

  • Идеялар тізімі эссе жазуды жеңілдетеді.

  • Эссені жазуды бастамастан бұрын, реттілікті сақтай отырып жоспарла, себебі кейбір пунктілер умытылып кетуі мүмкін.

КІРІСПЕ

  • Тақырып және эссенің мақсаты

  • Эссенің реттілігін корсетеді

  • Оқырманды қызықтырады

  • Болжайды

  • Келіспеушілік – Қандай жолмен шешімге келесің?

  • Мәселе - Сенімін/стереотипті талқылайды

  • Кіріспе эссенің қызықты әлде қызықсыз болатындығын көрсетеді. Бұл оқырманға эссе жайлы алғашқы пікір тудырады, сондықтан басынан бастап қызықтыруға тырыс!

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • Мағынасы бар. Логикалық, сендіретін дәлелдер мен тіл.

  • Тақырыптан ауытқымау және қайталамау.

  • Дәлелдер сенің пікіріңмен ұштасуы керек.

  • Параграф пункттері.

  • Пунктінің түсіндірмесі (толық мағлұмат беру)

  • Мысалдар (дәлелдер идеямен байланысатын)

  • Орындылығы (неге?) Қысқаша қорытынды

  • Келесі параграфпен байланыстыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Негізгі идеяларды қорытындыла. Жаңа мағлұматтарды енгізбе.

  • Негізгі идеялар оқырманға түсінікті болуы керек.

  • Ұсыныс жасау, жауап беру, қолдау, бейнелеу, түсіндіру және маңыздылығын көрсету өте тиімді.

  • Эссенің маңызы және одан алған мораль.

  • Эссені аяқтайды.

ЭССЕНІ ТЕКСЕР!

  • Кіріспе – эсеннің мақсаты.

  • Негізгі бөлім - реттілігі.

  • Қорытынды – жалпылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет