3 семинар тақырыбы: Жеке тұлғаны дамытудың және тәрбиелеудің жас және жекелік ерекшеліктері
Мақсаты: Тұлға дамытудың және тәрбиелеудің жас және жеке ерекшеліктерін талдауға
үйрету
Жеке тұлғаның дамуында жеке ерекшеліктерді есепке алу мәселесі.
Жеке тұлғаның дамуында жас ерекшеліктерді есепке алу мәселесі.
Мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырыптың әдебиеттері бойынша 5-7 библиографиялық карточкалар жазыңыз, таңдалған әдебиеттерге өз аннотоцияларыңызды құрастырыңыз.
Өткізу формасы: жұптық жұмыс
Бағалау критерилері: Студенттер педагогиканың басқа ғылым салаларымен өзара байланысын орнатады.
Әдебеттер: [қосымша әдебиет 2; 4; 6; 19 ]
1-2. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен тәрбиесі дамуы ұғымдарына сипаттама
Жеке тұлғаның дамуына негізгі үш фактор: тұқым қуалаушылық (ішкі жағдайлар санасыз орта және тәрбие сияқты әсерлер саласы, ықпал етеді). Осы үш фактор жеке тұлғаның дамуына қалай әсер ететіндігін, бұлар өзара қандай қарым-қатынастарда болатындығы туралы мәселенің зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Сондықтан осы үш фактор өзара тығыз байланыста болып, дамуға бірігіп ықпал еткенімен, әрбір фактор мен олардың көрсетерін ықпалын жеке алып қарастырған дұрыс (балалық тумысынан берілген табиғит фонділер. Жеке тұлғаның дамуы биологиялық заңдылықтар арқылы да анықталады. Жеке тұлға өзін қоршаған орта мен күрделі қарым-қатынас орнатып, сол ортаны өзгертуге араласады, өзінің өмір сүру процесі кезінде көптеген нәрселерді шешеді. Жануарлар дүниесінің ұзақ эволюциясы нәтижесінде адам жоғары дәрежелі нерв жүйесіне, үлкен ми сыңарлары (жарты шардың) қыртысының тым нәзік құрылысына ие болып отыр. Осының бәрі адамды күрделі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Адам табиғатының зор табысы сонда, оның үлкен ми сыңарлары икемді келеді, соның нәтижесінде адамдар
күрделі байланыстар, қатынастар жасайды.
Екінші сигнал жүйесі арқылы терең топшылылаушылар, қорытындылар, жинақтаулар
жүргізіледі. Адам тибиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу қасиеттері және жеке өз басына байланысты музикалық сезімталдығы т.б. нышандар қоры болады: көру, байқау рецепторларының ерекше сезімталдығы, суретшілік қабілетінің негізінде болады. Ортадағы жағдайлардың сәл өзгерістігін сезу, барлаушылық қабілеттерге негіз болады.
Ең соңында баланың табиғи фондасындағы нерв әрекеттері типінің мәні зор. Себебі ол нерв процестерінің (қозу, тежеу т.б.) жүру ерекшеліктерін белгілейді.
Қоғамдық өмір мен іс-әрекет процестерінде табиғаттан ала келген баланың сезім органдары (түртүсті жіктеу, байқау, дыбысты есту, музикалық сезім). Қарым-қатынас процестерінде оның сөзі дамиды.
Сөз топшылау (қорытындылау) құралына айналады. Сөйлеу мәнері сөздік қарым-қатынас осының бәрі табиғаттан алынған нышан – сана екінші сигнал жүйесі болып есептеледі. И.П.Павловтың ілімі бойынша даму ішкі нерв жүйксінің қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі. Тұқым қуалаушылық ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығы. Организмнің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, қабілеттерінің дамуына қажетті табиғи мүмкіндіктерді нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды оны қозғау және дамыту тәрбиеге,
әлеуметтік жағдайға байланысты.
Жеке тұлғаның дамуында орта негізгі фактор Орта дегеніміз адамның өмір сүретін әлеуметтік қоршауы. Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-анасы мектеп және әлеуметтік орта ықпал етеді.
Олар қоршаған ортадан өзінің дамуына қажетті талабына, нышанына сай деректерін алады. Бала ата-анасы мұғалімдер, отбасы мүшелері, мептептегі жолдастарымен әр салалы қатынас орнатады. Міне осы қатынастар оның қалыптасуна шешуші роль атқарады. Мыс: ұлы жазушылардың табиғи қабілеттерің дамуына өскен ортасы, отбасы дәстүрі, пікірлес достарынң зор ықпал тигізетіні белгілі, бірақ ортаның өзі балаға тағдырлы түрде әсер ете алмайды. Баланың өмірі сол ортаның талаптары мен сол ортадағы шындықпен ондағы адамдармен байланысты болады. Қорытынды:
биологиялық фактормен баланысты қоршаған ортаның арасындағы өзара тығыз байлыныстылық болады. Өмірді мақсатты түрде ұйымдастыру арқылы ғана баланың табиғаттан ала келген қасиеттері дамытылады.
3. мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай
кезеңдерге бөлу қабылданды:
1)төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа жейін);
2)негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезен (12 жастан 15 жасқа дей-ін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
Кітап оқуын ұйымдастыра
Экскурсия
Жорық
Көтеріңкі
Әрбір қадамын ойлап, әрбір сөзді байыпты
сөйлеуі, қарым-қатынасты тұрыс құруы
Беру жүйесін жасау, бақылау
Ерікті зейін, ерікті ес қабілетін, қабылдау
ойлау әрекеттерін бала өзі реттейді
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері баланың бұрынғы
дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі саты-сына көшуге дайындап
отырады.
Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыла-рының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол
ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай
алмайды. Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді.
Алаңсыз балалық шақта баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті
іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап
етеді. Мектепке бару баланың қоғам-дағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған
бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың коғамдағы жағдайын өзгертіп
бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектеп
тің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын
молайып, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқытудың алғашқы сатысында олардың өмірлік
тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінезқұлықтың
жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың
қалыптасуына жағдай туғызады.
Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады.
Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді.
Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды.
Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың
табиғат құбылыстары, адамдардың өміpi туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық
ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі – олардың
маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым
қатынаста болғанды жақсы көреді. Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу.
Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта
жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс
кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жекe бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тап-сырмалар беріп,
оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге
бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұ-мыстарға байланысты талаптарды жүйелі
қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру,
ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың қажет
екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды
жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте
сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама,
оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ , өз ойын ауызша, жазбаша түрде
беруге үйретеді. Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін
мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан
жиіркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл
қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі
спортойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында
сыныпжетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін еліктеуге бейімділітін
пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым
қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік
сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аудара-тын мәселе — баланың мінез-құлқының көпшіл
де кең пейілді болуы. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды
бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттық дене еңбегіне,
күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен
жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару,
мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеу-меттік құнды
сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері
мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің
рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы үғымдар қоры, қажетті іс-әрекет
икемділігі дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның
өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптас-тыруда ең бастысы –
ақыл-ой, адамгершілік, еңбек,
эстетикалық, дене тәрбие-сін өзара байланыста кешенді жүргізу.
№4 семинар тақырыбы: Тәрбие теориясы- педагогиканың құрамды бөлігі ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |