3. Работа по распределению слов по родам.
На доске слова:
мама хлеб пальто кофта метро ключ
- Что написано на доске? (слова).
- Что общего в этих словах? (Они все существительные)
Задание: распределить эти существительные в три группы и записать в три столбика.
Проверка с доказательством:
- Как распределили слова? Почему?
В результате ответов появляется запись на слайде 8:
Ответы детей:
- В первом столбике записаны слова имена существительные м.р.
- Во втором столбике записаны имена существительные ж.р.
- В третьем столбике записаны слова – имена существительные ср.р.
- Какие слова – помощники помогают определить род существительных?
4. Определение темы и цели урока.
- Опираясь на только что выполненное задание, сформулируйте тему урока.
Определение рода имён существительных.
5. Определите слова по родам.
- Запишите слова « Родина, конь, поле» к существительным соответствующего рода.
Проверка.
- Почему слово «родина» ж.р.?
- Обратите внимание на то, с каким существительным слово «Родина» оказалось в одном столбике?
Высказывания детей о Родине.
- О Родине есть пословица: (слайд 9)
Родина – мать, умей за неё постоять.
- Как вы понимаете смысл этой пословицы?
Вывод:
Родину (как и маму) не выбирают. Она даётся единожды и навсегда. А значит, нужно любить страну такой, какая она есть,
сохранять и защищать.
Вывод по этапу урока:
- Какие слова помогают определить род существительных?
6.Физ.минутка .
Учитель называет существительные, если оно
М.р. - дети подпрыгивают,
Ж.р. - хлопают,
Ср.р.- приседают.
Место, дом, местность, рояль, мир, страна, тетрадь, дерево, озеро, платье, улица, переулок.
7. Работа в парах.
Нахождение существительных общего рода.
У каждого на столах лежит карточка с несколькими предложениями
I вариант:
Вот Таня- жуткая соня и белоручка.
А Владик - большой непоседа.
II вариант.
Катя у нас – умница.
А Люся кошмарная воображала.
Задание: прочитайте предложения на своей карточке, найдите и подчеркните существительные общего рода.
Взаимопроверка: поменяйте карточки и проверьте, верно ли выполнил задание ваш сосед (сверить с написанным на слайде
10).
- Какой можно сделать вывод?
- Что можно сказать об этих словах?
- Какого они рода?
Вывод:
- Как определить род существительных?
8. Игра
Вот какой интересный дедушка Имя Существительное. Он предлагает нам игру “Животные” - найди пару.
КОТ (м.р.) - (ж.р.) КОШКА
ЛЕВ (м.р.) - (ж.р.) ЛЬВИЦА
БАРАН (м.р.) - (ж.р.) ОВЦА
7
УТКА (ж.р.) - (м.р.) СЕЛЕЗЕНЬ
ПЕТУХ (м.р.) - (ж.р.) КУРИЦА
9. Работа по карточкам (дифференцированная работа)
У каждого карточки на парте. Найди ошибки (по уровню: красная карточка сильным - найти ошибки; синяя карточка
средним - на полях обозначено количество ошибок на строке; зеленая карточка слабым - найти ошибки в подчеркнутых
словах). Определи род слов в которых вы исправили ошибки.
Если 6 я была собакой
и пошла зимой гулять,
мне ни варежки, ни шубку
не пришлось бы надевать.
Я бы в школу не ходила -
Был бы вечный выходной!
Я б мальчишек укусила,
что вчера дрались со мной.
Я б совсем не мыла лапы, молоко бы не пила,
и без мамы, и без папы
я б щеночка завела!
Оцени себя. Докажи свою оценку (несколько спросить).
10. Итог урока:
По схеме:
- Мне понравилось...
- Я даже и не думал...
- Я сегодня узнал... По хорошим манерам,принято в гостях, хозяин угощает. Вот и Имя Существительное вас угощает
фруктами, но, мальчики, возьмите фрукты мужского рода (банан), девочки — ж.р.(груша).
11. Домашнее задание: на карточке и упр 7 стр.92
Приложение
Карточка по теме: "Род имен существительных".
Цель: Развивать орфографическую зоркость, речь, мышление, тренировать память, вырабатывать внимательность и
наблюдательность
Задание: Образовать пары родственных слов имён существительных женского рода и мужского:
Хозяин -
Учитель -
Лис -
Медведь -
Лыжник -
Мышь -
Шофёр -
Сирота -
Задание: Образовать пары родственных слов имён существительных женского рода и мужского:
Хозяин -
Учитель -
Лис -
Медведь -
Лыжник -
Мышь -
Шофёр -
Сирота -
Задание:
Образовать пары родственных слов имён существительных женского рода и мужского:
Хозяин -
Учитель -
Лис -
Медведь -
Лыжник -
Мышь -
Шофёр -
Сирота
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
8
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНА ІЗГІЛІК ҚАСИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Авасай Қырғауыл Манайқызы
Ізгілік – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Оның негізгі көрсеткіштері:
басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық,
әділдік, қанағатшылық, өзін-өзі дамытып жетілдіру.
Адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік тарихы мен ерекшеліктері бар.
Республикамызда бүгінгі күні рухани салада жүріп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды
қайта бағамдау нәтижесінде ғасырлар бойы жинақталып, ұлы тұлғалардың тарихынан бізге жеткен құнды мұраларды
жастардың тәрбиесінде пайдалануға мүмкіндік туып отыр. Осыған байланысты, ұлттық педагогика тарихының маңызды
кезеңдері болып есептелетін орта ғасырлық ойшылдардың педагогикалық ой-пікірлерінің өзіндік қалыптасуы, даму
ерекшеліктерін аша отырып, олардың жас ұрпақты тәрбиелеудің құралы екендігін зерттеген ғалымдар да аз емес.
Қазақтың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасу кезеңдерін зерттеген ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.К.Қалиев,
Р.М.Қоянбаевтың еңбектері ғылымда құнды дүниелердің бірі болып табылады.
Жырау - ақпа-төкпе, суырып салма өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін адамгершілігі мол,
парасатты, қысылғанда жол табар ақылшысы, ақыл парасатына салып сынай, салмақтай білетін, тапқыр, дана абзал адамдар.
Ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – ізгілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиесіне келіп тіреледі. Қазақ халқының өте
әрідегі ата-бабалардың өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі
- ақын-жыраулардың ғибратты сөздері.
Бүгінгі жас ұрпақтың осы өсиет намалардан тәлім-тәрбие алатыны сөзсіз. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың
басында өмір сүрген М.Сұлтанқожаұлы, Ы.Алтынсарин, Базар жырау, А.Құнанбаев, С.Торайғыров сынды қазақ
ағартушылары саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде халқымыздың адамгершілік мәдениетіне көңіл бөлгені
баршамызға мәлім. Енді солардың біразына тоқталып өтелік.
Өзінің педагогикалық теориясында жас жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлгендердің
бірі – Ы.Алтынсарин. Ағартушы-педагогтың адамгершілік тәрбие мәселелерін қозғайтын арнайы еңбектері болмағанмен,
оның ізгілік көзқарастары педагогикалық қызметінен көрініс тапқан. «Қазақ хрестоматиясына» еңгізілген ауыз әдебиетінен
жинаған материалдарының мазмұны танымдық, ізгілік, өнегелік сипатта. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал,
шыншыл, еңбексүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болып өсуге, зиянды іс-әрекеттерден, жалқаулық, еріншектік, сұғанақтық
сияқты жаман әдет, жат мінезден аулақ болуға шақырады.
Абай Құнанбаевтың ғылым, тәрбие, педагогикалық көзқарастарын білдіретін өлеңдері мен қара сөздері бүгінгі ұрпақтың
бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда негізгі орын алады. Соның ішінде «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен
қашық бол» деген өсиеттің тәрбиелік мәні ерекше. Ақынның ұлылығы сонда мінез-құлықтың ішінен бес асыл істі іріктеп
ғибрат етіп айтуында.
Бірінші – талап. Адам баласының өмірде алдына қойған талабы болу керек. Ақын өзінің 44-сөзінде былай деп жазған:
«Адам баласының ең жаманы талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады» дей келіп, оларды түсіндіреді. Адам
баласы өзі өмірде сүйген, қалаған өнерді таңдап алып, содан нәтиже шығару керектігін атап өтеді
Екінші – еңбек. Қазақта айтады ғой: «Ер еңбегімен озады, еріншек езілумен тозады», «Еңбекке үйренем десең, ерінбе,
өнерге үйренем десең, жерінбе».
Еңбектің адам өміріндегі атқаратын ролі, адамгершілік тұлғасын жасайтынын ақын жақсы түсіндіреді. Еңбектің
экономикалық-әлеуметтік, имандылық және тағы басқа сипаттары бар.
Үшінші – терең ой. Өткен ғасырлардағы адамдардың тұжырымдары бойынша адамның адам болуына, қалыптасуына
еңбектену арқасында келген.
Төртінші – қанағат. Ақын бізге түсіндіргенде «Қанағат» деген сөзге үлкен де терең мән берген. Адамның барға риза болуын,
ынсаты болуы өзіне абзал және тиімді. Бұл тұжырымның елдің нарықтық экономикаға көшу жолында атқаратын ролі үлкен.
Қанағаттық адамның ақыл-ойына, естілігіне байланысты. Олар туралы ақын өзінің 15, 17, 18, 19 қарасөздерінде жақсы
айтқан. Абай 45-қарасөзінде: «Адамшылықтың алды – махаббат, гаделет, сезім», ал егер мал керек болса, қолөнер үйренбек
керек. Мал жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Ұлы ақынның қанағатсыздық
еткендерді өз шығармаларында керемет әшкерлейді. Тойымсыздық, нысапсыздықтың неге әкеп соғатындығын түсіндіреді.
Осы тұжырымдардың терең философиялық астары, мәні бар. Адам қанағатшыл болу керектігін түсіндіреді.
Бесінші – рақым. Абайдың 17-қара сөзінде: «Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға
жүгініпті» деген сөзінде Рақым туралы өте терең де ұтымды жазған.
Рақымдық жасау деген әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Ол тек өзіне ғана емес алыс пен жақынға, үлкен мен кішіге,
еркек пен әйелге жасайтын қайырымдылық, рақымдық. Оның астарында жүрек пен сезім жатса керек, Абайдың пікірінше
адамға, жәрдемдесу, қол үшін беру рақымдылықтың нышандары. Бұндай ғанибеттік әркімнің қолынан келе бермейді.
Адамға жақсылық, мейірімділік жасау деген – рақымды болу деген сөз. Моральдық жағынан өзгеге жақсылық ойлау, жасау
рақымды адамның қолынан келетін іс. Ал керісінше ұлы Абай:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз,
- деп отырып осы бес дұшпаннан сақ болып, ғылымға бойла, ойла дейді.
Абайдың пайымдауы бойынша солардың бірі – өсек, өсекшілдік. Оның түп негізінде біреуді сыртынан жамандау, кінәлау,
жала жабу, жалған сөз. Айта кету керек, мұндай жарамсыз құбылыс тек XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында Абай өмір
сүрген кезеңге ғана тән кеселдер емес. Тегі бар ғасырда адам өмірінен кетпейтін жаман әдеттер болып табылады.
М.Жұмабаевтың тәрбие туралы, баланың ақыл-ой әрекетін, қабілетін дамытуда ана тілдің алатын орны жайында айтқан
пікірлері құнды. Оның пайымдауынша: «Тіл адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан
9
түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тілі арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың
жан сырын ұға алады .
Мағжан тіл мәселесі туралы жайындағы ойын былайша жалғастырады: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір
ұлттық тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі, айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сыры
сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы айнадай
ашық көрініп тұрады». Тұлғаның жан-жақты дамуына адамгершілік тәрбиесінің қатысы ерекше. Білімі жоғары тұлғаның
өзі, егер адамгершілік қасиеті аз болса, ол рухани құлдырауға ұшырайды.
М.Жұмабаев ізгілік тәрбиесін оқыту процесімен ұштастырады. Мектептерде қолданатын пәндердің ішінде М.Жұмабаев
қазақ тілі мен ана тілін алдыңғы орынға қояды.
Тәрбие мен оқыту процесінің бір-бірінен алшақтануы адамның рухани құлдырауына әкеліп соғады.
Ізгілік тәрбиесінің бала бойында қалыптасуына үйдегі тыныш жағдайдың әсер ететінін М.Жұмабаев ерекше айтқан. Отбасы
беретін өмір сабағының тәрбие процесіндегі қозғаушы күші айтарлықтай, себебі бұл сабақтарды балаға ең жақын адамдар –
әкесі мен шешесі береді.
Бүгінгі таңда халық педагогикасының дәстүрлерін дамыту барысында М.Жұмабаевтың баланы адамгершілікке тәрбиелеуде
отбасы дәстүрлерін, ұлттық қасиетімізді сақтауға байланысты көтерген идеялары арнайы зерттеуді қажет етеді. Қоғамда
адамгершілігі жоғары, рухани мәдениеті дамыған азаматты тәрбиелеу педагогиканың және психологияның басты
мәселелері. Сондықтан да қоғамды дамытуда үлкен роль атқаратын мектеп мұғалімі екенін ұмытпауымыз керек.
Ізгілік – қоғамдық өмірдің объективті заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз
болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым.
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Ізгілік тәрбиесі - мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты
мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты
дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі»-
деген анықтама берілген.
С.Қ. Әбілдина ізгілікке тәрбиелеу жас жеткіншектер үшін маңызды, нәтижелі болуы мұғалімнің төмендегі шарттарды
қарастырған:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескеру;
- іс-әрекеттің қоғамға пайдалы болуын ескеру, ұжымның бірлесіп әрекет етуіне мән беру;
- белгілі нәтижеге жету ұжымның эмоционалды көңіл-күйіне байланысты екенін ескеру;
- оқушылардың бір-біріне түсінісуіне қамқорлық жасау.
О.С.Богданова, И.А.Каиров оқушылардың ізгілік туралы білім деңгейін адамгершілік сана, сенім, мінез-құлық деңгейі
ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен бірге адамгершілік тәрбие жүйесінің принциптерін анықтайды.
1. Ізгілік сезім тәрбиенің бастауы баланың алуан түрлі практикалық іс-әрекетінің барлығына енгізілуі керек. Сонымен қатар
олардың эмоционалдық және интеллектуалдық жағын да қамтыған жөн.құлықтық тұжырымдама бойынша тәрбие жұмысы
жеке-дара шаралар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Ізгілік сезім тәрбиенің түп қазығы балалардың бір-біріне қарым-қатынасын мақсатты түрде қалыптастыру болып
табылады.
3. Ізгілік сезім тәрбие адамгершілік мінез-құлық, сезімдер мен түсініктерді тәрбиелеу болып саналады.
4. Тәрбие үрдісі баланың адамгершілік мінез-құлық нормаларына сәйкес балалар ұжымында өздігінен шешім қабылдау
мүмкіндігіне ие бола алатындай дәрежеде құрылуы керек.
5. Жеке тұлғаның ізгілік дербестілігі -кең түрдегі қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Тәрбие үрдісі оқушылардың өз
мінез-құлқының адамгершілік жақтарын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.
Ізгілік сезімді қалыптасту тәрбие деңгейі оқушылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын адамгершілік талаптардың
көлемі, мазмұны, тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады.
Біз оқушының ізгілік сезімін қалыптастыруға биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың әсер ететінін жоққа
шығармаймыз. Керісінше, барлық осы ерекшеліктерді ескере отырып, жеке тұлғаның адамгершілік қасиетінің
қалыптасуының айқындаушы негізі ретінде оқу-тәрбие саласының әсер етуіне көңіл бөлеміз. Тәрбие ісі - жеке тұлғаның
дамуы барысында бағыт береді. Ол жеке тұлғаны қалыптастырудың басты күші болып есептелініп, білім беру үрдісінде
жүзеге асырылады. Қажеттілік оның белсенділікті қозғаушы жеке тұлға іс-әрекетінің себебі болатынын көрсетті. Оларды
қанағаттандыру жағдайларға сәйкес өзгеріп отырады. Адамгершілік қасиеттің белсенді және баяу пайда болуы жеке
тұлғаның қажеттілік, мүдделері мен мотивтеріне байланысты.
Осы айтылғанның бәрі оқушыларынды ізгілікке тәрбиелеуде өте маңызды құралы болып табылады.
Ізгілік сезімнің сипаты жалпы адамзаттың құндылықтарға қарсы келмей, олармен үндес болуы керек, себебі ол кез-келген
халықтың тілі мен мәдениетіне салт- дәстүріне ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау деген сөз. Қазақ халықының
тұрмыс-тіршілігі мен ізгілік-эстетикалық көзқарастары көркем шығармадан көрініс табады.
Ұжымдық шығармашылық саналатын халық ауыз әдебиеті халықтың еңбек және әлеуметтік тәжірибесінен жинақтаған
білімі мен даналығының көрінісі болып табылады. Ондағы әрбір сөз мазмұнды, шынайы, таза болып келеді және жоғарғы
адамгершілік нормаларды насихаттайды. Бұл халық ауыз әдебиеті туындыларының тәрбие үрдісінде нәтижелі құрал ретінде
қолдану мүмкіндіктерін аңғартады. Сол себепті ана тілі пәні ізгілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Әдебиеттер
1.
Құнанбаев А. Қарасөз.-Алматы: Рауан, 1995.
2.
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.-Алматы, 2005.
3.
Жұмабаев М. Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989.
4.
Аймауытов Ж. Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989.
5.
Шәкәрім. Өлеңдері мен поэмалары. –Алматы: Жалын, 2008.
6.
Жумабаев М. Педагогика. –Алматы, 1997.
10
ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСҚА БАУЛУ
Альжанова Жұпар Нұртасқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Жоғары білімді, І санатты Еңбек өтілі: 17жыл
Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – адамның еңбектену іс – әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс –
әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін,
оның интеллектуалды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің
мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек
үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатан табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды,
оның ішкі яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету
әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған.
Ғылыми – зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім.
Адамдар сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде табиғаттың, жаратылыстың тылсым
дүниелеріне үңілген. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдардың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген
ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына
ықпал еткен.
Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни
көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді.
Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды
құбылыс. Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар,
қандай әдістер дұрыс ? » деген сұрақтарды қамтиды.
Мен балалармен мынадай жоспарда жұмыс істеймін:
4
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу.
5
Ғалымдардан ақыл –кеңес сұрау.
6
Интернетке жүгіну.
7
Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.
8
Тәжірибе жүргізу, (Адамныңның мұражайларына, туып –өскен жеріне, немесе оқиға болған жерге бару.) оның
барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.
9
Қорытынды жасау.
10
Бейне материалдар, слайдтар жасау.
11
Жұмысты қорғауға дайындалу.
Атап өтсем Асембаева Асел «Қасиетті Мерғалым ата» тақырыбында ғылыми жоба жазып қалалық ғылыми жобалар
сайысынан бірінші орынға ие болып облыстық «Зерде» ғылыми жобалар сайысына қатысып сертификатпен марапатталды.
Тақырыбы: Қасиетті Мерғалым ата
Зерттеудің мақсаты: Мерғалым атаның сынықшылық қасиетін зерттеп анықтау
Зерттеудің болжамы: Сынықшылық қасиеттің қасиеттілігін анықтауға болады
Зерттеу кезеңі:
1.
Деректер, материалдармен танысу
2.
Шежіремен танысу және пайдалану
3.
Мұражайдан алған деректер
Эксперимент әдістер: баяндау, іздену, лингвистикалық
Негізгі терминдер: сынықшы, шипагер, шләпшін, ләпке,оташы,аруақты бала.
Зерттеудің көкейтестілігі:
Зерттеу тақырыбының өзектілігі, аты әлемге танылған қасиетті сынықшы Мерғалым атаның атын өшірмей, әр адамның
санасында қалатындай етіп анықтау.
Зерттеу нәтижесі: Қасиетті Мерғалым атаның киелілігі зерттеліп, қазіргі уақытта баласы Қаршығаның сынықшылығы,
емшілік қасиеті анықталады.
Зерттеудің қолданбалық маңыздылығы:Зерттеу жұмысының нәтижелерін аумақты географиялық, өлкетанулық тұрғыдан
зерттеу барысында іске асыруға болады.
Сонымен қатар биылғы жылы 2016-2017 оқу жылында «Зерде» 1-7 сынып арасында ХІІ республикалық зерттеу
жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы облыстық кезеңінде Мақсатұлы Ілияс ІІ дәрежелі дипломға ие
болды.
Тақырыбы: Әулие Ақкөл жеріндегі аталар кесенесі
Зерттеудің мақсаты: Зерттеу жоба жұмысының мақсаты - өткен тарихты санада жаңғыртып, кейінгіге таныту, өткенге
салауат айту бағытында Ақкөл Жайылма жеріндегі "аталар зираты" атанған Исабек Ишан кесенелерін қарастыру болып
табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Жоба жұмысының басты мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
Біріншіден, Ақкөл-Жайылма – тарихи өлке сипаттылығын ашу;
Екіншіден, Ақкөл-Жайылма жеріндегі ескерткіштерге тоқталу;
Үшіншіден,Ақкөл –Жайылма өңірінің Еуразия көшпелілері үшін тарихи саяси орталық болғанын дәлелдейтін
жазба деректерге шолу жасау;
Төртіншіден, «Ишан» түсініктемесіне тоқтала отырып, Ақкөлдің бойындағы ақ кесенелер кешенін көрсету
арқылы өскелең ұрпақты елжандылыққа, руханилыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |