Литература
Учебная программа «Русский язык – Орыс тілі» для 5 – 9 классов школ с нерусским языком обучения; «Русский
язык» для 10 – 11 классов (Астана 2013г.)
Журнал «Русский язык в казахстанской школе» №6(48) – 2013г., №3(51) – 2014г
А.Панина. Уроки русской орфографии
Т.А. Костянина. Проверочные работы по русскому зыку для 5 - 8 классов
М.А. Васильева. Проверочные и контрольные работы по русскому языку
Электронные учебники
Интернет
22
Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жетпісбаева Ақмарал Қонайқызы
Табиғатқа саяхат. З дыбысы мен әрпі
Пән:
Сауат ашу
Сынып:
1 «В»
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.3.5.1. Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба , сурет, белгілер қолдана отырып
жай сөйлемдер/мәтін құрастыру
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу
арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушылардың бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Зымыран-ракета- rocket
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
уақыты
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Психологиялы
қ ахуал
3 минут
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп бір-
бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Оқушыларды фигуралар арқылы 4 топқа бөлу.
Топ міндеттерін бөліп алады.
Білу
Түсіну
Қолдану
3 минут
2минут
3 минут
3 минут
Жұмбақтар арқылы тақырыпқа шығу.
Топқа жұмбақтар беріледі.
От шашады жалындап,
Қатты ұшқанда зымырап. (зымыран)
Көзде бар
Түнде жоқ.
Қазда бар.
Қапта жоқ.(З)
Түрі жылқы бейнесі
Жолақ-жолақ жейдесі.(зебра)
Ләзатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ. (З)
Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?
– №1 Оқылым.
Аз қаз өз көз өзен заман
қоңыз сағыз тоғыз Зере.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Зз әріпін алдымен ауада жазу, дәптерге көркем жазу.
23
Талдау
Жинақтау
Рефлексия
1 минут
Шапалақта қолыңды, жай, жай, жай
Шапалақта қолыңды тез, тез, тез
Ақырын бас аяқты жай,жай, жай
Жаңылмай тап орныңды тез, тез, тез
4 минут
«Маршрут ойыны»
З дыбысы бар сөздерді барынша көп қолдану
М: Зымыран,нар,Риза, аз,заман...
8 минут
5 минут
Топтарға шығармашылық тапсырма:
1-топ З дыбысына қатысты сөздерді жазу
2-топ берілген сөздерді буынға бөліп, жазу.
3-топ З дыбысы кездесетін сөздердің суретін салу
4-топ берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау
№2 Сурет және тірек сөздердің көмегімен ертегі құрастыр.
Ұзақ, шөлдеді, құмыра, тұмсығы, су, тас, салды, көтерілді.
4 минут
«Серпілген сауал» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорыту
12
З дыбыс қандай дыбыс?
13
Неге?
14
Бүгінгі сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолдандық?
15
Қандай ресурстарды пайдаландық?
16
Қай топтың жауаптары көбірек ұнады?
Бағалау
Қорытынды
5 минут
4 минут
Кері байланыс
1.Егер саған сабақ ұнаса және
орындаған болсаң, желкенді жасыл
түспен боя.
2. Егер сен сабақта белгілі бір
қиындықты кездестірген болсаң,
желкенді сары түске боя.
3. Егер саған сабақ барысында
тапсырмаларды орындау қиын
болып, мұғалімнің көмегі қажет
болса, желкенді қызыл түске боя.
Бәрін түсіндім
Сұрақтарым бар?
Түсінбедім
Желкенді осы суретке жапсырады. Сол арқылы
оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін
анықтаймыз
Келесі сабақтың басында осы түсінбеген оқушылармен қайтадан қайталап , жұмыс
жасаймыз
24
Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жомартова Зарина Сунгатовна
Сыныбы: 3 Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Жомартова Зарина Сунгатовна
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар
Сабақтың мақсаты: Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар туралы мәлімет беру
Білімділік: Оқушылардың зат есім, сын есім туралы білімдерін бекіте отырып, зат есімнен сын
есім тудыратын жұрнақтар туралы мәлімет беру
Дамытушылық: Жүйелі ойлау, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа ел жандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, «кубизм» стратегиясы
Көрнекіліктер: слайд, интерактивті тақта, суреттер, тірек сызба, таратпа қағаздар
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу, түгендеу ә) көңіл – күй тренигі-
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға тәртіпті
Дайындалдық бәріміз
ІІ. Үй тапсырмаксын сұрау 24 – 30 жаттығу
-Балалар қане 30 жаттығуда сөздерді қатыстырып кім сөйлем құрады
- жарайсыңдар! Бұл қандай сын есімдер
-Туынды сын есім дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
"Серпілген сауал" әдісі
- Сын есім деген не? - Туынды сын есім қалай жасалады?
- Балалар қалай ойлайсыңдар қандай сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы сын есім жасалады?
- Зат есім деген не?
- Балалар бүгін біз зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар туралы өтеміз.
(зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар туралы қысқаша мәлімет) слайд1
IV. Дәптермен жұмыс
33 - жаттығу. «ойлан тап» ойыны.
Ойынға қатысушы берілген сөздің
атын айтпай, оның мағынасын
түсіндіреді, яғни ол затты немесе
сөзді сипаттап айтады.
Керекті сөздер: қоян, қар, аяз, кітап,
жаңбыр, қасқыр, күн, түлкі.
-Балалар сипаттау үшін Ай сөз табының
сөздерін пайдаландыңдар
34 – жатттығу «Алтын» сөзінен сын есімдер жаса. Суретке
қарап, әңгіме құрау . "Тұжырымдамалық карта"
стратегиясы.
Әр топқа постер таратылып, оқушылар сол постерге өз әңгімелерін сурет
арқылы түсіру керек.
Қандай?
35 - жаттығу. Таратпа қағаздарда берілген зат есімдерге – дай, -дей, жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса.
Тау, дала, гүл, тай, бұлбұл.
-Енді жасаған сын есімдерді пайдалана отырып сөйлем құраңдар.
-Кім қандай сөйлем құрады?
-Жарайсыңдар!
V.Сергіту сәті (видеоролик)
VІ. Бекіту « Паравоз»
-Балалар паравоздың вагондарындағы сөздерге себеттегі жұрнақтарды жалғау арқылы сын есім жасайық.
-Ескерту: дұрыс жұрнақ жалғанбаса паравоз жүрмейді. Сондықтан сөздерге сәйкес дұрыс жұрнақ жалғаймыз.
VІІ. Қорытынды 5 жол өлең
1 жол – зат есім
2 жол – 2 сын есім
3 жол – 3 етістік
4 жол – 4 сөзден тұратын сөйлем (сөйлем ойды білдіру керек)
5 жол – алғашқы сөздің синонимі
VІІІ. Үйге тапсырма 37 – 38 жаттығу
IX. Бағалау Сабаққа белсене араласқан оқушыларды мақтап, мадақтап бағалау
25
Екібастұз қаласы № 36 мектеп-лицейінің
математика пәнінің мұғалімі
Жұмәлі Райхан Аманкелдіқызы
Геометрия 8 сынып
Сабақтың
тақырыбы
Төртбұрыш. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының
қосындысы
Сілтеме:
Оқулық: Ж.Қайдасов, Г.Хабарова, А.Абдиев.
Геометрия 8-сынып
Мақсаты:
Сабақ табыстылығының
критерийлері:
Білімділік:
Төртбұрыш анықтамасын және
оның элементтерін біледі;
Төртбұрыштың бұрыштарының
қосындысын біледі;
Оқушылар:
Төртбұрыш элементтерін атай алады және көрсете алады;
Төртбұрыш бұрыштарының қосындысына берілген есептерді
шығара алады;
Дамытушылық:
Функционалдық сауаттылықты
арттырады;
Зерттеу жүргізеді;
Салыстырып, себеп-салдарын анықтайды;
құрастырады
Тәрбиелік:
өзіндік оқуға белсене қатысады;
Өзін-өзі бағалайды;
Сыныптасын бағалайды;
Сабақтың типі
Жаңа тақырыпты меңгеру
Әдіс-тәсілдер:
Топтастыру, сәйкестендіру, ИНСЕРТ әдісі, АКТ, постерге салу, макет бойынша құрастыру,
шығармашылық –зерттеу әдісі, демонстрация, практикалық жұмыс.
Ұйымдастыру
әдістері
Жеке-дара, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
Кезеңдер:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
І. Ұйымдастыру
Оқушыларға үш түсті төртбұрыштардың
қиындыларын таратады, түстер бойынша үш
топқа бөледі.
Қиындылардан адам бейнесін жасайды және әр
оқушының рөлі анықталады:
Бас - топ басшы;
Дене – спикер;
қолдары – хатшы;
Аяқ – тайм спикер
ІІ.
Тірек білімдерді
қайталау
1.Балалар, адам бейнесін қандай фигуралардан
құрастырдыңдар?
2.Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп
ойлайсыңдар? Алдарыңдағы қиындылардағы
қандай төртбұрыштарды білесіңдер? Ал,
қайсылары сендерге таныс емес?
3. Төртбұрыштар туралы не білеміз? Еске
түсірейікші!
1.Төртбұрыштар
-Білетін төртбұрыштар-квадрат, тіктөртбұрыш
-Білмейтін төртбұрыштарды көрсетеді
(параллелограмм, трапеция)
2.Білетін ақпаратты жаңғыртады
ІІІ.
Сабақ
тақырыбы мен
мақсатын
айқындау
1. Не білгіміз келеді?
Оқушылар сабақ мақсатын айқындайды
ІҮ. Жаңа
тақырыпты
меңгеру
Білу
1.ИНСЕРТ әдісімен теориялық материалды
өздігінен меңгеріңдер
2.«?» қойылған бөлімдерді топта талдап, бір-
біріңе түсіндіріңдер.
1.Материалды оқи отыра, келесідей белгілерді
қойып отырады:
«V» - мен бұны білемін
«+» - бұл мен үшін жаңа, бұл жөнінде алғаш
рет оқып тұрмын.
«?» - мұнда не жайлы айтылғанын мен
түсінбеймін
«!» - бұл өте қызық екен, бұл жөнінде
сыныптасыммен сөйлесуім керек.
2.Топта түсінбеген бөлімдерді талдайды. Бір-
біріне түсіндіреді.
Түсіну
Сурет бойынша төртбұрыш элементтерін
сәйкестендіруге тапрсырма береді
AB, CD төбелері
AC, BD қарама-қарсы қабырғалары
A, B, C, D қарама-қарсы бұрыштары
диагональдары
26
Қолдану
№1 және №5 есеп
Интербелсенді тақтаға дұрыс жауабын шығару
арқылы тексеріледі.
Төртбұрыш периметрін және қатынастары
арқылы төртбұрыш қабырғаларын табу есептерін
шығарады
Талдау
1.Төртбұрыш қандай құрамдас бөліктерден
тұрады?
2.Топтарға төртбұрыш қиындысын, қайшы
таратады.
Осы төртбұрыштың ішкі
бұрыштарының қосындысы неге тең?
Алдарыңдағы төртбұрыш
қиындысын, қайшыны қолдануға болады.
Сызғыш пен қарындаш өздеріңде бар.
1. Диагоналін жүргізсек екі үшбұрышқа бөлуге
болады?
2.Төртбұрышты қайшымен диагональ бойымен
қиып, екі үшбұрышқа бөледі. Үшбұрыштың
бұрыштарының қосындысы 180
0
болса,
төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы 360
0
болады.
-Магнитті тақтада төртбұрыш пішіні
жапсырылған. Дұрыс орындаған топ мүшесі
пішінді пайдаланып дәлелдейді.
У. Бекіту
Жинақтау
Зерттеу есебі:
Төртбұрыштың белгісіз γ және φ бұрыштары
қандай болу керек, егер белгілі α және β
бұрыштары:
І-топ:
α және β сүйір бұрыштар
ІІ-топ:
α -доғал бұрыш және β-тік бұрыш
болса
ІІІ топ: α -доғал бұрыш және β-сүйір бұрыш
болса
Постерге салып, қорғайды
Бағалау:
Өмірде төртбұрыштардың қасиеттерін білу
бізге қаншалықты қажет?
Оқушыларға ұзындығы мен ені бірдей
жолақтар мен суреттер таратылады.
Бұрыштарды өлшейтін құралдарды қолданбай
жолақтарды 45
0
бұрышпен қиып суреттерге
жиектер жасау.
Шешімі: Жолақтардың шеттерінен қабырғасы
еніне тең болатын квадрат сызып алып диагоналі
бойынша қайшымен қию керек.
Үйге тапсырма
1.№8
2.Әр топ тақырыпқа байланысты бір сұрақтан
дайындау(неліктен? Неге? Мәні неде?
Айырмашылығы неде? сұрақтарының бірін
қолдану керек)
Қорытынды
Бүгінгі сабақтан не алдық?
Оқушылар жинаған ұпайларды есептейді,
критерийлерге сәйкес бағалайды
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ЖАҢА ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУ ТРЕНИНГІ
Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің
психолог, өзін-өзі тану мұғалімі
Ильясова Ақжарқын Асқарқызы
Тренинг мақсаты: жас мамандардың әлеуметтік - психологиялық бейімделуінің сәтті өтуіне
ықпал ету.
«Болашақтағы кәсіби өсу» акциясы
Мақсаты: кәсіби мотивацияның қалыптасуы.
Әрбір жас маман суреттегі ең ұнаған бір затты таңдайды. Кейін таңдалған заттың
интерпретациясы беріледі.
Тиын — жалақының жоғарылауы;
Кілт — ата-аналар мен оқушыларға еш қиындықсыз жол таба білесіз;
Қылқалам — тәжірибе тарату;
Маржан — жаңа кәсіби қасиеттер иелену;
Кемпірқосақ – кәсіби іс-әрекеттегі құлшыныс;
Кәмпит — кәсіби перспективаны мақсат ету;
Бояулар — белсенді кәсіби ұстаным.
Кіріспе сөз
Әрбір адам ерекше, қайталанбас жеке тұлға. Айналада болып жатқанды қабылдауларымен және оған деген қатынастарымен
ерекшеленеді. Адамдар жаңа өмірлік жағдайға бейімделу қабілеті, сонымен қатар ұжымдағы әріптестерімен қарым-қатынас
жасау іскерілігімен әр түрлі. Мысалы, біріне жаңа ұжымда, жаңа жұмыста өзін сенімді сезіну үшін аз уақыт қажет болса,
басқасына ,керісінше, ұзақ уақыт қажет болады. Дегенмен алғаш рет білім беру мекемесіне келген мұғалімдер мәселерлерге
кездеседі және жаңа өмірлік іс-әрекет жағдайына үйрену үшін бейімделу кезеңі қажет. Кейбір жас мамандар өздерінің
мекемеге бейімделу кезеңін қиын деп сипаттайды. Басқалары ,керісінше, жаңа жағдайға бейімделудің оңай болғандығын
айтады.
27
-
Ал, енді қазір бір сәт осы мектепке келген алғашқы күніңізді еске түсіріп көріңіздерші. Сол сәттегі ішкі күйіңізді,
сезіміңізді, ойларыңызды еске түсіріп көріңіз. Кейін қазір не өзгергендігін ойланыңыз. Жаңа кәсіби жұмысыңызға, ұжымға
үйрендіңіз деп айтуға болады ма? Жұмысыңызға, айналаңызға қатынасыңыз өзгерді ме?
Сонымен жас маманның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі маманның жаңа еңбек ұжымына қосылу, үйрену үрдісін
қамтиды.
«Жас маманға байланысты ұғымдармен жұмыс».
Ұстаздарға ұғымдар үлестіріліп беріледі. Берілген сөзбен сөйлем құрау керек. Кейін кезегімен оқиды, нәтижесінде бір-
бірімен байланысқан әңгіме шығу қажет.
Қолданылатын ұғымдар: Студенттік шақ, диплом, қуаныш, резюме, жұмысқа қабылдану, толғаныс, мектеп, жаңа ұжым,
алғашқы қоңырау, сынып, жауапкершілік, кабинет, қоңырау, сабақ,шығармашылық, оқушылар, ата-аналар, баға, ,көңіл-күй,
сәттілік.
Ойын. «Орнымызбен ауысайық»
Бұл ойын қозғалуға, көңіл-күйді көтеруге, сонымен қатар бірін - бірі жайлы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Бір орындық шеңберден алынады, жүргізуші өзіне бос орын табу үшін қатысушыларға орын ауыстыру ұсынады: алма
жақсы көретіндер, гитарада ойнай алатындар, сағат таққандар және т.б.
Ойын ережесі түсінікті болғаннан кейін, орындарды ауыстыру шарты күрделенеді. Енді сұрақтар қатысушылардың кәсіби
іс-әрекет ерекшелігіне, біліміне, балалармен жұмыс істеу спецификасына, тренингке қатысу мотивіне және т.б. қатысты
болу керек.
Мысалы, келесі сұрақтар:
Биыл диплом алғандар;
Қазір жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқандар;
Өз жұмысын сүйетіндер;
Магистратураға түсуді қалайтындар;
Кішкентайынан мұғалім болуды армандағандар;
-
орын ауыстырсын.
«Есім және қозғалыс» ойыны
Қатысушылар шеңберге тұрып, кезекпен әрбіреуі өзінің есімін айтады және өзінің мінез-құлқына сәйкес келетін кез-келген
қарапайым қозғалыс көрсетеді. Барлық қатысушылар есімді дауыстап қайталайды және қатысушының көрсеткен
қозғалысын көрсетеді. Сонымен, олар кезекпен танысады.
«Ассоциация»
Мұғалімдерге ұсақ заттар салынған сиқырлы қапшық
ұсынылады. Психолог шеңбер бойымен қапшықтан бір затты
алуды ұсынып, кейін бұл зат пен өзінің ұқсастығын табуға
тырысады. Ары қарай шеңбер бойымен талқылау жүреді.
Релаксация «Алма бағы».
«Мен үшін ұстаз болу…» жаттығу
Мақсаты: сенім, бірлік, және қолдау атмосферасын
тудыру.
Қатысушылар шеңбер құрып отырып, кезекпен «Мен үшін
ұстаз болу...» деп басталатын сөйлемді аяқтайды.
(мамандықтың өздері үшін мәнін айтады).
Кері байланыс. «Мен – пайымдаулар».
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ДАСТАНДАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(СҰРАНШЫ БАТЫР ЖӘНЕ ӨТЕГЕН БАТЫР ДАСТАНДАРЫ БОЙЫНША)
Екібастұз қаласы,
№36 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Иманғали Сәуле Қуандыққызы
Жамбылдың эпикалық жырау ретінде халыққа танытқан шығармаларының бірі – «Өтеген
батыр». Бұл дастанды оған дейін де жырлағандар аз болмаған. Бірақ олардың көбі бізге
жетпей, тек Сүйінбай Аронұлы мен Жамбыл жырлаған дастандарының бірнеше нұсқасы ғана
сақталған. Өтеген батыр жасынан жоңғарларға қарсы күреске қатысқан. Бабасы Сырымбетте
батыр болған. 1723 жылы Өтеген сол өңірдегі Райымбек, Тауасар, Қанкелді батырларымен
бірге жоңғарларға соққы берген. 1740 жылы Төле би қолына қосылып, қалмаққа қарсы
соғысқан, Өтеген ерлігінің ең әуелі Сүйінбайдың бабасы Күсен ақын жырлапты. Онан соң
Сүйінбай, кейін Жамбыл жыр еткен. Ақын Өтеген туралы дастанын аңыз желісінде құрған.
Ал Сұраншы батыр дастанында Жетісу елінің Қоқан билеушілерінен көрген азабы мен
мазағы, теңсіздікке қарсы қазақ батырларының жанқиярлық ерлігі анық әрі толық суреттеген. «Сұраншы батырда» Қоқан
өктемдігінің ақырғы кезеңі, Құдияр хан әскерінің мейірімсіз қаталдығы, момын жұрттың тартқан зәбірі мейілінше шыншыл
бейнеленген. Сұраншы батырдың қазақ намысы үшін қол бастап, жауға тиюі, оның қиянатқа төзбейтін өжет мінезі, беттеген
жағынан қайтпайтын қайсарлығы эпикалық билікке көтерілген. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбыл ең алғаш рет
Садырбек деген беделді кісінің асы күндері толғаған. Ертеде Сұраншы деген батыр қоқандықтардан осы өзен бойында
соғысып, оларды Әулиеатаға қарай ығыстырады.
28
Жамбыл Жабаев дастандарының көркемдік ерекшеліктеріне назар аударсақ, тілі жеңіл. Дастандар да теңеу, метафора,
эиптет, гипербола сынды көркемдегіш құралдар көптеп қолданылған. «Өтеген батыр» дастаны шұбыртпалы ұйқасқа
құрылған. Сонымен қатар дастанда қайталаулар, соның ішінде аллитерация, ассонанс жиі кездеседі.
Бұл жырды мен естігем –
Бұлбұлдың тәтті күйінен.
Бұл жырды мен естігем:...
... Алайдағы тарихтың,
Ауызында халықтың –
Аңыз қалды өлместей. [1, 103]
Дастанда кезесетін теңеулер батыр тұлғасын ашу, бейнесін жасауда қолданылған.
Өсті батыр тұлғалы,
Жолбарыстай қарулы.
Қырандайын қырағы,
Арыстандай айбарлы. [1, 93]
Берілген үзіндеден батырдың қаншалықты мықты, күшті екенін көруге болады. Бұл арқылы Жамбыл өзі баяндап
отырған жырының арқауы Өтеген батырдың бейнесін осылай жеткізу арқылы тыңдарманын қызықтыра түседі.
Келді екі сұлу қыз,
Шолпандай туған таңдағы,
Беті қызыл алмадай,
Қара шашы құндыздай.
Көздері жанған жұлдыздай.
Киімімен құлпырған,
Інжу-маржан ойнайды.
Өздері әппақ қудай-ақ,
Күлкісі сылдыр судай-ақ. [2, 95]
Жырда сонымен қатар гипербола яғни әсірелеуде кездеседі.
Өткір көзбен жер сүзіп,
Тұлпарының тұяғы.
Саз балшықтай тасты езіп,
Жөнелді батыр жорыққа,
Нөкерімен түзеп жүрісін!
Жорытқан жолдың шаңдағы,
Ақ бұлттайын алысқа,
Бұрқырап атып жол тартты,
Қытай жақ, күн шығысқа. [2, 97]
Осы үзіндеден батырдың астындағы жолдасы – тұлпарының өзін тасты саз балшықтай тұяғымен илеуі арқылы сондай
мықты екенін көрсетеді. Дастанда мифтік образдар көптеп кездеседі. Олар: айдаһар, ақсақал қария мен жезтырнақ,
әбжылан. Батырдың жолынан шыққан әрбір кейіпкер арқылы батырдың ерлігі көрсетіп отырады. Бірі ақылшы болса, бірі –
дұшпан болады. Мұндағы ақсақалды қария бейнесі батырға жол көрсетуші, ақылшы болып табылады. Риторикалық
сұраулар арқылы қария батырмен тілдеседі.
«Өтеген деген сенбісің,
Қамалды бұзған ермісің?!
Мың күн жортып жол-жалай,
Тауда безген құлжадай,
Жаһанды кезіп жүрмісің?!
Неге тыныш таппайсың,
Үйіңе неге қайтпайсың?
Шарламаған жерің жоқ,
Судан өзге құрлықты,
Жол ғып жортып таптайсың.
Мықты болса білегің,
Түкті болса жүрегің,
Атыңнан түс те, үйге кір... [3, 96]
Дастанда сонымен қатар көкемдегіш құралдардан эпитетті кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |