Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


-семинар: Дамыта оқыту технологиялары



бет25/46
Дата25.07.2023
өлшемі0,85 Mb.
#104786
түріСеминар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

14-семинар: Дамыта оқыту технологиялары.
Дамыта оқытудың бір жолы - деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының басты идеялары:

  • Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім алуына жағдай жасау;

  • Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей көңіл аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

  • Деңгейлеп оқыту оқытушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Сондықтан да деңгейлеп оқытуда оқушының жеке тұлға ерекшелігіне, психикалық даму ерекшелігіне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аудару керек;

  • Деңгейлеп-саралап оқытуда білімді игерудің негізгі төрт деңгейі (міндетті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) қарастырылады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалын әртүрлі деңгейде қабылдайды. Зерттеуші, ғалым В.П.Беспалько ұсынған бұл деңгейлер бүгінгі тәжірибеде қолданыс табуда. Оған дәлел бүгінде ана тілі оқулығында берілген білім мазмұнын оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, мағынаны тану, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруды көздей отырып, тапсырмаларды төрт деңгейге бөлініп берілуі.
Міндетті деңгейдегі тапсырманы әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді. Яғни, материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық.
Мүмкін деңгейдегі тапсырманы пәнге деген қызығушылығы жоғары, белсенді, өздігінен ізденуге қабілетті, шығармашылық тапсырмаларды ерекше ынтамен орындайтын, оның нәтижесіне қуанатын, оны жолдастарымен бөлісе алатын, уақыты мен күшін тиімді пайдалана білетін оқушы меңгереді.
Дифференция дегеніміз – оқушыларды қандай да ерекшеліктеріне сәйкес топтастырып оқыту. Дифференциялап оқытудың негізгі бағыттары: оқушыларды қабілеті бойынша топтау; кәсіби бағдар бойынша топтау; сынып ішінде дифференциялдау.
Жалпы білім беретін мектептерде дифференциялап оқытуда әр түрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде дифференциялдаудың маңызды түрі – деңгейлік дифференция болып отыр. Оның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың дифференциялануы.
Бұл деңгей - барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік алады.
Міне, осыған орай оқушыларға қиын тиетін пәндер мен меңгеруге тиісті деңгейді таңдауға мүмкіндік бере отырып, оған қоса міндетті дайындық шегін талап етіп, оларды қабілеттеріне сай және қызығушылығын тудыратын бағытқа бағыттаймыз, қабілеттің толық ашылуына мүмкіндік береміз. Сонымен бірге оқушының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеміз.
Оқытуда деңгейлік дифференцияны жүзеге асыру оқытудың арнайы технологиясын жасақтауды қажет етеді. Соның ішінде білімді бақылау жүйесіне толығырақ тоқталайық: жалпы бақылау мен бағалаудың ұйымдастырылуының оқыту үрдісінде маңызды рөл атқаратынын білеміз. Сонымен қатар бақылау мен бағалау оқыту үрдісінің барлық кезеңінде жаңа материалды меңгертуден бастап, тақырып аяқталғанға дейін қатысатыны белгілі. Бұл жоспарға сай қолданылып, жүрген дәстүрлі бақылау мен бағалау деңгейінің негізделгендігі. Осы жүйе бойынша талаптар жоғары деңгейде қойылады. Алайда бұл жүйе орташа және төмен оқитын оқушылар үшін өте ауыр.
Оқушылардың қабілеттеріне сай оқытуды дифференциялау олардың барлық топтарының мүдделерін еске алуды қажет етеді. Әр пәннің ерекшелігіне қарай оқушыдан іскерліктер жиынтығы сұралады. Негізгі іскерліктерге көңіл бөлінбейді.
Деңгейлік дифференциялаудың мақсаты – барлық оқушылардың базалық деңгейін қамтамасыз ету (білім берудің мемлекеттік стандарты бекіткен) сонымен бір мезгілде пәнге қызығушылық пен қабілет танытқан оқушылардың одан әрі қабілетін дамытуға жағдай жасау.
Бастауыш сатыда бақылау екі принципті кезеңді анықтау керек. Міндетті дайындық деңгей көлемінде материалды меңгергендігін бақылау және мүмкін деңгейдегі бақылау ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөліп алғаннан кейін орындаса, онда сынақ тапсырылды деп есептейміз.
Әдетте, тақырыптық сынақты сабақ үстінде жүргізген қолайлы. Өйткені, оқушы біліміндегі кемшілік дер кезінде жойылады. Қандай жағдайда болсын, оқу үрдісін жетілдіру білімділік дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Міне, осы сияқты мақсаттағы жұмысқа күнбе-күн айрықша назар аударып, шығармашылық ізденіспен қимылдасақ, оның жеміссіз болмайтыны белгілі. Деңгейлік тапсырмаларға қатысты талаптар, біріншіден, әр деңгейде берілетін білім көлемін белгілеу үшін, екіншіден, берілетін білім көлеміне қатысты әр деңгейде орындалатын тапсырмаларды іріктеп, таңдап алу үшін, үшіншіден, әр деңгейдегі тапсырмалардың қандай болуы керек, қандай мақсатта берілуі керектігі үшін, нақтыланды.
Орындалатын тапсырмаларға байланысты әр деңгейде қойылған талаптардың бір-бірінен айырмашылығы ескерілді. Бірінші деңгей мен екінші деңгейде орындалатын тапсырмалар бір-біріне ұқсамайды. Деңгейден деңгейге көшкен сайын тапсырмаларға қойылатын талаптар да артып, күшейіп отырады.
Әр деңгейдің өзіндік талаптарына сәйкес тапсырмалар жүйесі жасалады. Оқушыға берілетін мұндай тапсырмалар жүйесінің барлығын бір орталыққа бағындырып тұратын заңдылықтар болады. Ол заңдылықтар материалдарды оқытуда қолданылатын тапсырмаларды сұрыптап, таңдап алудың ұстанымдары деп аталады.
Сондықтан әр деңгейге қатысты қойылатын талаптарды ескере отырып, тапсырмаларды сұрыптап, таңдап алудың мынадай: 1) тапсырманың қызықтылығы; 2) тапсырма мазмұнының жүйелілігі; 3) тапсырманың жетекшілігі; 4) тапсырманың танымдылық ұстанымдары анықталды. Сондықтан оқушы 4 деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырыпты еркін меңгеріп, 1 деңгейдегі – қабылдаушы, 2 деңгейдегі – орындаушы, 3 деңгейдегі – ізденуші тарапынан өтіп, өз пікірі, өз айтар ойы бар жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі. Бұл деңгейдің алдыңғы деңгейден айырмашылығы:
- Алдыңғы деңгейлерде оқушыға тапсырмаларды орындау жолдары айқын берілсе, бұл деңгейде оқушының шығармашылық қабілетін айқындайтын және оны дамытатын тапсырмалардың мақсаты ғана беріледі. Ал оны орындау жолдары оқушының жеке шығармашылық қабілетіне байланысты.
- 1-3 деңгейлердегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жауаптары нақты болуы көзделсе, 4 деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың өзіндік көзқарасына, дүниетанымына, жеке қабілетіне және дарындылығына байланысты түрленген, бейімделген болады.
- Мұнда 3 деңгейдегі сияқты жаңа ақпарат емес, өмірдегі ақиқат оқушы қиялы арқылы танылады.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне даму бағытына байланысты.
Оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін жете зерттеген ғалымдардың бірі- И.Э.Унттың ойынша, оқушыларды жекелеп оқыту абсолютті емес, шартты түрде ғана жүзеге асырылатынын ескертті. Оның пікірінше, оқушыларды жекелеп оқыту сынып - сабақ жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты шартты болып табылады: әдетте жеке оқушының емес, шамамен ұқсас ерекшеліктері басым оқушылар тобының дербес ерекшеліктері ескеріледі, тек таныс ерекшеліктер немесе оқу үшін маңызды болып табылатын таныс ерекшеліктердің жиынтығы ескеріледі.
Сондай-ақ, оқушыларды жекелеп оқытудың нақты бір формасында мүмкін емес немес қажеттілігі шамалы ерекшеліктер де болуы мүмкін (мысалы, мінездің не темпераменттің кейбір қасиеттері); кейде дәл сол бала үшін ғана маңызды болып табылатын қасиеттер мен жағдайларды ескеру қажеттігі туады (мысалы, қандай да бір облыста таланттылығы, денсаулығының нашарлауы); оқушыларды жекелеп оқыту кейде оқу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінде емес, дүркін - дүркін немесе басқа да бір жұмыс (ұжымдық) формаларымен интегралданған түрде жүргізілуі мүмкін.
Сондай-ақ, В.М.Монахов жекелеп оқытудың үш аспектісін бөліп көрсеткен:
а) психологиялық тұрғыда жекелеп оқыту баланың талабын анықтауға оңтайлы жағдай жасауға негізделеді;
б) әлеуметтік тұрғыда ол интеллектуалды,шығармашылық әлеуетті ұйымдастыруға ықпал етеді;
в) дидактикалық тұрғыда мектептегі жетілген прлоблеманы шешуде дифференциялап оқытудың жаңа жүйесін жасаумен сәйкес келеді. М.В.Кларин дифференциялау оқушыларды әртүрлі профильде оқыту үшін топтарға бөліп, біркелкі емес, типтік мектептерде оқытуды көздейдейтінін айтқан.
“Проблемалық оқыту” ұғымы 20-30ж. кеңес және шетел мектептерінде кеңінен тарады. Проблемалық оқыту американ философы, психолог және педагог Джон Дьюидің (1859-1952) теориялық қағидаларына негізделеді, ол 1895 жылы Чикаго қаласында эксперименталдық мектеп ашты.
Д.Дьюидің философиялық және психологиялық көзқарастары бойынша адам қиыншылықтарға кездескенде ойлай бастайды, оны жеңудің ол үшін үлкен маңызы бар. Автор тұжырымдамасында мына сатыларды атайды: қиындықты сезіну; оны табу және анықтау; оны шешудің жорамалын жасау; эксперимент арқылы жорамалды тексеру мен басқалар. Кейіннен “қиындық” термині “проблема” деп атала бастады. Дьюидің пікірі бойынша, бүгінгі таңда, дидактиканың ұтымды жақтарын сақтай отырып оқытудың қазіргі технологиясы жасалынған, оның негізгі қағидалары:
1. бала адамзаттың танымдық жолын қайталайды;
2. білімді меңгеру (игеру) ерікті басқарылмайтын үрдіс;
3. бала материалды білім алуға деген қажеттілікті сусындатудың нәтижесі ретінде меңгереді;
4. білім беруді жетістікке жетелейтін жағдайлар: оқу материалдарын күрделендіру (таңқалу, әуесқойлық); бала белсенділігі (білімге тояттау); оқытудың бала өмірімен, ойынмен, еңбекпен байланыстылығы.
Проблемалық оқыту дегеніміз - мұғалімнің басшылығымен проблемалық ситуацияларды туғыза отырып, оны шешу жолында оқушылардың белсенді дербес іс-әрекетін ұйымдастыру, мұның нәтижесінде кәсіби білімді, біліктер мен дағдыларды шығармашылықпен игеру, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы іске асады. Проблемалық оқытудың қазіргі технологиясына тоқталсақ, білім берудің болашағы проблемалық оқытумен тығыз байланыста. Проблемалық оқытудың мақсаты ауқымды: ғылыми таным нәтижелерін меңгеріп қана қоймай, оны алудың жолдарын игеру; оқушының танымдық дербестігін ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту; білім, білік, дағды жүйелерін меңгеру және дүниетанымды ұйымдастыру.
Проблемалық оқыту дегеніміз-дидактика мен алдыңғы қатарлы педагогикалық практиканың қазіргі даму деңгейі оқу үрдісін ұйымдастыру проблемалық принципке негізделеді, сондықтан оқыту проблемалық деп аталады, оқу проблемалары жүйелі түрде шешіліп отырады. Педагогикалық әдебиеттерде бұл құбылыстың бірнеше анықтамалары бар. Айталық:
Проблемалық ситуация мен оқу проблемасы проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары. Оқу проблемасы ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтайтын, қызығушылықты оятатын меңгеру үрдісінің логикалық-психологиялық қарама-қайшылықтарының көрінісі. Оқу проблемасының екі негізгі функциялары бар:
1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушының проблеманы шешудің амалдарын іздестіруі;
2. Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілеттерін, қызығушылығын, іс-әрекет мотивтерін ұйымдастыру.
Мұғалім үшін бұл құрал: оқушының танымдық іс-әрекетін басқарып, оның ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Оқушының іс-әрекетінде ақыл-ой қабілеттері жанданады, білімі толығады. Әдістемелік ерекшеліктеріне қарай: мақсатты; ойланбаған жерден; проблемалық мазмұндама; эвристикалық әңгіме; проблемалық қойылымдар; проблемалық ойындық ситуациялар; зертханалық зерттеу жұмысы; проблемалық жаппай эксперимент; проблемалық ойлау эксперименті; проблемалық есеп шешу; проблемалық тапсырмалар болып бөлінеді. Проблемалық әдістердің ерекшелігі сонда, олар проблемалық ситуацияларды жасауға, оқушылардың танымдық белсенділігін оятуға, білімді, талдауды, білікті көкейкесті, заңды етуге негізделген. Проблемалық оқытудың қазіргі теориясында проблемалық ситуацияның екі түрі бар: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушылардың іс-әрекетіне, екіншісі оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты.
Педагогикалық проблемалық ситуациялар белсенді әрекет барысында, танымдық жаңалығын, маңыздылығын баса көрсететін мұғалімнің қоятын сұрақтарының көмегімен туады.Психологиялық проблемалық ситуациялардың тууы таза жеке тұлғаға байланысты. Проблемалық ситуациялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде түсіндіру, бекіту, бақылау барысында туады. Мұғалім ерекше әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып проблемалық ситуацияларды тудырады:
- мұғалім қарама-қайшылықты тудырады да, одан шығудың жолын табуды оқушылардың еншісіне қалдырады;
- практикалық іс-әрекетте қарама-қайшылық тудырады;
- бір сұраққа әртүрлі көзқарас білдіреді;
- оқушыларды салыстыруға, топшылауға, фактілерді сәйкестендіруге итермелейді;
- анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логикалық талқылауға);
- проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды;
- проблемалық тапсырмалар қояды (әдейі қате жіберілген, уақыты шектелген, сұрағы анық емес және т.б.).
Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:
- оқушылардың білім жүйесі мен ақыл-ой және практикалық іс-әрекет амалдарын меңгеруі;
- оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы;
- оқушылардың дүниетанымының негізгі болып табылатын диалектикалық – материалистік ақыл-ойының қалыптасуы.
Арнаулы функциялар:
- білімді игерудің шығармашылық дағдыларын тәрбиелеу (логикалық тәсілдерді, жеке амалдарды пайдалану);
- білімді шығармашылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеу (игерілген білімді жаңа ситуацияда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу.
- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін ұйымдастыру және молайту (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу).
Проблемалық оқыту барлық жағдайда бірдей тиімді бола алмайды. Практикада көрсетілгендей проблемалық оқыту үрдісі танымдық белсенділікті дамытуда, жаңа білімді меңгеруде оқушылардың әртүрлі білім деңгейін көрсетіп отыр. Шығармашылықтың түріне сәйкес проблемалық оқытудың үш түрін бөліп айтуға болады.
Біріншісі, теориялық шығармашылық оқушының өзі үшін жаңа ережені, заңды, теореманы ашуды. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою және оны шешуден тұрады;
Екіншісі, практикалық шығармашылық оқушының меңгерген білімін жаңа ситуацияда қолдануы, құрастыруы, ойлап табуы негізінде практикалық оқу проблемаларын қою және оны шешуі;
Үшіншісіне, көркемдік шығармашылық қиял негізінде болмысты көркем бейнелеу, оған әдеби шығарма, сурет салу, музыкалық шығарма жазу, ойын және т.б. енеді.
Проблемалық оқытудың барлық түрі оқушы іс-әрекетінің шығармашылығымен, проблеманы шешудегі ізденіспен сипатталады. Мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің сипатына қарай проблемалық оқытудың төрт деңгейін анықтауға болады:
- өзіндік емес белсенділік деңгейі – оқушылардың мұғалімнің түсіндіруін қабылдауы, проблемалық ситуация жағдайында ақыл-ой әрекетінің үлгісін меңгеру, оқушының өзіндік жұмысты орындауы, ауызша жауап;
- жартылай өзіндік белсенділік деңгейі – меңгерген білімді жаңа ситуацияда қолдана алу, мұғалімнің қойған проблемасын шешу;
- өзіндік белсенділік деңгейі – оқушы тапсырманы өзі орындайды, жаңа ситуацияда қолданады, құрастырады, күрделілігі орта деңгейдегі есептерді шығарады, жорамалдарды дәлелдейді;
- шығармашылық белсенділік деңгейі – шығармашылық қиялды, логикалық талдауды қажет ететін өзіндік жұмыстарды орындайды, жаңа амалдарды ашады, дербес шешім шығарып топшылайды, көркем шығармалар жазады.
Технологияны меңгеру іс жүзінде мұғалімнің жеке басын ғана дамытып қоймай, бүкіл жоғары мектеп ұжымын да дамытады.
Белгілі ғалым И.Я.Лернер: “Дамыта оқыту дидактика тұрғысынан жеке тұлға қалыптасуының бірте-бірте кеңейген аспектілерін қамтиды”-деді. Дамыта оқыту мысалы, жоғары кәсіптік білім деңгейінде шығармашылық жұмыс әдістерін меңгеруді талап етеді, өздігінен жаңа шешімдерді тиімді амалдармен табуды көздейді. Шығармашылық-бәсекелестікті ұйымдастыруда болашақ маманның тиімді де жетілген құралы болады,” - деген тұжырым жасаған.
Бұл көрсеткіштер оқушылардың ой-өрісі дамуының деңгейін сипаттайды. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың негізгі жағдайларының бірі–бұл проблеманы шешуге кеңінен қарау шығармашылық өмір талабы.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шартының бірі - оқу үдерісін оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру.
А.А. Вербицкийдің пікірінше, кәсіби білім берудің негізгі мақсаттарының бірі – студенттердің жоғары оқу орнында оқуы кезеңінде болашақ кәсіби қызметінің толықтай құрылымын қалыптастыру [1]. Бұл дегеніңіз, маманның тұлғасын қалыптастыруда мақсатқа жету үшін әрекеттің бір түрінен (танымнан) талаптары мен мотивтері де, мақсаты, құралы, пәні және нәтижесі де өзгерген екінші түріне (кәсібилікке) көшуді қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру керек. Бүгінгі күні маманды кәсіби дайындау үдерісінде оқу әрекеті мен кәсіби қызметінің арасында қайшылықтар бар екені белгілі. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-құзыреттілігін қалыптастыруда оқытудың белсенді әдістері мен технологияларын қолданудың маңызы ерекше.
ХХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық әдебиеттерде «білім беру технологиясы» термині пайда болды. Білім беру технологияларының пайда болуы мен қалыптасуы туралы шетел авторларының (Б. Блум, Д. Брунер, Г. Гейс, Дж. Кэрролл, Д. Хамблин және т.б.) және отандық ғалымдардың (С.И. Архангельский, Ю.К.Бабанский, В.В. Беспалько, П.Я. Гальперин, Х.К. Жампейісова, М.В. Кларин, Қ.Қ. Қабдықайыров, Ж.А. Қараев, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина, П.М. Эрдниев және т.б.) еңбектерінде талданған.
Қазіргі кезде үздіксіз білім беру үдерісінде білім беру технологияларын қолдану ең өзекті мәселеге айналды. Кәсіби білім беру технологияларының өзектілігін анықтайтын факторларға төмендегілерді жатқызуға болады. Біріншіден, білімді меңгеруде қажеттілерін таңдауда ақпарат көлемінің өте ауқымдылығы. Екіншіден, қазіргі кездегі өркениеттің дамуының техногендік бағытының сапасыз кәсіби маман дайындаудың шығыны туралы ойлауға мәжбүр етуі. Осындай себептер маман дайындаудың сапасын арттыру үшін тиімді білім беру технологияларын іздеуге мәжбүрлеп отыр. Өкінішке орай, дәстүрлі лекциялық-аудиториялық жүйеде оқыту барысында білім беру сапасын арттыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - делінген [2, 16].
Білім беру технологиялары әлеуметтік психология, психодидактика, кибернетика, менеджмент және басқару ғылымы сияқты теорияларға сүйенеді және оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Білім беру технологиясын оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін білім саласы; оқытуға ықпал ететін барлық факторларды есепке алу мен іріктеу негізінде оқытуда мейлінше жоғары жетістікке жету мүмкіндіктерін іздеуге бағытталған ғылыми білім саласы; білімді меңгерудің барлық аспектілерін қамтитын жоспарлаудың, қамтамасыз етудің, басқару мен бағалаудың кешенді, кіріктірілген үдерісі; қойылған білімдік мақсаттарды табысты іске асырудағы оқыту мен тәрбие үдерісінің әдістері мен құралдарының жиынтығы түрінде тұжырымдау кең тараған. «Білім беру технологиясы» ұғымынан басқа «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» (дидактикалық технология), «тәрбиелеу технологиясы», «тұтас педагогикалық үдеріс технологиясы», «педагогикалық үдерісті жобалау технологиясы», «педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы», «педагогикалық және өзара мақсаттас қарым-қатынас технологиясы» және басқалар қазіргі кезде педагогикалық лексионда жиі қолданылады..
Педагогикалық технологиялар В.П. Беспальконың [3], М.В. Клариннің [4], Б.Т. Лихачевтың [5], Г.К. Селевконың [6] және т.б. еңбектерінде зерттеліп, анықтамалар берілген. Ғалымдар В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев және басқалар «Педагогика» оқулығында педагогтың алдын-ала жоспарланған, ретімен жүзеге асырылатын педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттердің жүйесі ретінде қарастырылған «педагогикалық технология» ұғымын енгізді [7]. Сол сияқты К.Х. Закирьянов, Б.Т. Лихачев, А.П. Сейтешев және басқалар оқыту технологиясын әлеуметтік мәдени тұрғыдан зерттеген. Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер М.Ж. Арыстанов, Н.К. Ахметов, Б.А. Қойшыбаев, П.И. Пидкасистый, Ж.С. Хайдаров және басқалардың еңбектерінде терең зерттелуде.
Ғалымдардың пікірінше, педагогикалық технология үш түрлі өрісте көрінуі мүмкін : ғылыми, бейнелік және нақты. Бірінші жағдайда ол педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және оқыту әдістерін зерттеп, педагогикалық үдерісті жобалаушы бөлігі, аймағы болып табылады. Екінші орайда ол үдерістің жүру алгоритмі, жоспарланған нәтижеге жетудің мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдарының бірлігі, ал үшіншіден, барлық жеке, заттық және әдіснамалық құралдардың жұмыс істеп, жүзеге асуы ретінде қарастырылады [8].
Сөйтіп, педагогикалық технологияны оқытудың барынша ұтымды жолдарын іздейтін ғылым ретінде де, оқытуда қолданылатын тәсілдер мен принциптердің түсіндірме жүйесі ретінде де және нақты жүзеге асатын оқыту үдерісі ретінде де түсінуге болады. Педагогикалық технологияның мәні - шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу. Педагогикалық технологияның елеулі белгілері – ол педагогтың нақты түпкі ойынан туындайды, оның негізі автордың әдіснамалық, философиялық көзқарасы; педагогикалық әрекеттердің технологиялық тізбегі белгілі бір нәтиже күтетін мақсатпен құрылады; адами және техникалық мүмкіндіктерді даралау және саралау, диалогтық қарым - қатынас ұстанымдары негізінде тиімді пайдаланудағы білім алушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеті көздейді.
Барлық келтірілген анықтамаларға сүйенсек, педагогикалық үдеріс обьективті заңдылыққа бағынады және бұл заңдылық оқу үдерісінде неғұрлым кеңірек байқалса, солғұрлым мұғалімнің қойылған мақсатқа жету мүмкіндігі көбейеді. Ғалымдардың пікірінше, оқу үдерісін технологияландырудың негізгі критерийлері төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет