Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті



бет2/103
Дата10.07.2023
өлшемі0,81 Mb.
#104180
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Зерттеуші деп кімді айтады?
2. Ғылыми қызметтің мәні неде?
3. Ғылыми тілде сөйлеу стилінің басқадан өзгешелігі неде?
4. Зерттеушінің кіршіксіз модель жасап көріңіз.
5. Жеке зерттеу қызметінің алгоритмін жасап, оны түсіндіріп беріңіз.
6. Педагогикалық ғылым және оның саласы - дидактиканың эмблемасы мен девизін ұсыныңыз.


2-семинар. Қазіргі замануи психологиялық-педагогикалық зерттеулердің көкейкесті мәселелері. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздері.

Теориялық білім - ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы


Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері – педагогикалық факт, педагогикалық теория, педагогикалық заңдылық пен сипатталады. Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдістеменің негізі болады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқылы кеңейеді. Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістеріне көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Білім түрлерін сипаттамалары. Білім түрлерін ажыратып, оларды сипаттаудың сызбаларын құруға көшеміз. Алдымен бірнеше жалпы ескертпені жасаймыз.
Ой-қимылдарының сызбасын құруда мына өлшемдерді сызбалар қанағаттандырғанын ескеру керек:
1) жүйе құрушы қызметті атқара алатын, оқушыларға әңгіме туралы толық түсінікті қалыптастыруға көмектесетін;
2) оқушылар әңгіменің мақсатына қарай оларды ажырата алатындай ыңғайлы болса;
3) оқушылар әңгіме құруда қиындықтың сипаты мен себебін оңай талқылауға көмектесетін.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл сызбалар формасы бойынша сұрақтардың реттелген жиынтығын беру керек, яғни білім түрлерін түсіндіру жүйесінің элементтері рөлін атқаратын жиынтық. Мұндағы «жүйе элементі» деген термин білім бірлігін білдірмейді. Бұл нысан күрделі құрылымды беруі мүмкін. Сұрақтарға берілетін жауаптар білімнің қандай да бір түріне жеткілікті және ықшамды сипат беруі керек.
Құрылған сызбаны оқушылардың түсіндіру логикасын талдау үшін пайдаланамыз.
Енді сызбаларды құруға көшейік. Оны ғылыми теориядан бастаймыз. Оқушыларға теория түсіндірудің өзіндік нысаны ретінде көрініс береді. Оқушылар сызбаның барлық сұрақтарына жауап беруі керек немесе жауап бере алмайтын сұрақтарын уақытында ескеруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет