Мақсатты қызмет. Тьютор білім беру үрдісі мен мазмұнының тұтас көрінісіне сүйене отырып білім беруді жобалайды, соның негізінде ұзақ мерзімді(тұтас білім беру үрдісі бойына) және қысқа мерзімді(білім берудің белгілі бір элементіне байланысты) мақсаттарды айқындайды және қажет болған жағдайда түзетеді.
Мотивациялық қызмет. Егер де білім алушылардың осы саладағы қызығушылықтары жоғары дәрежеде көрініс тапса, онда білім беру жоғары деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізеді. Бұл жағдайда, «тьюьор» білім алушылардың білім алуға деген қажеттіліктерін туындатуға және соған жағдай жасауға тырысады. Тьюторға қойылатын басты міндет – білім алушының өз мақсаттарын анықтауына көмектесу.
Пәндік-теоретикалық қызмет. Тьютор білім алушылардың белгілі бір теоретикалық мазмұндағы курс материалын меңгеруін қадағалайды.
Рефлексиялық қызмет. Тьютор – бұл білім алушылармен орнатылатын «бейнелі» кері байланыс. Соның нәтижесінде тьютор өз жұмысының қаншалықты нәтижелілігіне баға бере алады.
Диагностикалық, жобалаушылық және коммуникативтік қызмет. Білім алушылар мен тьютор арасындағы қарым-қатынасты жоғарылатады. Сонымен қатар, берілген қызметті жоғары дәрежеде атқарады, нақты қызметті және рөлдерді меңгереді:
1. Қазіргі заманғы ғылыми білім жүйесіндегі тұтас педагогикалық үдерісті сипаттаңыз.
2. Педагогтарды ғылыми-зерттеу әрекетіне даярлау теорияларын бағалаңыз.
3.Қазақстан Республикасы педагогтарының инновациялық құзіреттілігін қалыптастыру технологияларына сипаттама жасаңыз.
4. Қазіргі дүние жүзіндегі педагогикалық білім беру мәселелері.
5. Педагогиканың шетелдік тәжірибесінің қазіргі жағдайда біздің педагогикалық практика үшін маңызы.
6. Зерттеу университетерінің ғылымды дамыту тетіктеріне сипаттама беріңіз.
7. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің құрамдас бөліктерін атаңыз.