Өркендер мен бүршіктер
Өркен
|
Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған сабақ
|
Сабақ
|
Өркен орналасқан негізгі орталық тірек бөлімі
|
Буын
|
Жапырақ өсетін сабақтың жуандау жері
|
Буынаралық
|
Бір буын мен екінші буын арасы
|
Ұзарған өркен
|
Буынаралықтардың ұзын болуы
|
Қысқарған өркен
|
Буынаралықтардың қысқа болуы
|
Жапырақ қолтығы
|
Жапырақтың сабаққа орналасқан жері
|
Бүршік
|
Бүршік - бастапқы өркен
|
Бүршік
Өсімдік бүршіктері сабақта кезектесіп және қарама - қарсы орналасады. Сыртын түрі өзгерген сыртқы жапырақтар – яғни тығыз қабыршақ қаптайды. Кейбір бүршік қабыршағыныңың жабысқақ болуы судың булануын азайтады. Ал, итшомырт бүршігінің қабыршағы болмайды. Бүршіктер құрылысы бойынша екі топқа бөлінеді – өсу бүршігі (вегетативті бүршік), гүл бүршігі(генеративті бүршік). Вегетативті бүршіктен жапырақ дамып жетіледі, гүл бүршігінен гүл жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |