Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет10/55
Дата05.05.2023
өлшемі212,97 Kb.
#90082
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Тамырдың түр өзгерістері


Тамырдың түрөзгерістері (метаморфоз) – тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік тамырының өзгерісі, әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуі



Тамыр түрөзгерісінің түрлері

Жемтамыр, емізік тамыр, тіреу тамыр, ауа тамыр, түйнекті тамыр.



Жемтамырлар

Органикалық заттардың негізгі тамырға қорға жинақталуынан жуандап, түрін өзгертуі.
Мысалы:
1.Асханалық - қызылша, тарна, шомыр, сәбіз, ақжелкек.
2.Техникалық – шашыратқы, қант қызылшасы.
Жемтамырлы өсімдіктердің көпшілігі 2 жылдық, ал, шалғам 1 жылдық өсімдік.



Емізік тамыр

Сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Пішіні, түсі басқа тамырларға ұқсамайды, паразит өсімдіктерде дамиды және топырақта болмайды.
Басқа өсімдікке жанасқан кезде пайда болып, қышқыл бөліп, қабығын ерітеді де өңіне еніп, емізік тамырға айналады, одан дайын органикалық заттарды сорады. Мысалы, арамсояу, сұңғыла.



Тіреу тамыр

Тропиктік орман ағаштарында болатын қосалқы тамыр. Мысалы – үнді фикусы, басқа ағаштың діңіне жабысып өседі, дами келе топыраққа жетіп, саны көбейіп жуандайды. Ағаштың діңі жіңішке, сұлбасы үлкен болып, тіреу тамырларға сүйеніп өседі.



Түйнек тамырлар

Барлық тамырларында қоректік зат қорға жиналады. Мысалы, батат, шырыш, нарғызгүл, таушымылдық. Тамырларының жуандап, шырынды болуының себебі - қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін бейімділігі.

Ауа тамыр

Сазды, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктерде сабағынан ауа тамырлар дамиды.
Мысалы – мангр ағашы, айұрық, монстера, сауыр (тамырларының ұшы батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа), ал сүйсін ағаш діңіне жабысып өседі, оның тамыры ағаш қабығынан аққан жаңбыр суын сіңіреді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет