Экологиялық топтар
|
Экологиялық топ - белгілі бір орта факторларына қатысты өсімдіктің бейімделуі, оның бірнеше тобы бар: гидатофиттер, гидрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер.
|
Гидатофиттер (гр. «гидатос» - су, «фитон» - өсімдік)
|
Тұтастай суда тіршілік ететін өсімдіктер. Сабағында тірек ұлпасы болмайды. Денесін судың көмегімен ұстап тұрады. Жасушааралығы ірі, ауаға толы. Мысалы – элодея, балдырлар, т.б.
|
Гидрофиттер (гр. «гидрос» - сулы, «фитон» - өсімдік)
|
Көбінесе су жағалауында өсетін және суды мол қажет ететін ылғалды орта өсімдіктері. Мысалы – тұңғиық, күріш, т.б.
|
Мезофиттер(гр. «мезазос» - орташа, «фитон» - өсімдік)
|
Ылғалдылығы орташа аймақ – орман, шалғындық өсімдіктері. Жапырақтары ашық, ірі болады. Мысалы – қайың, алмұрт, шалғындық, ауылшаруашылық өсімдіктері.
|
Ксерофиттер(гр. «ксерос» -құрғақ, «фитон» - өсімдік)
|
Суы аз топырақ пен құрғақ ауалы жерлерде өседі. Олар құрғақ(склерофиттер) және шырынды (суккуленттер) болып бөлінеді. Мысалы: Склерофиттер – сексеуіл, жантақ, селеу, т.б.. Суккуленттер - алоэ, кактус.
|
Өсімдіктердің тіршілік ортасы
Өсімдіктің тіршілік ортасы
|
Өсімдіктердің тіршілігін қамтамасыз ететін 4 тіршілік ортасы бар, олар – су, құрлық – ауа, топырақ, тірі ағза денесі.
|
Су – тіршілік ортасы
|
Өсімдіктер жарық жақсы түсетін судың беткі қабатында өседі. Ондағы температура +4ОС, +25ОС шамасында болады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |