1.Ересектері өкпесімен, (суда қосымша терісімен) ауадағы оттегімен тыныс алады.
2.Дернәсілдері желбезек арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.
Ас қорыту жүйесі
Ауыз→ жұтқыншақ қуыс- аңқа→өңеш→қарын→ішек→тоқ ішек→ клоака.
Бауыр өті мен ұйқы безінің сөлі ішекке ашылады. Сілекей безі алғаш пайда болған, өзегі ауыз қуысына ашылады.
Тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі ауызының алдыңа бекіген, ұщы артқа қайырылып бос жатады.
Қан айналым жүйесі
Салқын қанды. Қанайналымы екі шеңбер – кіші және үлкен: 1.Үлкен қанайналым шеңбері қарыншадан басталып, оң жақ құлақшаға құяды.
2.Кіші қан айналым шеңбері қарыншадан шығып, теріден, өкпеден келіп, сол жақ құлақшаға құяды.
Жүрегі 3 бөлікті (1 қарынша 2 құлақша).
Дернәсілінің жүрегі 2 бөлікті, қанайналымы бір шеңбер.
Алғаш кіші қанайналым шеңбері пайдаболған.
Денесінде көк тамыр және салатамыр қаны аралас таралады, сондықтан дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелді.
Зәр шығару жүйесі
Ұзынша келген 2 бүйрек, 2 несепағар, қуық.
Жүйке жүйесі
Ми және жұлын. Миы 5 бөлікті – алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Мишығы нашар жетілген. Ортаңғы миы жақсы дамыған.
Сезім мүшелері
1.Екі көзі, ( көз бұршағы қос дөңесті линза тәрізді, қабақтары жақсы жетілген). 2.Есту мүшесі - дабыл жарғақшасы, ортаңғы құлақ, үш түтікшелі ішкі құлақ. Ортаңғы құлақ қуысындабір ғана үзеңгі сүйегі бар. Ең алғаш ортаңғы құлақ пайда болған.
3.Иіс сезу және дәм сезуі нашар дамыған.
Көбеюі.
Дара жынысты. Аналығы суға уылдырық шашады, ұрықтану суда жүреді, көпшілігі сырттай ұрықтанады. Дернәсілі суда түрленіп дамиды. Оны шөмішбалық не итшабақ деп атайды.