Тасбақалар отряды
Жер шарындағы түр саны
|
250-ге жуық түр
|
Тіршілік ортасы
|
Теңіз және құрлық
|
Дене құрылысы
|
Денесі сүйекті-мүйізді,жұмсақ терілі сауытпен қапталған.
|
Өкілдері
|
Батпақшыл тасбақа, дала тасбақасы, сорпалық жасыл тасбақа, теңіз тасбақасы
|
Крокодилдер отряды
Жер шарындағы түр саны
|
30 – ға жуық
|
Тіршілік ортасы
|
Тропиктік елдер (өзен, көлдер)
|
Негізгі тұқымдастары
|
1.Нағыз крокодилдер.
2.Қолтырауындар
3.Азғы тұқымдасы (гавиалдар)
|
Ерекшелігі
|
Басында, аналь тесігінің маңында аздаған бездері болады. Тістерінің саны көп. Терісі бағалы.
|
Жүрегі
|
4 қуысты
|
Тұсмықбастылар отряды. Гаттерия
Тіршілік ортасы
|
Жаңа Зеландия аралдары
|
Дене құрылысы
|
Тұрқы 75 см, салмағы 0,5 – 1 кг. Жоны мен құйрығының үстіңгі жағында 3 бұрышты қабыршақтардан тұратын жалы бар. Екі көзінің ортасында, төбе тұсында жарық сезгіш жасушалы төбе көзі бар.
|
Ерекшелігі
|
Өте ертеден тіршілік етеді, «тірі қазынды» деп аталады. 50 ж асатам тіршілік етеді. Түнде белсенді.
|
Көбеюі
|
20 жылда жыныстық жетіледі. 8 – 15 жұмыртқа салады, ұрығының жетілуыне 12 – 15 ай қажет.
|
Құстар класы
Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология
Жер шарындағы түр саны
|
8 600 түр.
(Қазақстанда 500 – ден аса түрі бар).
|
Тіршілік ортасы
|
Құрлықта және суда кездеседі.
|
Пайда болған
|
Бор кезеңінде архозаврлардан пайда болған деп есептеледі
|
Ерекшелігі
|
Ұрыққабықты жануарлардың ұшуға бейімделген класы. Дене температурасы жоғары, тұрақты, жылы қанды (+41ОС, +43ОС).
|
Дене құрылысы
|
Денесі - бас, мойын, тұлға болып бөлінеді. Салмағы 1,5 грамнан 80 – 90 кг – ға дейін жетеді.
|
Терісі
|
Терісі жұқа, құрғақ, бездері өте аз. Кейбір құста құйымшақ безі болады.
|
Терісінің қосалқы бөлімдері
|
Қауырсындар, мүйізді тұмсығы, жіліншік, саусақтарындағы мүйізді қабыршақтар. Қауырсынның теріге енетін бөлігі – қаламша, өзегі – сояу, оның екі жағындағы түзіліс – пәрі. Пәр мұрттан және мұртшалардан тұрады.
|
Қаңқасы
|
Қаңқасы - бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен қанаттары, жамбас белдеуі мен аяқтары және кеуде қуысы.
Омыртқа жотасы 5 бөліктен тұрады - мойын, арқа, бел омыртқалар және сегіскөз бен құйрық омыртқалар.
Мойын омыртқа саны 11 – 25 – ке дейін, өте қозғалмалы, басын 180О – қа, жапалақ пен тотылар 270О – қа бұра алады.
Арқа омыртқалар саны 3 – 10 –ға дейін.
Кеуде қуысы төссүйектен, қабырғалар мен арқа омыртқалардан тұрады.
Ұшатын құстарда төс сүйегінің алдыңғы жағында қыртөс бар. Түйеқұстар мен жапалақ, тотыда қыртөс болмайды.
Сегіскөз 10 – 22 омыртқадан тұрады.
Құйрық омыртқалар (6 – 9) құйымшақ сүйекпен аяқталады.
Иық белдеуі екі жауырыннан, екі бұғанадан, екі қарға сүйектен құралған.
Қанаттарындағы сүйектер – тоқпан жілік, кәрі жілік және саусақ сүйектер.
Жамбас белдеуі екі жамбас сүйектен құралған.
Аяқ сүйектері – ортан жілік, сирақ, жіліншік, саусақ сүйектер. Толарсақ пен табан сүйектері бірігіп жіліншік түзеді. Саусақ саны 3 не 4, тек Африкалық түйеқұста 2 саусақ болады.
|
Бұлшықеті
|
Бұлшықеті жақсы дамыған, мысалы:
1.Көкірек бұлшықеті
2.Аяқ бұлшықеті
3.Қабырғааралық бұлшықеттері
4.Мойын бұлшықеттері
|
Тынысалуы
|
Танаутесігі→жұтқыншақ→көмекей→кеңірдек→
2 ауатамыр→ ауа қапшықтары.
Ауа қапшығының ауданы өкпеден 10 есе үлкен болады.
Кеңірдектің екі ауатамырға тармақталған жері төменгі көмекей деп аталады. Осы арқылы әнші құстар дыбыс шығарады. Ауа қапшығында газ алмасу жүрмейді.
Құстар ұшқан кезде: тыныс алған кезде де, тыныс шығарған кезде де денедегі қан оттегіге 2 рет қанығады. Оны қосарлы тынысалу деп атайды.
|
Ас қорыту жүйесі
|
Тістері болмайды. Тұмсығы тұмсықүсті және тұмсықасты бөлімдерден құралған.
Ауыз→өңештің кеңейген жері жемсау→қарын(безді қарын және етті қарын)→аш ішек→тоқ ішек, →тік ішек→клоака.
Бауырдағы өт өзегі мен ұйқы безі өзегі аш ішекке ашылады. Етті қарын тек құстарда болады, тістің қызметін атқарады.
|
Қан айналым жүйесі
|
Тұйық. Жылықанды. Жүрегі 4 бөлікті, екі қарынша, екі жүрекше. Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Денеде тек артерия қаны тарайды. Қанайналымы 2 шеңбер – кіші және үлкен қанайналым шеңбері.
Үлкен қанайналым шеңбері – сол жақ қарыншадан шыққан артерия тамыры денеге оттегін беріп, көмірқышқыл газын алып, оң жақ құлақшаға құяды.
Кіші қанайналым шеңбері – оң жақ құлақшадағы вена тамыры оң жақ қарыншаға өтіп, өкпеге барып, оған көмірқышқыл газын беріп, өзі оттегімен қанығып сол жақ құлақшаға құяды.
|
Жүйке жүйесі
|
Ми және жұлын. Миы 5 бөлікті – үлкен ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми, мишық, сопақша ми. Мишық жақсы дамыған, ми қыртысы пайда болған.
|
Сезім мүшелері
|
1.Екі көз. Көздері өте қырағы.
2.Есту мүшесі - ішкі және ортаңғы құлақ.
3.Иіс сезімі нашар жетілген.(Тек дауылпаз бен киви қорегін иісі арқылы табады).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |