Жер шарындағы түр саны
|
5 000 түр
|
Пайда болған
|
Сүтқоректілер аңтісті кесірткелерден шыққан. Бор кезеңінде пайда болған деп есептеледі.
|
Зерттейтін ғылым
|
Маммология, териология
|
Тіршілік ортасы
|
Су, жер асты, құрлық, ағаш басы, аспанда ұшу.
|
Дене құрылысы
|
Тұрқы 4 см – 33 м. Салмағы 1,2 г - 150 т. денесі түкпен қапталған.
|
Тері жабыны
|
Терісі 2 қабаттан тұрады, май, тер, иіс, сүт бездері бар. Терінің қосалқы бөлімдері – түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар.
|
Қаңқасы
|
Бассүйек, омыртқа жотасы, кеуде қуысы, иық белдеуі, алдыңғы аяқтар және жамбас белдеуі, артқы аяқтар. Мойын омыртқасы – 7. Астыңғы жақ сүйек қозғалмалы байланысқан.
|
Бұлшықеті
|
Бұлшықеттері жақсы дамыған, алдыңғы және артқы аяқ бұлшықеттері әр түрлі бағытта орналасқан. Кеуде мен құрсақ қуысын көкет (диафрагма) бөліп тұрады.
|
Ас қорыту жүйесі
|
Етті ерін, ұрт, тістер (алғашында сүт тістер) – күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер. Ауыз қуысында 3- 4 жұп сілекей бездері бар.
Ас қорыту жүйесі: Ауыз қуысы→жұтқыншақ→өңеш→қарын→ аш ішек→тоқ ішек→ тік ішек.
(Күйіс қайыратын жануарлар қарны күрделі болады).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |