Сұқсыртәрізділер отряды
|
ТМД-да 20-ға жуық түрі кездеседі. Бұл құстар қорегін судан тауып жейді. Сусыз шөл даладан басқа жерлердің бәріне таралған. Өкілдері: сұқсыр(жыл құсы), т.б.
|
Гагаратәрізділер отряды
|
Әлемде 4-5 түрі бар, Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Ерекшелігі – саусақтарының арасында жарғақ болады. Негізгі қорегі – балық. Өкілдері: гагара, ала гагара, т.б.
|
Қазтәрізділер отряды
|
Жер шарында 150 – ден астам түрі бар. Дене құрылысындағы негізгі белгісі-саусақтарының арасында жүзу жарғағы болады. Жақсы жүзіп, жақсы сүңги алады. Көп түрінің тұмсықтары жалпақ және жиектерінде ара тісі тәрізді майда «тісшелер» болады. Тұмсығының ұшындағ ы қалыңдау бөлігі «мүйізгек» деп аталады. Балапандары ширақ. Өкілдері: аққу, қаз, үйректер, жабайы сұр қаз, барылдауық үйрек, боз үйрек, т.б.
|
Пингвинтәрізділер отряды
|
Әлемде 15 түрі бар. Тіршілік ортасы теңіздер, мұхит. Ұша алмайды, алдыңғы аяғы ескекке айналған, ондағы қауырсындары қабыршақ тәрізді құстар. Денесін тік ұстайды. Жүзгіш жарғағы бар. Қорегі – балықтар, теңіз жәндіктері. Өкілдері: император пингвині, галапагостық пингвин, корольдық пингвин, Адели пингвині, қоршаукөз пингвин, алтыншашты пингвин, көзілдірікті пингвин, т.б.
|
ХТҚО – ның Қызыл Кітабына тіркелген
|
Галапагостық пингвин
|
Орман құстары
Орман құстарының дене құрылысындағ ы ерекшелігі
|
Денелері шағын, қанаттар ы сүйір болады. Негізгі қорегі, тіршілік әрекеті орманға байланысты. Тырнақтары үшкір болып келеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |