Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет33/41
Дата03.05.2023
өлшемі222,29 Kb.
#89294
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Байланысты:
bio

Мысық тұқымдастар

36 түрі бар, ҚР-да 8 түр. Құрлықта, кейбірі биік таулы аймақта кездеседі. Өкілдері – сілеусін, қарақал, арыстан, таушер, барыс, жолбарыс, қабылан, ілбіс, қамыс мысығы, шағыл мысығы, сабаншы, т.б. Қар барысы биік тауда кездеседі, аналығы «таутан», күшігі «алан» деп аталады.



Киттәрізділер отряды



Жер шарындағы түр саны

80-ге жуық

Тіршілік ортасы

Мұхит, теңіз

Ерекшелігі

70 млн жыл бұрын арғы тегі құрлықта тіршілік еткен. Суда қайтадан тіршілік етуге көшкен. Өкпесімен тыныс алады, дене температурасы тұрақты, ұрығы құрсағында дамиды. Денесі сүйір, құйрығы қос қалақты, терісінің астында қалың май қабаты бар. Тері бездері, жүні, артқы аяқтары жоқ. Есту мүшесі жақсы дамыған, иіс сезімі жоқ. Өкілдері – көк кит, дельфин, кашалот, сойқы, т.б.

Көк кит

Көк кит – жануарлардың ең алыбы. Тұрқы 23 – 33 м. Тісі жоқ, оның орнына кит мұрты деп аталатын мүйізді тақташалар бар. Баласын 11 ай көтеріп, тұрқы 7-8 м, салмағы 2-3 т болатын 1 бала туады. Оны 2 емшегімен 7 ай емізеді. Көк кит ХТҚО-ның Қызыл Кітабына тіркелген.



Ескекаяқтылар отряды



Жер шарындағы түр саны

30-дан аса түр (ҚР-да Каспий теңізінде 1 түр – түлен мекендейді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет