5 бет
21 ақпан 2015 жыл №21-22
ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА
АЙНҰР КЕЛДІ АУЫЛҒА
БАЙҚАУ
Инабатты ару - 2015
БАЛАЛАРҒА — ЖАН ЖЫЛУЫ
Әкімін айшылық жерден күтіп
алатын қазақ ақынына да ықылас,
пейіл танытуда аянып қалмады.
Шоқай ауылындағы Октябрь-
Жеміс орта мектебінің маңына
келіп тоқтаған көлікті көпшілік
қаумалай түскен. Оқушылар
мен ұстаздардың ілтипатына
бөленген республикалық ақындар
айтысының бірнеше дүркін
жеңімпазы (көбіне бас жүлде), ел
еркесі Айнұр Тұрсынбаева мен
облыстық филармония әншісі
Мадина Сағымбекова сол ауылдағы
курстасы, мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жандос Досқожаны іздеп келіпті.
Уақыт тауып жұртпен жүздесу
барысында мектеп директоры
А қ м а р а л М ұ х а р и м о в а с ө з
сөйлеп, ел өнер иелерімен болған
«Сырласу» кешінің куәсі болды.
Кезінде Тараз қаласындағы
Мәдениет және өнер колледжінде
білім алған айтулы ақын жақында
ғ а н а К ө к ш е т ау, Қ о с т а н а й
қаласында өткен айтыстардан
жүлделі оралыпты. Бүлдіршін
күнінен сахнаны арман еткен
СЫРЛАСУ
Айнұр айтысқа алғаш 1992 жылы
шыққан көрінеді. Бастапқыда оны
ақын Серік Қалиев, Айтмұхамбет
Исақовтар баулыған болса,
жерлесіміздің бірі қостөбелік
Ахметжан Өзбеков те ой көмегін
беруде шет қалмаған екен. Бұл
күнде отбасымен Астананы мекен
еткен айтыскер өзі мен Сарадан
(Тоқтамысова) кейін сөз сойылын
сәтімен сілтей білетін қыз баланың
жоқтығын алға тартып, реті келсе,
табылса шәкірт боларлық бір
бұрымдыны тәрбиелемек ниеті
бар екенін де білдірді. Курстасы
Жандоспен білімгер болған жас
кездеріндегі бастан өткен қызықты
оқиғаларымен бөлісті. Өз кезегінде
Мадина Сағымбекова да сегіз жыл
бірге оқыған күйеуі музыкант
екенін, отбасында екеуіне ортақ
екі қызы бар екенін, алғашқыда
Қаратау қаласындағы бір мектепте
небәрі үш-ақ ай ұстаздық етіп,
содан кейін түбегейлі осы өнер
жолына ден қойғанын әңгіме
арасында жеткізді. Айтқандай,
мектеп мұғалімі Фая Истаеваның
қойылым барысында күліп те,
жылай да алатын кәнігі әртіске
тән талантына қонақтар жоғары
баға беріп өтті. Сондай-ақ, Фаяның
Айнұрға бір шумақ өлең жолдап,
одан жауап күткенде Айнұр
іркілместен:
Көпшілік сауал жолдады,
Дәстүрдің бірі ол-дағы.
Бағалай білер халықпыз,
Әр асылды қолдағы.
Әлі талай келерміз,
Жақсы боп тұрса егерде,
Жамбылымның жолдары.
Біз келген кезде әйтеуір,
Жыламасаңыз болғаны, – деп
суырыпсалмалығын дәлелдей
түсті. Көпшілікті өнерімен
сусындатқан әнші және ақынмен
еркін сырласып, жолдаған
сауалдары арқылы тың деректерге
қанықты.
Нұрым СЫРҒАБАЕВ,
Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.
ҚАМҚОРЛЫҚ
Жақында Бірлесу-Еңбек орта мектебінде әлеуметтік жағдайы төмен
және аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлық көрсету мақсатында
«Жан жылуы» атты акция өтті. Акцияда сөз алған мектеп директоры
Бақытбек Иманбеков «Адам бойындағы сезімталдық, қамқорлық сияқты
қасиеттер риясыз көңілмен жақсылық жасауға жетелейді» – деп, келген
қонақтарға ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ ауыл мешітінің имамы Сәкен
Жолдасбаев (суретте), ата-аналар комитетінің төрайымы Халима Наралиева
қамқорлық жайында сөз қозғап, жылы лебіздерін білдірді. Акция барысында
концерттік бағдарлама ұсынылып, қойылымдар көрсетілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген дана
халық. Осы сөзді жүрегімен қабылдаған әрбір демеуші балаларға қуаныш
сыйлағанын біліп, риза болса керек.
Ұ. АЛИМБАЕВА,
мектептің әлеуметтік педагогы.
Жуырда Қ.Сартбаев атындағы орта мектепте директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Қ.Селеубаеваның ұйымдастыруымен «Аялы
алақан» атты қамқорлық акциясы болып өтті. Оған мектеп ұстаздары
мен ата-аналар, жоғары сынып оқушылары қатысып, демеушілік жасады.
Акциядан жиналған қаражатқа әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы
отбасы балаларына мектепке қажетті оқу құралдары алынып, таратылды.
Іс-шараның өтуіне ұйытқы болған мектеп директоры Жанат
Шардарбекова қамқорлық құшағына енген балаларды құттықтап,
демеушілерге алғысын жаудырды.
М. МҰСЫЛМАНҚҰЛОВА,
әлеуметтік педагог міндетін уақытша атқарушы.
АКЦИЯ
Жуырда Б.Бесбаев атындағы орта мектепте 7-10 сынып оқушылары
арасында «Инабатты ару - 2015» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты қазақ
қыздарын имандылық, инабаттылық, ізгілік, ісмерлік сияқты халқымыздың
ізгі қасиеттеріне тәрбиелеп, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен өнегелі өнерін
сақтап, бағалауға бағытталды. Қатысушылар бес бөлім бойынша сынға
түсті. Анығы, «Сымбатты жанның айнасы», «Шаңырақтың шамшырағы»,
«Анадан тәлім алған қыз», «Кітап сүйген көркем», «Қыз өссе елдің көркі»
бөлімдері бойынша білімі мен өнерін ортаға салды. Байқау барысында
қатысушылар өздернің жақсы дайындықтарын көрсетіп, көрермендерді
риза етті.
Тартымды да әсерлі өткен байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені
Ақтоты Қонысбай жеңіп алса, бірінші орынды Аружан Әбдіжәмит иеленді.
Орынкүл Аманжол екінші орыннан көрінсе, Аружан Мирова үшінші
орынды қанағат тұтты.
Марал ЭЛЬДАРОВА, мектеп тәлімгері.
Имандылық – адамның
қоғамдағы, күнделікті
өмірдегі іс-әрекеттерін
белгілі бір қалыпқа
түсіретін ішкі рухани
реттеуіш қадір-қасиет.
Адам бойындағы
адамгершілік пен ізгіліктің
белгісі ретінде оның
ерекшеліктеріне көп
көңіл бөлінген. Жарық
дүние есігін ашқан
әрбір адамның өсіп-
ержетуі, тіршілік жасауы,
сыйластық пен әдептілік,
инабаттылық тәрізді
маңызды мәселелер
имандылықтың құрамдас
бөлігі ретінде назардан
тыс қалмаған.
Осы тұрғыда жақында Төле
би атындағы орта мектептің
ұжымы «Иман – әдептілік белгі-
сі» тақырыбында ауданның
б а с и м а м ы Ғ а й ы р фул л а
қажы Қуанышбекұлы және
Қараке мер мешітінің имамы
Әлдибай Шалқаровпен кездесу
өткізді. Кездесу барысында
имандылық жайында кеңінен
ой өрбітіліп, экраннан «Әлемді
хақ дінімен нұрға бөлеген»
ат ты бейнесюжет көрсетілді.
Сондай-ақ мектеп түлегі
Нұрдаулет Сейдалиев терме
орын дап көптің көңіліне жол
тапса, Біржан Сүлейменов «Бір
мүм кіндік», Бекнұр Зейнуллаев
«Мәуліт күні», Дидар Дәтай
«Өсиет» өлеңдерін нақышына
келтіріп оқыды.
Сөз алған мектеп дирек-
торы Дәметкен Бегманова
шақырылған қонақтарға рахмет
айтып, зал ықыласына бөленген
оқушыларға ризашылығын
білдірді. Өз кезегінде дирек-
тордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Эльмира Жакенова
осы шараның кең көлемде
өтуі не барынша үлес қосқан
Нұрдаулет С ейда лиевке,
Нұржан Қазақбаевқа алғысын
жеткізді.
Халық ҚАМАУБАЕВ,
ауыл тұрғыны.
ІЗГІЛІК
ИМАНДЫЛЫҚ
НҰРҒА БӨЛЕЙДІ
Жақында Төле би атындағы орта мектепте директордың тәрбие
және құқық жұмысы жөніндегі орынбасары Эльмира Жакенованың
ұйымдастыруымен «Жол ережелері» тақырыбында АІІБ-нің жол және
техника аға инспекторы, полиция майоры Дүйсенғали Тубаев және
КТІЖИ полиция аға лейтенанты Айнұр Байжанисовамен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға жол ережесі мен қойылған белгілерге
немқұрайды қарамау, сондай-ақ жол апатының алдын алу үшін ережелерді
естен шығармау керектігі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Бұдан бөлек, «Жол
көлік апаттары» атты бейнебаян көрсетіліп, оқушылар көкейде жүрген
сұрақтарын қойып, толық мағлұмат алды.
Сарсен ХЫДЫРБАЕВ,
АӘД пәні мұғалімі.
КЕЗДЕСУ
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Діни экстремизм дегеніміз
– қоғамдағы дәстүрлі діннің
құндылықтарын жоққа шығару.
Дәстүрлі дінге жат «идеяны»
белсенді насихаттау. Зайырлы
қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға
белгілі бір діни конфессия бойынша
өз түсініктері мен көзқарастарын
насихаттау. Жоғарыдағы аталған
іс-әрекеттерді жасайтындарды
экстремистер дейді. Соңғы жылдары
экстремистер өз мақсаттарына
жету үшін «қанды террорлық»
әрекетті құрал ретінде қолданып,
әлемді алаңдатып отыр. Айтқандай,
экстремизмнің қай түрі болса да
тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық
қауіпсіздігіне, елдің аумақтық
тұт астығына, азаматт ардың
құқығына және бостандығына
үлкен қауіп төндіреді.
Елімізде 2005 жылдың 18
ақпанында «Экстремизмге қарсы
іс-қимыл туралы» Заң қабылданды.
О с ы З а ң н ы ң 1 0 - б а б ы « Қ Р
мемлекеттік органдарының шет
мемлекеттердің органдарымен
және халықаралық ұйымдармен
экстремизмнің алдын алу, анықтау
және жолын кесу саласындағы
өзара іс-қимылы» деп аталады.
Жамбыл аудандық сотында
д а д і н и э кс т р е м и з м ж ә н е
т е р р о р и зм н а з а р д а т ұ р ғ а н
мәселе. Мекемелерде оған қарсы
бағытталған іс-шаралар жасалып,
насихат жұмысы жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары тарапынан
діни экстремизмге қарсы күрес
тақырыбында жиын үздіксіз
өтіп отырады. Басты мақсат –
мемлекетімізге төнетін қауіптің
алдын алу. Оған ауданның құқық
қорғау, сот, прокуратура, әділет,
ұлттық қауіпсіздік органдарының
қызметкерлері, дін және БАҚ
өкілдері қатысады.
Қ а з а қ с т а н – з а й ы р л ы
мемлекет. Мемлекет пен азаматтар
редикализмнің, экстремизмнің және
терроризмнің барлық түрлері мен
бой көрсетулеріне қарсы біртұтас
шеп құруға тиіс.
К. КЕНЖЕБЕКОВ,
Жамбыл аудандық сотының
судьясы.
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ - ҚОҒАМҒА ҚАУІП
Корь – острая вирусная инфекция, передаваемая
воздушно-капельным путем, характеризующаяся
воспалением слизистых оболочек полости рта,
дыхательных путей, глаз.
В 2013-2014 годах в нашем районе не было
зарегистрировано ни одного случая заболевания.
Однако в этом году, несмотря на то, что новый год
только начался, уже заболели три ребенка, что вызывает
основания для беспокойства. В первые 2-3 дня больной
заразен в моменты высыпания, затем вирус исчезает.
Инкубационный период – 10-12дней. Всего сыпь
держится три дня. Вначале она бывает мелкой, потом
сливается в пятна, с 5-6 дня пигментируется и держится
10 дней.
Корь часто путают с краснухой, у которой сыпь
появляется с первого дня заболевания, в основном на
разгибательных частях конечностей.
ВРАЧ ПРЕДУПРЕЖДАЕТ
БЕРЕГИТЕ СВОИХ ДЕТЕЙ
Характерным для кори является поражение
лимфатического аппарата (шейных, затылочных
узлов). У детей раннего возраста (до 3-5 месяцев) она
встречается редко, у тех, чьи матери не болели корью.
У таких детей корь протекает тяжело, с осложнениями.
Как уберечь ребенка от кори? В качестве
профилактики обязательна активная иммунизация, то
есть прививки, а также ревакцинация в 6 лет. Важное
место в предупреждении заболевания занимают
правильное питание и закаливание. Необходимо также
изолировать больного на 4 дня от начала высыпания,
не допускать заносов кори в детские коллективы.
Т. КОПБАЕВ,
врач-инфекционист.
ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛСЫН
Кезекші редактор
Н. СЫРҒАБАЕВ
Газет ҚР Инвестициялар
және даму министрлігінде
12.11.2014 жылы
тіркелген.
Тіркеу куәлігі №14622-Г
Біздің мекен-жайымыз:
Индексі 080200, Аса ауылы,
Абай көшесі, 78 үй.
Телефон: бас редактор 2-17-98
Бас редактордың орынбасары 2-20-24
Компьютер орталығы 2-13-44
Меншік иесі:
Жамбыл аудандық
«Шұғыла»-«Радуга» газеті
редакциясы» ЖШС
Редакция авторлардың
көзқарасы, жарнама мазмұны
үшін жауап бермейді.
Жарияланбаған хатқа
жауап қайтарылмайды.
Газет аптасына 2 рет, сәрсенбі,
сенбі күндері шығады.
Газета выходит 2 раза в неделю,
в среду и в субботу.
Индекс 68991
Газет «Шұғыла»-«Радуга» газеті редак-
циясында компьютерде теріліп, беттеліп,
«Қанатты қалам әлемі» ЖШС баспаханасында
басылады. Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 «б».
Электронды пошта:
asa_66@bk.ru
Тапсырыс №13
Таралымы 3000
Бас редактор
Сансызбай
МАХАМБЕТҚҰЛОВ
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН
Мамандыққа деген сүйіспеншілік жастайынан
армандай білген жанға ғана даритынын ұғынсақ, оның
әлдекімнен жұғысты болатыны тағы анық.
Гүлнәр дәрігер болуды мектеп қабырғасында
жүргенде-ақ армандады. Арман алдамайды екен.
Ол 1980 жылы Түркістан медициналық училищесін
қызыл дипломмен тәмамдап, енді Алматы қаласындағы
Спандияров атындағы медициналық институтқа
құжатын тапсыруға дайындалып жүргенде, көптен сөз
салып жүрген жамбылдық сері жігіт Сембек Октябрь-
Жеміс ауылындағы үйіне келін етіп түсіреді. «Қыз – жат
жұрттық» дегеніміз осы-дағы.
Гүлнәр сол жылы-ақ ауылдағы медициналық пунктке
фельдшер болып орналасады. Содан бері тынымсыз
еңбек етіп келеді. Халықтың ыстық ықыласына бөленген
фельдшер Гүлнәр Ділмішованың осы салада жүргеніне
35 жыл болыпты. Аудан басшыларынан алған Құрмет
грамоталары мен Алғыс хат, дипломдары аз емес.
– Мен үшін ауыл халқының алғысы қымбат, – дейді
ол өзі жайлы сұрай қалсаң.
Бүгінде шағын ауылға шаттық сыйлап жүрген
Гүлнәр Қалбырқызы жолдасы Сембек екеуі үш ұл,
бір қызының рахатын көріп отыр. Бәрі де жоғары
білімді мамандар. Кәсіпкерлікпен айналысатын кенже
ұлы Төлеби ғана үйленбеген. Қалғандары үйленіп, өз
алдарына отау тігіп кеткен. Үлкен ұлдары Әділ мектепте
тарих пәнінен дәріс берсе, Аханы мал дәрігері. Ал,
Ақнұры – тергеуші, полиция аға лейтенанты. Бүгінде
Пірімқұловтар отбасы үлгілі жанұялар санатында.
Дүйсенбек ОРМАНОВ.
Суретте: фельдшер Г.Ділмішова науқасқа дәрі егуде.
КӘСІБІН ҚАДІРЛЕГЕН
ҚАЗАҚСТАН – БІЗДІҢ ОТАНЫМЫЗ
МЕЙІРІМ ШУАҒЫ
Мектепте өтетін әрбір іс-шара
оқушының ой-өрісін дамытып,
пат риоттық с е зімін оятуға
бірден-бір себепші. Таяуда ғана
Б.Тайшапұлы атындағы орта
мектепте өткен онкүндік осы
сөзімізге дәлел болғандай.
Ө з і н - ө з і т а н у п ә н і н і ң
мұғалімі Бибіажар Қошқарбаева
мектеп директоры Кендебай
Оңғарбаевтың қолдауымен өткізген
«Махаббат пен шығармашылық
педагогикасы» атты тәрбие
сағаты мазмұнға бай, онкүндік
тақырыбына сай көрінді. Көрінгені
сол, мектеп кітапханашылары
С а р а Н а з а р б а е в а н ы ң
шығармашылығына байланысты
«Мейірім төгетін ана» атты
көрме ұйымдастырса, қазақ
т і л і м е н ә д е б и е т і п ә н і н і ң
мұғалімдері «Алтын жүрек
анамыз» тақырыбында мәнерлеп
оқу жарысын ұйымдастырды.
Мектеп мұғалімдері Қ.Қосаров пен
Г.Темірбекова «Өнеге – отбасынан»,
«Мейірімділік – асыл қасиет» атты
тәрбие сағаттарын өткізген. Негізгі
ұйымдастырушы Қ.Қошқарбаева
«Мейірім төгетін ана» және
«Кәусар бұлақ тұнығынан»
тақырыптары бойынша тәрбие
с а ғ а т ы н ж ү р г і з д і . Ұ с т а з
З.Молдақұлова оқушылармен
«Мейірімділік қасиеттері жоғары
және төмен» тақырыбында дебат
ұйымдастырды. Әлеуметтік
педагог Ж.Абласанова «Жүректен
– жүрекке» тақырыбы аясында
«Мейірімділік» акциясының өтуіне
мұрындық болды.
– Мен үшін онкүндікте
оқушылар ана, мейірімділік, отбасы,
қамқорлық, қайырымдылық және
басқа да ізгі қасиеттерді бойларына
сіңіре білсе, соның өзі маған
мақтаныш, – дейді ұстаз.
Ұстанымы дұрыс ұстаздың
жұмысы нәтижелі болады. Біз осы
онкүндікте осылай сезіндік.
Дүйсенбек ОРМАНОВ.
Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №178 шешімі негізінде
өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін Жалпақтөбе ауылы, Жалпақтөбе көшесі, 292-үйдің тұрғыны Юнусов
Абубакир Салмазовичтің атына берілген мемлекеттік акт (№0250885, кад.ном.: 06-088-097-230, жер учаск. көлемі
0,1385 га) және қабылдау комиссиясының жария етілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау туралы актісі
(№107, 07.08.2009 ж) жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.
Мектеп тәлімгері Шолпан Ибраимованың ұйымдастыруымен 2, 3,
4 сыныптықтар арасында өткен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты
танымдық ойын шарты бойынша оқушылар төрт кезеңнен тұратын, яғни,
таныстыру, мақал-мәтел айту, жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айту секілді
сыннан сүрінбей өтуді мақсат еткен. Бәрінің де тыңғылықты дайындықпен
келгені байқалды. Дегенмен, жарыстарда жүзден жүйрік шығатындардың
барын ескерсек, мұнда да оза шапқандар болды. Мектеп меңгерушісі
Айнакүл Сұраншиева бастаған қазылар алқасының шешімімен, бас жүлдені
4-сынып оқушылары жеңіп алса, І орынды 2 «Ә» сыныбы, ІІ орынды
3-сынып оқушылары иеленді. ІІІ орынды 2 «А» сыныбы қанағат тұтты.
Жеңімпаздарды мектеп меңгерушісі Айнакүл Сұраншиева мақтау
қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
Гүлхан НӘЛІБАЕВА,
Жамбыл атындағы бастауыш мектебінің мұғалімі.
Жуырда М.Әуезов атындағы орта мектептің спорт залында аудандағы
мектеп оқушылары арасында баскетболдан біріншілік өтті. Жарыстың
ашылу салтанатында аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Бекес Мыңбаев
командаларды құттықтап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ бас төреші Роман
Абдуллаев ойын ережесімен таныстырып болған соң, командалар қызу ойынға
кірісті. Төрт топтан 8 құрама ширек финалға шығып, өзара бәсекеге түсті.
Екі күнге созылған дүбірлі доданың нәтижесі бойынша Абай атындағы
орта мектеп бірінші орынды иемденіп, облыстық біріншілікке жолдама
алды. Ал, екінші орын Гродеково орта мектебіне бұйырса, үшінші орынды
Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектеп қанағат тұтты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табысталып, арнайы
сыйлықтар берілді.
Ахметәлім ӘБДІҚАДІРОВ,
дене шынықтыру пәні мұғалімі.
ҚР ІІМ ТЖК облыстық ТЖ депратаментінің тапсырмасы бойынша
аудандық ТЖ қызметкерлері «КазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік
филиалы Жамбыл газ шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, аудан
аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Адамдардың
жарақат алуы мен қаза болу оқиғаларының санын азайтуды мақсат еткен
аталмыш топ Полатқосшы ауылдық округі әкімшілігінің қатысуымен
Жалпақтөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Онда көпшілікке тұрғын
үйдегі газ қауіпсіздігі мен өртке абай болу ережелері түсіндіріліп, 365 дана
жадынама таратылды.
Таяуда Шайқорық орта мектебінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай
2-сынып оқушылары арасында «Ұлы Жеңіс – Ұлы мереке!», «Менің атам –
жеңімпаз» тақырыптарында шығарма байқауы өтті. Талапқа сай жазылған
шығармалар іріктеліп, жеңімпаздар анықталды. Нақтырақ айтқанда,
Айғаным Аманбектің туындысы үздік деп танылды. Қасымжомарт Ахалиев
ІІ орынды, Аяна Айдарбек ІІІ орынды иеленсе, 9-11-сынып оқушылары
арасында өткен «Мен – патриотпын» шығарма байқауында А.Мейрамбекова
І орынды жеңіп алды. Ал, Диляра Болатова мен Тілеумбек Қымбат ІІ
орыннан көрінсе, Аяулым Әбілдаева ІІІ орынды қанағат тұтты.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімі
Ш.Қазанбасов 9-10-сыныптар арасында пікірсайыс өткізді. Онда оқушылар
білімін ортаға салып, шығармашылық деңгейін көрсетті. Сондай-ақ сурет пәнінің
мұғалімі М.Жұбайділдаеваның ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы шежіресі»
тақырыбында сурет байқауы өтіп, жеңімпаздар мектепішілік лездемеде
марапатталды. Бұдан бөлек, мектеп кітапханашылары Ж.Шымырбаева мен
М.Исалиева «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Ұлы Жеңіске – 70 жыл», «Ата
заңымызға – 20 жыл» тақырыптарында көрме ұйымдастырып, оқушыларға
қажетті кітаптар таратты.
Гүлмира ЖАТҚАНБАЕВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Абай орта мектебінің акт залы бұл күні мерекедегіше безендірілді. Сахнаға
нақыл сөздер жазылып, шарлар ілінген. Сахнаға әр ұлттың киімдерін киген
оқушылар шықты. Әсем музыка естіледі. Осындай қуанышты жағдайда Бесағаш
ауылында тұратын әртүрлі ұлт өкілдерімен кездесу кеші өткізілді. Шақырылған
қонақтар әртүрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киген. Бесағаш ауылында 11 ұлт
өкілі тұрады.
Кешті мектеп директоры Қ.Сисенғалиев ашып берді. 9 «Б» сынып
жетекшісі Дана Ахметова мен музыка пәнінің мұғалімі Н.Қожахметованың
ұйымдастыруымен өткен кездесу кешіне мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері
де қатысқан. Іс-шара барысында олар өз ұлттарының ерекшеліктері, салт-
дәстүрлері, ұлттық тағамдары жайлы мәліметтер берді. Олар өз ұлттарының
өнерлерін ортаға салып, кездесуге келушілерді риза етті. Қазақ жерінде
өсіп-өніп, бейбіт өмір сүріп жатқандарын паш етті, қазақ еліне, Қазақстанға
рахметтерін айтты.
Кездесу соңында Бесағаш ауылдық округі жанындағы ардагерлер кеңесінің
төрағасы, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Ж.Бөрібеков келушілерге бата берді.
Кештің соңы мектеп оқушыларының концертіне ұласты.
С. ҮСЕНБЕКОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай
білуге, ананы сүюге тәрбиелеу, яғни, дүниедегі жақсылық атаулының бәрі
күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру мақсатында
«Махаббат пен шығармашылық педагогы» тақырыбында Құмтүйін
ауылдық кітапханасында Ильич орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің
мұғалімі Жамал Аташаева, ауылдық кітапхананың кітапханашысы
Эдиса Мамбеталиева болып онкүндік және «Мейірім төгетін ана» атты
кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қатысқан 5-сынып оқушылары
ана туралы мақал-мәтелдерін айтып, «Асыл ана» әнін орындады. Шара
соңында «Ана – алып бәйтерек» атты баяндама оқылып, оқушыларға кітап
көрмесіндегі кітаптар мен жаңа басылымдарға қысқаша шолу жасалды.
Ұлмекен ШЫҒЫРБАЕВА,
мектеп тәлімгері.
Отан үшін оққа кеудесін тосып, ерлерше қимыл көрсеткен шығыстың
қос шынары, Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия
Молдағұлованы бүкіл қазақстандықтар біледі.
Жуырда Жасөркен орта мектебінің өрендері, яғни, 7-10-сыныпта
оқитын Әлия мен Мәншүктің сіңілілері арасында «Біз – Әлия, Мәншүк
ізбасарымыз» атты байқауға қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Байқауға қатысқан Маржан Серікбаева, Ұлдана Шеңгелбаева, Айдана
Жүсіпова, Ұлжан Серікбайтегі 7 бөлім бойынша сынға түсіп, бірі өткір
өлеңдерімен әсер қалдырса, бірі Әлияның, бірі Мәншүктің бейнесін
сахналық қойылым арқылы көрсете білді. Енді бірі патриоттық ән шырқап
көпшілік көңілін тербетті.
Қорытындысында Айдана Жүсіпова байқау жеңімпазы, яғни, «Мерген
ару» атанды.
Тәрбиелік мәні зор байқаудан оқушылар тәлім алғаны даусыз.
Сәуле ДӘУЛЕТҚҰЛОВА,
Жасөркен орта мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ
Онкүндік
аясында
БІЗ – ӘЛИЯ МЕН МӘНШҮКТІҢ
ІЗБАСАРЛАРЫМЫЗ
ТЖ ҚЫЗМЕТІ
ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН
БІР МЕКТЕПТЕ
ЖЕҢІС ТУЫН ЖЫРЛАДЫ
ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН СЫР ШЕРТІП...
МЫҢ БІР МАҚАЛ, ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ
БАСКЕТБОЛ
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ
КЕЗДЕСУ