ТІЛ ФЕСТИВАЛІ
3 бет
21 ақпан 2015 жыл №21-22
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ҚҰРМЕТ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
СТАНДАРТТАРЫ ТУРАЛЫ
БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ
ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы
ж ы л ы ж ә н е « 2 1 а қ п а н –
Халықаралық ана тілі күніне»
орай аудан әкімдігі тілдерді
дамыту бөлімінің ұйымдастырумен
аудандық Мәдениет үйінде «Тілі
басқа – тілегі бір» атты тіл фестивалі
өтті. Оған Бесағаш ауылдық
округінен татар ұлты, Полатқосшы
ауылдық округінен дүнген ұлты,
Гродеково ауылдық округінен
орыс ұлты, Қаракемер ауылдық
округінен түрлі ұлт өкілдерінен
үміткерлер қатысса, қалған
Ақбұлым, Жамбыл, Айшабибі,
Қарой ауылдық округтерінен
шыққан топ кілең түрік ұлтынан
тұрды. Мемлекеттік тілді қолдану
аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің
маңызын кеңінен насихаттау және
түрлі этностардың ана тілдерін
дамытуына қолдау көрсету, өзге
ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді
білуге деген қызығушылығы мен
құрметін арттыруға ықпал ету,
ортақ Отаны Қазақстанға деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу және
олардың бойында қазақстандық
патриотизм сезімін қалыптастыру
көзделген сайыста аудан әкімдігі
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің бас маманы Жансая
Қазақстан Республикасында
м е м л е ке т т і к т і л б о й ы н ш а
бағдарламалардың басты мақсаты
– Қазақстанда тұратын барлық
этностардың тілін, мәдениетін
сыйлап, ұлт бірлігін нығайтып,
мемлекеттік тілді ауқымды
қолданып, оны насихатт ау
саясатын жүзеге асыру. Осы
мақсатта өскелең ұрпақтың
бойына мемлекеттік тілге деген
сүйіспеншілікті терең сіңіруге
талпынуымыз керек. Тәуелсіз
елдің әрбір тұрғыны ұлтына
қарамастан осыны ұғынуы тиіс.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін
көтеру, қазақстандық патриотизмді
насихаттау, өзге ұлт өкілдерінің
қазақ тілін оқып-үйренуге деген
ынта-ықыласын арттыру бүгінгі
күннің мерейлі міндеті болып
табылады.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық
қатынастардың барлық салаларында қолданылатын болғандықтан,
жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы
тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де,
саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі дамыған елдердің санатына енуді
көздеген халықтың басты мақсаты да – сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ана тілін
жақсы білмейінше, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңінен
толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес,
сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Тіл қай ұлтта, қай
елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,
қалыптасады. Сондықтан тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек,
әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз
шұбарлануына жол бермеуі тиіс.
«Ана тілі халық боп жасағаннан бері жандүниеміздің айнасы, өсіп-өніп
түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деп Жүсіпбек Аймауытов
айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкейінде ана тіліне деген
сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі болуы керек.
С. ТЕМІРБЕКОВА,
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Гродеково
селолық бөлімі реттеу залының басшысы.
Қ а з і р г і т а ң д а Х Қ К О -
тары арқылы 160 мемлекеттік
қ ы з м е т т ү р і к ө р с е т і л е д і .
Соның ішінде қызмет түрінің
бірі «Білім туралы құжаттарды
тану және нострификациялау»
көрсетілетін мемлекеттік қызмет
ҚР «Білім туралы» Заңының
39-бабының 4-тармағы, ҚР
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 10 қаңтардағы №8
бұйрығымен бекітілген Білім
туралы құжаттарды тану және
нострификациялау ережесінің
негізінде жүзеге асырылады.
ХҚКО-на өтініш берген
жағдайда мемлекеттік қызмет
көр се тудің мерзімі қажетті
құжаттарды тапсырған сәттен
бастап – 4 ай.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Білім туралы құжаттарды
тану/нострификациялау туралы
өтініш.
2 . Б і л і м ту р а л ы қ ұ ж ат
( қ а ж е т б о л ғ а н ж а ғ д а й д а
мемлекттік немесе орыс тіліндегі
аудармасымен бірге).
3. Білім туралы құжаттың:
өткен оқу пәндері мен практикасы
(бар болса) сағатының көлемі,
алған қорытынды бағалары,
курстық және бітіру кезіндегі
біліктілік жұмыстары, оқу процесін
құрайтын басқа да ақпараттар
бар қосымшасы (қажет болған
жағдайда мемлекеттік немесе орыс
тіліндегі аудармасымен бірге).
Заң аясында қызмет ету
– әрбір Қазақстан азаматының
парызы. Десек те, көп адам өз
құқығын пайдалана бермейді.
Мәселен, жылжымайтын мүлікке
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
жайлы біреу білсе, біреу білмес.
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне
ҚР-да кәсіпкерлік қызмет үшін
жағдайды түбегейлі жақсарту
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы»
Заңымен қолданыстағы бірқатар
Заңдар мен Кодекстеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізілгендігі
баршамызға мәлім. Оның ішінде
ҚР «Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы» Заңы, ҚР Азаматтық, Жер
кодекстері және басқалары бар.
Осыған байланысты мемле-
кеттік тіркеуге құжаттарын ұсынуға
келген жеке және заңды тұлғаларды
әуре-сарсаңға салмау үшін келесі
өзгерістерді тұрғындар назарына
ұсынуды жөн көрдік.
ҚР «Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы» Заңының 9-тармағына сәйкес,
осы баптың 4-тармағында көздел ген
жағдайларды қоспа ғанда, адам құқық
(құқық ауыртпалығы) туындауы үшін
заңдық факт басталған, оның ішінде
шартты нотариат куәландырған,
сот шешімі күшіне енген, өзге де
құқық белгілеуші құжаттар берілген
сәттен бастап алты айдан кешіктірмей
мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен
жүгінуге тиіс.
Оспанова, аудандық Мәдениет
ү й і н і ң ә д і с т е м е л і к б ө л м е
меңгерушісі Нұрила Исаева
қазылық етті.
Ереже бойынша жарысқа
қатысушылар «Таныстыру »,
« Ә р е л д і ң с а л т ы б а с қ а » ,
«Шығармашылық өнер», «Көрме
ұйымдастыру» бөлімдері бойынша
өнерлерін ортаға салды. Осылайша
әр ұлт өз өнерін паш етумен қатар
салт-дәстүр кезеңінде көпшілігі
«Келін түсіру» салтынан көрініс
көрсетті. Гродековолық орыстар
«Широкая масленица» атты
салтының бір апта бойы не үшін
мерекеленетінін және мерекедегі
әр күннің қалай аталатынын жете
түсіндірді. Түрік ұлты да «Келін
түсіру» тойында жаңа түскен келін
есіктен енгенде аяғымен ыдыс
сындыратынын, келіннің тілін
кесеміз бе, шашын кесеміз бе дегенде
өзгелер тілі кесілсін деп пышақпен
келіннің басындағы орамалды
ашып-жауып ырымдайтыны,
ененің келін уысымда болсын деп
орамал үстінде отыратыны және
одан бөлек «Қына күні» салты да
алға тартылды. Татар ұлтының
да келіні табалдырық аттағанда
жастықты басып тұратыны, келінге
бал мен май ішкізетіні, шашу
шашылып, көпшілікке сәлем
салатыны көрсетілсе, дүнгендердің
қалыңдықты қалай әкелетіні және
той үш күн тойланатыны, сыйлыққа
ел міндетті түрде ақша тарту ететіні,
жігіттің қайын-жұртына сәлем
беруге баратыны сахналанды.
Сөйтіп, барын салған байқауға
қатысушылар ішінен бас жүлдені
Айшабибі ауылдық округі иеленсе,
І орын Гродеково ауылдық округіне
бұйырды. Жамбыл ауылдық округі
ІІ орынды жеңіп алса, ІІІ орын
Ақбұлым ауылдық округі еншісіне
тиді. Қалған қатысушылар түгелдей
белгілі бір номинация бойынша
марапатталып, жеңімпаздарға
арнайы диплом мен бағалы
сыйлықтар тапсырылды.
Нұрым СЫРҒАБАЕВ,
Суретте: бас жүлде иегері
Айшабибі ауылдық округінің
өнерпаздары.
«Тіл – адам жанын танудың
кілті», «Асыл сөз – халқымыздың
ру ха н и қ а й н а р ы » д е й м і з .
Ал, батыр атамыз Бауыржан
Момышұлының «Адамның
санасы секілді тіл де өте құнды
құбылыс» деген сөзі бар. Олай
болса, жарық дүние есігін айқара
ашып, адам баласына жан бітіп,
ана сүтімен дарыған тілімізді
қастерлеп, асыл құндылығын
дәріптеп, ұлылығын паш ету –
перзенттік парызымыз.
«Дауға салса – алмастай қиған,
сезімге салса – болаттай балқыған,
ойға салса – қырандай қалқыған,
өмірдің кез келген орайында
әрі қару, әрі қалқан болған, әрі
байырғы, әрі мәңгі жас, отты да
ойнақы Ана тілінен артық қазақ
үшін бұл дүниеде қымбат не бар
екен?» – деп Елбасымыз айтқандай,
шырайлы да шұрайлы мемлекеттік
тіліміздің мәртебесін асқақтату
біздің азаматтық борышымыз
болып қала бермек.
Қазіргі таңда мемлекеттік
органдар мемлекеттік тілдің
кемелденуіне атсалысып, барлық
құжат айналымының қазақ тілінде
жүргізілуіне баса мән беріп, оның
өсіп-өркендеуі жолында қабырғалы
істер атқаруда. Әсіресе, өзге ұлттар
арасында қазақша сөйлейтіндер,
жаза алатындар санының артып келе
жатқаны жанымызды жадыратып,
көңілімізді көкке жеткізгендей.
Бұл құбылыс биылғы Қазақстан
халқы Ассамблеясы жылында
бұрынғыдан да жарқырай көрінеді
деген сенімдеміз.
Айгүл ТАНАШЕВА,
ҚАЖД ЖД 158/4 мекемесі
сотталғандар еңбегін
ұйымдастыру бөлімшесінің
бастығы, әділет капитаны.
ХҚКО ҚЫЗМЕТІ
4. Білім туралы құжаттың және
оның қосымшасының мемлекеттік
немесе орыс тіліне нотариалды
куәландырылған аудармасы.
5. Білім туралы құжат иесінің
жеке басын растайтын құжаттың
нотариалды куәландырылған
көшірмесі (қажет болған жағдайда
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі
аудармасымен бірге).
6. Оқу орнының мөрімен
расталған негізгі орта, жалпы
орта білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаттарды қоспағанда,
білім туралы құжатты берген
оқу орнын аккредиттеу туралы
лицензияның және/неме с е
куәліктің көшірмесі (қажет болған
жағдайда мемлекеттік немесе орыс
тіліндегі аудармасымен бірге).
Оқу орнының лицензиясы және/
немесе аккредиттеу туралы куәлігі
болмаған жағдайда, білім беру
ұйымы туралы қажетті ақпаратты
беру (қажет болған жағдайда
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі
аудармасымен бірге) қажет.
7. Төлем туралы түбіртек.
8. Уәкілетті өкілдің жеке
басын куәландыратын құжаты
(жеке куәлік немесе паспорт) және
алушының өкілі өтініш берген кезде
қызметті уәкілдікке өкілеттілігін
куәландыратын құжат.
А.ТУГЕЛБАЕВА,
Жамбыл аудандық
бөлімінің ХҚКО инспекторы.
АДАМ ЖӘНЕ ЗАҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
Жеке және заңды тұлғалардың
о с ы б а п т ы ң 1 - т а р м а ғ ы н д а
белгіленген мерзімді бұзуы
Қазақстан Республикасының
заңында көзделген жауаптылыққа
әкеп соғады. ҚР ӘҚБтК-нің
460-бабының талаптарына сай,
ҚР «Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы» Заңында белгіленген
мерзімін бұзған жеке тұлғаларға
он, заңды тұлғаларға жиырма айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салынады.
Аталған заңның 810-бабында
көрсетілгендей, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс бойынша
қысқартылған іс жүргізудің
негіздері көрсетілген, атап айтқанда,
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы іс бойынша қысқартылған
іс жүргізу, егер құқық бұзушылық
фактісін лауазымды адам оның
жас а лу орнында анықт ас а,
44-баптың бірінші бөлігінің бірінші
абзацына сәйкес ол үшін айыппұл
түрінде әкімшілік жаза көзделген,
оны жасаған, өз кінәсін мойындаған
жеке тұлға анықталған және
салынған айыппұл мөлшерімен
келіскен жағдайларда жүзеге
асырылады. Ал 811-бабына сәйкес,
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
іс бойынша қысқартылған іс жүргізу
тәртібі былай деп көрсетілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық
табылған және оны жасаған тұлға
белгіленген кезде, лауазымды
адам әкімшілік құқық бұзушылық
туралы хаттаманы оның жасалу
орнында жасайды және тұлғаға
көрсетілген айыппұл сомасының
елу пайыз мөлшеріндегі айыппұлды
жеті тәулік ішінде төлеу құқығын
түсіндіреді. Лауазымды тұлға
әкімшілік құқық бұзушылық туралы
хаттаманың көшірмесін адамға
белгіленген үлгідегі түбіртекпен
бірге тапсырады.
К ө р с е т і л г е н а й ы п п ұ л
сомасының елу пайыз мөлшеріндегі
айыппұл жеті тәулік ішінде төленген
жағдайда іс мәні бойынша қаралды
деп есептеледі. Осы тараудың
қағидалары бойынша қаралған
істі қайта қарау осы Кодекстің
46-тарауында белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылады.
Осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген құқық пайдаланылмаған
немесе тиісінше пайдаланылмаған
жағ дайда әкімшілік құқық бұзу-
шылық туралы іс бойынша іс
жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге
асырылады.
Жоғарыда көрсетілген заң нор-
маларын басшылыққа ала отырып,
азамат тардан жылжымайтын
мүлік ке құқықтарды мемлекеттік
тіркеуге құжаттарын беру мерзімін
бұзбай, яғни 6 ай мерзімін өткізбей
құжат тарын уақытылы тіркеуге
тапсыруын сұраймыз.
Әр заңның соңында адам
тағдыры тұрғанын ұмытпаған абзал.
Халыққа қалтқысыз қызмет көрсету
– біздің төл міндетіміз.
Жамбыл аудандық Әділет
басқармасы.
4 бет
21 ақпан 2015 жыл №21-22
ӨРЕНДЕР ҮШІН ӨНЕГЕ
Қайсыбір ауылға бармаңыз, Ауған жерінде ізі қалған жауынгерді
кезіктіретініңіз анық. Бір Өрнек ауылында он адам бар. Жуырда ауған
соғысы ардагерлерінің бір тобымен, яғни, ауыл кітапханасының
меңгерушісі Жанат Садуалиева мен Жұма елді мекенінің кітапханашысы
Кәмшат Ақбөртееваның ұйымдастыруымен кездесу кеші өтті.
Қонаққа келген ауған жауынгерлері Қайрат Айтқұлов, Әбдірәлі
Стамқұлов, Бақыт Қонарбаев және ауған соғысы жауынгерлеріне
теңестірілген Нұрмақан Дәулетбеков жүріп өткен жолдары жайында
әңгіме өрбітсе, ауыл өнерпаздары ән-күй, би-жырмен ардагер
ағаларының көңілін баурады. Кітапханашылар кітап көрмесін
ұйымдастырды. Олар сол ауған соғысында қаза тапқан жерлестері
Ережеп Саухатовты бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт
Қабылов, клуб меңгерушісі Ермек Әбдиев жылы лебізін білдірсе, ауыл
кәсіпкері Қарлығаш Жақыпбекова ардагерлерге ескерткіш сыйлықтар
табыстады.
Д. САЛЫМҰЛЫ.
Ерназар ауылдық кітапханасының меңгерушісі Әйгерім
Өмірәлиеваның ұйымдастыруымен «Жанымды жаралаған Ауғанстан»
атты кездесу кеші болып өтті. Оған ауған соғысының ардагері, жауынгер-
бітімгер, ұлағатты ұстаз Қалмырза Есалиев қатысып, Б.Кейкиев атындағы
орта мектептің 4-6 сынып оқушыларына қажетсіз соғыстың қасіреті
жайлы мағлұмат берді. Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа, өз елінің
патриоты болуға үндеді.
Кездесу барысында көпшілікке ауған соғысы жайлы слайд көрсетіліп,
кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ауған соғысында қаза тапқандарды еске
алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланды. Бұдан кейін оқушылар өз ойларында
жүрген сұрақтарын қойып, ардагермен емен-жарқын сұхбаттасты. Оқушы
Миятбек Наурызбай ардагерге өз арнауын жолдады. «Жастар орталығы»
аула клубының үйірме жетекшісі Дилафруз Шехбаева «Ауғанның отты
жылдары» тақырыбында баяндама жасады. Ұрпаққа ел үшін етігімен қан
кешкен жауынгерлер кез келген құрметке лайық екенін ұғындырып, ерлігін
үлгі-өнеге етуді мұрат тұтқан кездесуден тағылым қалары анық.
Ю.Гагарин атындағы орта
мектеп кітапханасында кеңес
әскерінің Ауғанстан аумағынан
шығарылғанына 26 жыл толуына
орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа
– ұран» атты ауған соғысы
ардагерлерімен кездесу өтті.
Кездесуде бұрынғы КСРО
құрамындағы қазақ еліне де қайғы-
қасірет алып келген ауған соғысы
кесапатынан қаза тапқан жерлес
Шайқорық орта мекте бін де оқушыларды жағым ды
қасиеттерге баулып, патриоттық сезімге тәрбиелеуде
оларды адамгер ш і лік, еңбексүйгіштік, әдептілікке
шақырып, Отан қорғау әр азаматтың борышы екендігін
ұқтыруды мақсат еткен «Құмға сіңген қан» атты ауған
соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. «Ерлікке тағзым»
атты шараның «Құмға сіңген қан» атты тақырыппен өрбуі
осыдан бірнеше жыл бұрын ерлікке толы естеліктері
оқырманға жол тартқан ауған соғысы ардагерлері
жайында жарық көрген кітаппен байланыстырылса керек.
Сонымен кездесуде алдымен 10-сынып оқушылары
әскери киім де сап түзеп, сахнаға көтерілді. Әнұран
ойналып, көпшілікке тарих тақтасында қаралы да
нәу бет жылдармен таңбаланған зұлмат тың бірі –
ауған соғысы жайлы мәлімет берілді. Жат жерде жан
тапсырған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Кеш барысында мектептің АӘД пәні мұғалімі Айдос
Балымбеков пен ауылдық клуб тың мәдени ұйымдас-
ты р у шысы Гүлдара Әлиханова құттықтау сөз сөйледі.
Өз кезегінде ау ған соғысы ардагері Болат Нарымбетов,
Жуырда Октябрь-Жеміс орта мектебінде Ауған
соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Дәуренбек
Нұралиевпен кездесу өтті. Өз Отанына шексіз берілген,
патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар
ерлігін үлгі ету мақсатында өткен шара опат болған
азаматтар рухына тағзым етуге арналды. Кеш барысында
бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар көкейде жүрген
сұрақтарына толық жауап алды. Ауғандық ардагер
Д.Нұралиев болашақ ұрпақты қоғамымызда болып
жатқан саяси жаңалықтардан үнемі хабардар болуға,
елімізді қорғау үшін әрдайым дайын болу – әрбір
азаматтың Отан алдындағы парызы деп біліп, адал
болуға шақырды. Кездесуге шақырылғандар батылдық
пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, қаза болған қаһарман
азаматтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Бұдан
кейін алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Талғат
Жұмаділов және директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Назира Меңлібаеваның ұйымдастыруымен
4-9 сынып оқушылары патриоттық әдеби-музыкалық
бағдарламасын ұсынды.
Ұ. МОНТАЕВА,
мектеп тәлімгері.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай Айшабибі
ауылдық Мәдениет үйінде округ аумағында тұратын 7 ардагермен кездесу
өтті. Ауылдық округ әкімшілігі ұйымдастырған жылы жүздесуде сөз
сөйлеген ауыл әкімі Райымбек Сейітов сырт жерде болған сұрапылдың
тарихына тоқталып, жерлес жауынгерлердің ерлігін байыппен баяндады.
Ауған соғысы ардагерлеріне мерекелік лебізін білдіріп, деннің саулығын,
отбасының амандығын тіледі.
Өз кезегінде ардагерлер Е.Жаңабеков, С.Дүйсембиев, Б.Көбеев,
Т.Құрманқұлов, А.Станалиев, Н.Лозовой, Д.Құрбанбаев алыстап бара
жатқан жылдар жайында естеліктер айтып, кейінгі толқын жастарды елін
сүюге үндеді, Отан алдындағы азаматтық борышын мінсіз өтеуге шақырды.
Ауыл жастары да аға буынға алғыс айтып, айтулы күннің құрметіне
концерттік бағдарламасын ұсынды.
Кездесу соңында жеке кәсіпкер Оңалсын Истамбековтың демеушілігімен
ауылдағы «Орақбай» дәмханасында ауған соғысының ардагерлеріне
арналып дастархан жайылды. Ардагерлер атынан сөз алған Ербол
Жаңабеков өздеріне құрмет көрсеткен ауылдық округ әкімшілігі мен
кәсіпкер азаматқа ризашылығын жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі.
Ә. ТОҚТАСЫНОВ,
Айшабибі ауылдық округі әкімінің орынбасары.
Ауған соғысы – кеңес дәуірі
тарихының ең қаралы беттерінің
бірі. Осы тұста күш-жігері мол,
Отан алдындағы борышын адал
атқарған әрі өз болашағына сенген
қаншама жас ұрпақ саяси ойынның
құрбанына айналды. Жүздеген жас
аза мат жат елде жан тапсырып, мың-
даған отандастарымыз оқ пен оттың
ортасынан жарақатпен оралды.
«Ер есімі – ел есінде» деп
дана халқымыз бекер айтпаса
керек. Әр соғыстың тарихы
бөлек болғанымен, жарақаты бір.
Тарих жылнамаларының қаралы
жылдарымен орын алған ауған
соғысы қазақ еліне де қайғы-қасірет
алып келгені тарихтан белгілі.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан
аума ғынан шығарылғанына 26 жыл
ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ
толуына орай аудан әкім ді гінің «Жастар
орталығы» КММ мен Жеңістің 30
жылдығы атындағы орта мектептің
10 «А» сынып оқушыларының (сынып
жетекшісі Г.Үсіпбекова) бірлесе
ұйымдастыруымен мектебімізде
«Ауғандағы азап шеккен арыстар»
тақы рыбында кездесу кеші болып өтті.
Шара басында оқушылар зұлмат
соғыс туралы өз білгендерін әңгімелеп,
ауған жерінде қаза болған жамбылдық
жауынгерлердің өмірбаяндарына
тоқталып, бір минут үнсіздікпен
батыр ағаларын еске алды.
Кезде суге аудандық Ауған
соғысы ардагерлері кеңе сінің
төрағасы Д.Нұралиев, ардагер ағалар
Б.Шәлімбетов, Е.Берікбосыновтар
келіп, өз ойларын ортаға салды.
Ардагерлер соғыс кезіндегі бастан
өткен оқиғалар туралы баяндап,
оқушылар тарапынан қойылған түрлі
сұрақтар төңірегінде сөз қозғады.
Олар оқушыларды Отанға адал қызмет
етуге үндеді.
Шара барысында сөз алған
аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім басшысының орынбасары
Д.Сәбденов, аудандық «Жастар
о р т а л ы ғ ы н ы ң » д и р е к т о р ы
Ж.Үсенбаев бүгінгі жас ұрпақ үшін
арамызда жүрген ардагерлер өмірі
Отан тарихымен бірігіп кеткен
өнегелі өмір екендігін тілге тиек етті.
К е з д е с у д е о қ у ш ы л а р
А.Сәрсенова «Ұрпаққа аманат» атты
арнауын айтса, Б.Әбсаттар «Ерке
сылқым» күйін орындады. Шара
соңында ауған ардагерлері мектептің
жоғарғы сынып оқушыларына
шақыру учаскесінің тіркеу куәлігін
салтанатты түрде табыстады.
Сонымен қатар айтулы күнге
орай мектебімізде ашық тәрбие
с ағатт ары, жоғарғы сынып
оқушылары арасында әскери-
спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Уақыт өткен сайын ауған
соғысы тарихқа айналып, біртіндеп
алыстай түсуде. Бірақ бүгінгі жастар
сол сұрапыл соғыста қаза тапқан,
азаматтық антқа адал болып туған елге
оралған батыр ағаларымыздың ерлік
дәстүрін үлгі-өнеге етуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: