П. ЛЕСИН.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту
мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай орта
мектебінде Халықаралық ана тілі күні мерекесіне орай
ұлттар тілдерін дамытуға арналған «дөңгелек үстел»
отырысы өтті.
Өзге ұлт өкілдері өз ана тілінде салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын
насихаттап, өнерін ортаға салды. Сондай-ақ, мектепішілік тіл апталығында
оқушылар «Тіл – татулық тірегі», «Менің ана тілім» тақырыптарында
шығарма жазып, кітап көрмесіне саяхат жасады.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Забира Бегманованың ұйымдастыруымен өткен
«дөңгелек үстел» отырысында оқушылар үш тұғырлы тіл жайында әңгіме
өрбітіп, ой-пікірлерін білдірді.
Сара ҮСЕНБЕКОВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жуырда аудандық кітапхананың
ұйымдастыруымен Ю.Гагарин
атындағы орта мектепте «Жылдың
ең үздік мектеп кітапханашысы»
атты байқау өтті. Байқау шарттары
бойынша қатысушылар өз еңбегін,
иллюстрацияланған, слайд және
бос уақытындағы шығармашылық
жұмыстарын ортаға қойып,
нәтижесінде А.Матросов атындағы
негізгі мектептің кітапханашысы
Шолпан Мұсабекова үшінші
орынды иеленді. Бұл жетістік –
біздің мектебіміз үшін мақтанарлық
жеңіс. Шолпан Қойбағарқызы
әрдайым ұқыпты, жаңашылдыққа
ұмтылатын мұғалімдердің бірі
десек, осы байқауда ол өзінің
ш ы ғ а рм а ш ы л к і т а п х а н а ш ы
екендігін көпшілікке көрсете білді.
Тағы бір айта кетер жәйт, оның
баяндамалары интернет желісінде
жарияланып жүр.
Кодекс Республики Казах стан
об административных правонару-
шениях (далее - КоАП) является
одним из основных кодифици-
рован ных актов в системе законода-
тельства Республики Казахстан.
В новом Кодексе введен сокра-
щен ный порядок администра-
тивного производства по делу
об административном правона-
рушении, которое дает возможность
физическому лицу оплатить 50%
от общей суммы штрафа в течение
семи дней с момента вручения
лицу протокола. Этот порядок
возможен, если физическое лицо
согласно с фактом совершенного
правонарушения, признает свою
вину, готово добровольно оплатить
штраф, и не имеет претензий.
Если лицо не согласно с фактом
совершенного правонарушения,
то дело рассматривается в общем
порядке. При этом должностное лицо
вручает лицу копию протокола об
административном правонарушении
с квитанцией установленного
образца, являющейся документом
строгой финансовой отчетности. В
случае оплаты в размере пятидесяти
процентов от указанной суммы
штрафа в течение семи суток
дело считается рассмотренным по
существу. Предлагаемая процедура
призвана повысить взыскаемость
штрафов. Сокращенное производ-
ство по делу об административном
правонарушении не применяется в
случаях, когда санкцией статьи пре-
дусмотрены иные виды взыскания,
совершения правонарушения
несовершеннолетним, лицами,
обладающими привилегиями и
иммунитетом, административных
п р а в о н а р у ш е н и й , д е л а п о
ко т о р ы м р а с с м а т р и в а ю т с я
о р г а н а м и го суд а р с т в е н н ы х
доходов, если административное
правона рушение зафиксировано
сертифицированными специаль-
ными контрольно-измерительными
техниче скими средствами и
прибо рами, работающими в
автоматическом режиме.
Мы должны понять то, что
новый КоАП прежде всего направ-
лен на реформирование администра-
т и в н о г о з а ко н о д а т е л ь с т в а
путем гуманизации и введения
сокращен ного производства
по делу об административном
правона рушении. В свою очередь,
с о к р а щ е н н о е п р о и з в од с т в о
вводится в целях исключения
воло киты при рассмотрении дел
об административных правона-
рушениях, а также призвано
повысить взыскаемость штрафов и
укрепить доверие к государственным
институтам.
Ж. МИРАЛИЕВА,
помощник прокурора.
Мемлекеттің қас жауы сыбайлас жемқорлық пен
парақорлық болса, Елбасы жемқорлықпен күрес белгілі
бір мемлекеттік мекеменің ғана емес, еліміздің әрбір
парасатты азаматының басты парызы екендігін үнемі
ескертіп келеді. Елбасы қай кезеңдегі Жолдауында да
мемлекет қаржысының талан-таражға түсіп, бей-берекет
пайдаланылуына жол бермеу қажеттігін қадап айтып,
бұл бағыттағы нақты жолды көрсетіп берді. Сол себепті
сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, қазынаға қол салған
жемқорлармен аяусыз күрес жүргізу және мемлекеттік
органдардың сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету
басты міндет болып табылады.
Елімізде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы онжылдық стратегия бекітілгені
белгілі. Осынау құнды құжатқа сәйкес бүгінде
электронды формат түрінде көрсетілетін мемлекеттік
қызмет көлемін арттыру, мемлекеттік сатып алу
үрдісін жетілдіру мен мемлекеттік қызмет көрсетуді
автоматтандыру жүйесін енгізу жұмыстарының
қолға алынып отырғаны қуантады. Бұған қоса, «Бір
терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету
орталықтары ұсынатын қызметтердің саны анағұрлым
артып отыр. Алдағы уақытта заң нормаларын жетілдіру,
тұрғындардың құқықтық сауатын көтеру күн тәртібінен
түскен жоқ. Бұл ретте жемқорлықты болдырмау,
болған жағдайда оның шығу себебін анықтау, келеңсіз
құбылыстың көрініс беруіне ықпал ететін жағдайдың
алдын алу жұмысы зор маңызға ие.
Біздің ауылдық округ әкімі аппаратында бұл
мәселе қатаң бақылауда тұр. Мекемедегі мемлекеттік
қызметкерлер тиісті заң талаптарын тұрақты сақтап,
табысы туралы декларациясын уақытында өткізеді.
Көрнекілік құралдары жеткілікті. Жиі өткізіліп тұратын
семинарлар мен «дөңгелек үстел» отырыстарында
мекеме қызметкерлері үнемі белсенділік танытады.
Ел ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет,
төзбеушілік көзқарас қалыптасқан жағдайда міндетті
түрде нәтиже шығатыны даусыз. Мемлекеттік қызметтің
сапасын арттырып, қоғам дертінің тигізетін зардабын
түсіндіру, жалпы жемқорлыққа жол бермеу мерейлі
міндетіміз болып қала береді.
Дариға ӘБДІҒАПАРОВА,
Ақбұлым ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы.
Жамбыл облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасы конкурстық
негізде Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына: ҚР ІІМ Алматы
академиясына, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына
және ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына үміткерлерге
іріктеу жүргізеді.
Оқу орындарына орта немесе арнайы орта білімдері бар 25 жасқа дейінгі
және оқуға түсу жылында 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 16 жасқа
толған, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға
сай, дені сау, іскерлік, жеке және моральдық саналы азаматтар қабылданады.
Анықтамаларды мына мекен-жайдан алуға болады: тұрғылықты мекен-
жай бойынша ішкі істер бөлімдеріне, Жамбыл облысы ІІД (Тараз қаласы,
Желтоқсан көшесі, 80) 16-каб. тел.:43-29-56. Жамбыл ауданы, Аса ауылы,
АІІБ, тел.: 2-11-04.
Жамбыл облысы ішкі істер департаменті.
Управление кадровой работы ДВД Жамбылской области на конкурсной
основе осуществляет набор абитуриентов в учебные заведения МВД
Республики Казахстан: Алматинскую академию МВД РК, Карагандинскую
академию МВД РК имени Б.Бейсенова и Костанайскую академию МВД РК
имени Ш.Кабылбаева.
В учебные заведения принимаются граждане со средним или средне-
специальным образованием до 25 лет и достигшие 16 лет по состоянию на
31 декабря в год поступления, отвечающие требованиям, предъявленным к
сотрудникам органов внутренних дел по состоянию здоровья, физическим,
деловым, личным и моральным качествам.
Обращаться в отделы внутренних дел по месту проживания или ДВД
Жамбылской области (г.Тараз, ул. Желтоксан, 80), каб.16, тел.: 43-29-56.
Департамент внутренних дел Жамбылской области.
Қазіргі таңда ҚР ІІМ жүйесінде 3 жоғары
оқу орындары жұмыс істейді. «Құқық қорғау
қызметі» мамандығы бойынша:
– ҚР ІІМ Алматы академиясы «жедел-
іздестіру» және «ақпараттық жүйелер»
мамандандырулар бойынша дайындайды.
Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы», «Физика».
– ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды
академиясы «тергеу-криминалистикалық» және
«жедел-криминалистикалық» мамандандырулар
бойынша дайындайды.
Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы».
– ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясы «әкімшілік-құқықтық»
мамандандыру бойынша дайындайды.
Бейіндік пәні – «Дүниежүзі тарихы».
Оқу орындарына орта немесе арнайы орта
білімдері бар 25 жасқа дейінгі және оқуға түсу
жылында 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
16 жасқа толған, ішкі істер органдарының
қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай,
дені сау, іскерлік, жеке және моральдық саналы
азаматтар қабылданады.
ҚР ІІМ-нің жоғары оқу орындарында оқу
тегін. Оқу процесінде ҚР ІІМ жоғары оқу
орындарының тыңдаушылары мен курсанттары
казармада тұрады, тамақпен және киім-кешекпен
қамтамасыз етіледі, стипендия алады. ҚР ІІМ
жоғары оқу орындарының түлектері жұмыспен
қамтамасыз етіледі.
Жоғары оқу орындарындағы оқу уақыты
мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі
және толық оқу курстарын аяқтаған жағдайда
ішкі істер органдарындағы қызмет өтіліне
есептеледі.
Жамбыл облысы ішкі істер департаменті.
2. АЛҒАШҚЫ АСТАНА
Еліміздің Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
тарихы тереңде жатқан Қазақ халқы-
ның өткенін елемей, болашағын
болжау мүмкін еместігін алға
тартып, рухани дүниемізге көңіл
бөлгені баршаны қуантып отыр.
Биыл Қазақстан халқы көптеген
тарихи-саяси оқиғалардың куәсі
болса, солардың бірі – Қазақ ханды-
ғының 550 жылдығы. «Той Таразда
тойланады» деп қуана хабарлаға-
нымыз бар. Сонда шеті мен шегі
жоқтай көрінетін даламыз туралы:
...Хан да өткен, қара да өткен
қойнауында,
Тарихың шежірелі сандық маған,
– деп те толғанғанбыз. Рас, қазір
тарихшыларымыз терең зерттеуге
кірісіп, әлем мұрағаттарын да ақтара
бастады. Әрине, оған қуанамыз.
Мүмкін Қазақ хандығы туралы тың
деректер табылып қалатын шығар.
Белгілі тарихшы Әнуарбек
Әуелбек тің тарихи жұмысына сүйе-
не отырып Қазақ елінің алғашқы
астанасы мен тұңғыш ханы туралы
әңгімемізді өрбітіп көрейік.
Қазақтың алғашқы мыңдығы
жасақталып, ту көтерген жер –
С ы ғ а н а қ қ а л а с ы . Б ұ л қ а л а
Қызылорда облысы, Жаңақорған
ауданындағы Сунақата ауылының
басында 1,5 шақырым қашықтықта
орналасқан, оны оңтүстік жағынан
Түркістан-Қызылорда тасжолы
жанап өтеді (қазіргі Батыс Еуропа-
Батыс Қытай автожолы). Бұл жол
баяғы Ұлы Жібек жолының ізімен
салынған. Тоғыз жолдың торабында
жатқан Сығанақ қаласының
ғұмыры сонау орта ғасырдан
бастау алады. Археологтардың
пайымдауынша, теріп алынған
көзелердің сынықтарына қарап
мұнда V-VI ғасырларда қайнаған
тіршілік болған деген жорамал бар.
Б е л г і л і ғ а л ы м З а рд ы ха н
Ғиянатұлы «Қазақ мемлекеттігі
Ақ Орда хандығынан басталады.
Өйткені оның халқының негізгі
бөлігін қазіргі қазақ ұлтын құрап
отырған байырғы тайпалар (Үйсін,
Дулат, Қаңлы, Арғын, Қыпшақ,
Найман, Жа лайыр) құрады.
Жошы ханның ұлы Орда, Еженнің
жетінші ұрпағы – Орыс хан Ақ
Орданың шаңырағын көтерген
а лғашқы дербе с билеушісі,
Қазақ хандарының атасы (Қазақ
мемлекетінің алғашқы ханы) болып
танылады» деп көптен бері айтылып
жүр. Қазақ мемлекетінің алғашқы
ресми әскері – «Алаш мыңдығы»
Орыс ханның тұсында Сығанақта
жасақталды. Мыңдықтар ақ-қара ту
ұстап, «Алаш» деп ұрандап жауға
шапты, елін, жерін жанкештілікпен
қорғаған. Ғалымның айтуынша,
Сығанақ қазақтың а лғашқы
мемлекеті – Ақ Орданың астанасы
болған. Қазақ түсінігінде «Алаш»
ұғымы «қазақ» атауының баламасы
болып табылады», – дейді.
«Ел тарихы – жер тарихы».
Тарихшы Әнуарбек Әуелбек осылай
дейді. Әрине, біз тарихшыларымызға,
ғалымдарымызға сенеміз. Тарихшы
Әнуарбек Әуелбек айтпақшы, Қазақ
хандығының 550 жылдығын атап
өту тек тойлау ғана емес, ойлау
да керек. Әсіресе, жастарымыз
ел тарихына, жер тарихына терең
үңілсе, құба-құп болар еді. Сонда
еліміздің, жеріміздің, халқымыздың
аты да, хаты да өшпейтіні анық.
Дүйсенбек ОРМАНОВ.
ТАРИХЫҢ ШЕЖІРЕЛІ САНДЫҚ МАҒАН
Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына іріктеу және қабылдау тәртібі
ХАБАРЛАНДЫРУ
ОБЪЯВЛЕНИЕ
БАЙҚАУ
ҮЗДІК
КІТАПХАНАШЫ
Замира БОЛЫСБЕКОВА,
мектептің педагог-психологы.
Т І Л
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА
АКЦИЯ
«БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛА ҮШІН»
ДӘСТҮРЛЕРІ ДӘРІПТЕЛДІ
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ – МІНДЕТ
ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН
ОБЩЕСТВО И ЗАКОН
ОБ АДМИНИСТРАТИВНОМ ПРАВОНАРУШЕНИИ
Кезекші редактор
Н. СҰЛТАНБАЕВ
Газет ҚР Инвестициялар
және даму министрлігінде
12.11.2014 жылы
тіркелген.
Тіркеу куәлігі №14622-Г
Біздің мекен-жайымыз:
Индексі 080200, Аса ауылы,
Абай көшесі, 78 үй.
Телефон: бас редактор 2-17-98
Бас редактордың орынбасары 2-20-24
Компьютер орталығы 2-13-44
Меншік иесі:
Жамбыл аудандық
«Шұғыла»-«Радуга» газеті
редакциясы» ЖШС
Редакция авторлардың
көзқарасы, жарнама мазмұны
үшін жауап бермейді.
Жарияланбаған хатқа
жауап қайтарылмайды.
Газет аптасына 2 рет, сәрсенбі,
сенбі күндері шығады.
Газета выходит 2 раза в неделю,
в среду и в субботу.
Индекс 68991
Газет «Шұғыла»-«Радуга» газеті редак-
циясында компьютерде теріліп, беттеліп,
«Қанатты қалам әлемі» ЖШС баспаханасында
басылады. Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 «б».
Электронды пошта:
asa_66@bk.ru
Тапсырыс №16
Таралымы 3000
Бас редактор
Сансызбай
МАХАМБЕТҚҰЛОВ
ҰЛТТАР БАСҚОСУЫ
ЕҢ ПАЙДАЛЫСЫ – ЕКПЕ ЕГУ
ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІК ХАҚЫНДА
Аудандық орталықтандырылған
к і т а п х а н а л а р ж ү й е с і н і ң
кітапханашысы Қ.Асхатаеваның
ұйымдастыруымен «Ана тілі –
жүрек үні» тақырыбында «дөңгелек
үстел» отырысы өтті. Оған аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің бас маманы Ж.Оспанова,
араб ұлтының өкілі Ш.Халмамат,
ҚР бас санитарлық дәрігерінің
«Қызылшаның а лдын а луға
с а н и т а р л ы қ - э п и д е м и я л ы қ
шаралардың жүргізілуі туралы»
қаулысына сәйкес облыс аумағында
ақпанның 9 мен 21 аралығында
15-19 жастағыларға қызылшаға
қарсы екпе мектеп пен жоғарғы
оқу орындарында тегін жүргізілді.
Қайта вакцинациялау кеселдің
көбеймеуі үшін ұйымдастырылуда.
Аудан бойынша аталмыш ауруға 4
адам шалдықса, оның 3-еуі балалар.
2014 жылы қызылшаға қарсы
екпе өз өңірімізде 3472 оқушы
мен білімгерге егілді. 7 күн мен 14
күн аралығында жұғатын кеселдің
таралуына адамның жөтелуі, түкірігі,
мұрыннан аққан сулары және
организмнің тыныс алу жолдары
түрткі болады. Егер де науқастың дене
қызуы 38 градусқа көтеріліп жөтелсе,
көзінен жас ағу секілді белгілер 2-3
күнге жалғасса, содан кейін құлақ
тұсы мен беті және мойнында қызыл
бөртпе пайда болып, ол астыңғы
иекке қарай ұлғайып, майда бөртпелер
үлкейсе, ол сөз жоқ қызылша ауруына
шалдыққан.
Негізінен, бөртпе пайда болғанға
дейінгі 4 күннен бөртпе пайда
болғаннан кейінгі 4 күн өте қауіпті.
Індеттің асқынған түрі құлақ, өкпе,
кеңірдек, пневмонияға, сондай-ақ,
мидың қабынуына әкеп соғады. Егер
де онымен ауырған адам дұрыс ем
қабылдамаса, оның миы зақымдалып,
саңырау, соқыр, өмір бойы мүгедек
болып қалуы мүмкін. Әсіресе, жүкті
әйелдерге өте қауіпті саналатын бұл
дерт олардың 20 пайызының түсік
тастауына мәжбүрлейді. Қызылшамен
ауырғандарды емдеу өте қиын және
оларға бүгінгі таңда берілетін арнайы
дәрі-дәрмек жоқ. Жалғыз ғана үміт –
кеселге қарсы екпе егу.
С ө з с о ң ы н д а а й т а р ы м ы з ,
қызылшаның алдын алу шараларына
екпе егу, 1 жас пен 6 жаста қайта
егу, балаларға арналған мекемелерде
қызылшаның алдын алу іс-шаралары
туралы түсіндіру, балаларды ерте
жастан дұрыс тамақтандыру, дене
шынықтырумен айналыстыру,
науқаспен қарым-қатынаста болған
адамды дер кезінде 21 күндей
оқшаулау жатады.
Р. НИГМАТУЛИНА,
СӨСҚО дәрігері.
Абай атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімдері Роза Зәурбекова
мен Әсел Оспанова «Қазақ хандығының құрылуы» атты сынып сағаттарын
өткізді. Онда Қазақ хандығының XV ғасырда басталғаны, Қазақ хандығын Керей
мен Жәнібектің құрғандығы, Тәуке ханның ішкі, сыртқы саясатта жүргізген
әрекеттері сөз етілді. Сынып жетекшісі Замира Алимова өткізген «Қазақ елі
– мәңгілік ел» атты ашық тәрбие сағаты да өз дәрежесінде өрбіді. Оқушылар
Әбілқайыр ханды сомдап, сахналық көрініс ұсынды. Хроникалық кестеге
тоқталып, Керей мен Жәнібек хандардың өз алдына бөлек хандық құрғаны
туралы мәлімет берді. Тәрбие сағатында алаштың арыстары Әлихан Бөкейханов,
Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов өз бастарын өлімге қиып, елім деп еңіреп
өткендігі, 1986 жылы желтоқсандық ұлдар мен қыздардың батылдығы сөз болып,
«Біз қазақпыз» тақырыбында өлеңдер оқылды. Анығы, оқушыларға тәуелсіздік
дегенде ұлан-байтақ жерімізді жаудан қызғыштай қорғап, ат үстінде күн өткізген
асыл бабаларымыздың ерлігі ұрпақ үшін мәртебе, құрмет екені дәріптелді.
Сара ҮСЕНБЕКОВА,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ә.Ысмайлұлы атындағы орта мектепте ДТІЖО Э.Бейсенова мен тәлімгер
Б.Аманжолованың ұйымдастыруымен 7-10 сынып қыздары арасында
«Инабатты ару-2015» байқауы өтті.
«Сымбатты жанның айнасы», «Шаңырақтың шамшырағы», «Анадан тәлім
алған қыз», «Кітап сүйген көркем», «Қыз өссе, елдің көркі» бөлімдері бойынша
бақ сынаған бұрымдылар арасынан 10-сынып оқушысы Назерке Қуанышбекова
үздік шығып, аудандық «Инабатты ару-2015» байқауына жолдама алды.
Мектебімізде үнемі түрлі мақсаттарда іс-шаралар өткізіліп тұратыны
қуантады.
А. ҚЫЗҒАРАЕВА,
10-сынып оқушысы.
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
өзбек ұлты өкілі Р.Егембердиева,
қырғыз ұлты өкілдері Т.Құрманова
мен Е.Мамбеталиев, орыс ұлтының
өкілі Л.Әйнекова қатысты. Басқосу
барысында өзге ұлт өкілдері тілге
деген құрметтің ерекше үлгісін
көрсетіп, қойылған сауалдарға
орнықты жауап беріп отырды.
Сондай-ақ, әр ұлт өкілдері өз
елінің салт-дәстүрлерін санаға
с і ң д і р е р л і к т е й д ә р і п т е д і .
Е.Мамбеталиева Ассамблея жылына
орай «Қазақ елінің Ассамблеясы»
жыр шумағын көпшілікке тарту
етіп, «Жас сезімдер» кітабына
шолу жас ады. Бұдан кейін
сөз алған Т.Құрманова қызы
А.Сырымбетованың «Кітапханаға
арнау» атты өлеңін оқып беріп,
электронды түрде таспаға жазылған
қырғыз ұлтының өсиетін тыңдатты
және кітапханаға бауырлас қырғыз
елінің азаматы Сүйін Құрманованың
«Ак кууну көрсөң атпагын» атты
кітабын сыйға тартты.
Т і л м е р е ке с і н е а р н а й ы
ұйымдастырылған кеш «Тілім
менің қазынам, қасиетім» атты кітап
көрмесіне ұласып, «Қазақ тілі – ана
тілім менің» атты слайд назарға
ұсынылды.
Н. МАНАБАЕВА,
орталық кітапханада
қызмет көрсету бөлімінің
кітапханашысы.
ДЕНСАУЛЫҚ
ҚЫСҚА ХАБАРЛАР
М е к т е б і м і з д е ж ы л д а ғ ы
дәстүр бойынша ауған жерінде
әскери борышын өтеп келген
ардагер ағалармен кездесу кеші
өтті. Кеш «Жас Ұлан» балалар
мен жасөспірімдер ұйымының
« Ме н к ө р ге н с о ғ ы с » ат т ы
бейнеролигімен басталды. Мектеп
директоры К.Онғарбаев құттықтау
сөз сөйлеп, сол жылдардан сыр
шертті. Кездесуге келгендер ауған
соғысында қаза болған Ережеп
Саухатовты 1 минут үнсіздікпен
еске алды. Кезегінде ардагер ағалар
сөз алып, өз ой-пікірлері мен жылы
лебіздерін білдірді. Кездесуге
мектеп оқушылары белсенді
қатысып, ән-күй орындап, өлең
жолдарын оқып, өнер көрсетті.
Бұл күн жасұландықтардың
есінде ұзақ сақталады. Өйткені ұйым
қатарына 22 мүше қабылданып,
оларға ардагер ағалар төсбелгілер
мен көк түсті галстукты тақты.
Оқушылар ант қабылдады.
Мектебімізде ХХІ ғасыр
көшбасшысы интеллектуалды
ойыны өтті. Үш кезеңнен тұрған
сайыстың қорытындысы бойынша
үздік шыққан үш оқушы – Болат
Аружан, Көшен Аслан, Жанысбек
Айнұр ақтық кезеңге жолдама алды.
Ақтық айқас өте тартысты өтіп, 280
ұпаймен Болат Аружан көшбасшы
атанса, 260 ұпаймен Көшен Аслан
ІІ орынды иеленді, ІІІ орынды 250
ұпай жинаған Жанысбек Айнұр
иеленді. Ойынды мектеп директоры
Кендебай Онғарбай қорытындылап,
жеңімпаздар мен жүлдегерлерді
марапаттады.
Нұрсұлтан АЛТЫНБЕКОВ,
Б.Тайшапұлы атындағы
орта мектептің тәлімгері.
БІР МЕКТЕПТЕ
ЕРЛІК – ЕЛДІҢ ТУЫ
ХХІ ҒАСЫР
КӨШБАСШЫСЫ
Қордай ауданында 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында
қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде бақ сынаған
жерлестеріміз жеңіс жолын жалғап, аудан атын асқақтатты. Болашағынан
үміт күттірген балғын балуандар – Бірлесу-Еңбек орта мектебінің оқушысы
Сұлтан Серікбай (+73 кг) мен Айбек Рахманов (бапкері Нұржан Қазбеков)
І орынға қол жеткізді. Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің
шәкірттері Зулмай Абдулахат, Абзал Жақсылық, Алмас Абдурахман (бапкері
Ермахан Қапалбаев, Мақсат Риянов, Нұрзат Әлтеев) және Т.Тоқтаров
атындағы орта мектептен Нұрпейіс Аманбекұлы (жаттықтырушысы
Пернебек Дубаев) ІІ орынды иеленді. ІІІ орынға Еңбек орта мектебінен
Н.Қазбековтың шәкірттері Шерхан Оспанов пен Олжас Балтабай және
Ю.Гагарин атындағы орта мектептен Жәнібек Құлбатыр тұрақтады. Бел мен
білек күшінің арқасында бәсекелесін боз кілемде тізе бүктірген жеңімпаздар
Ақтөбе қаласында өтетін республика біріншілігіне жолдама алды.
Н. БОЛАТҰЛЫ.
Республикалық «Қамқорлық» акциясына орай Абай орта мектебінде
2015 жылдың 15 қаңтар-15 ақпан аралығында аз қамтылған отбасылардың
балаларына әлеуметтік көмек көрсету айлығы жарияланған болатын. Бірден
айту керек, мектепте қайырымдылық акциясына мектеп ұжымы да, ата-
аналар да үлкен мән берген. Соған орай, мектепте осындай акция өткізілген.
«Қайырымдылық жәшігіне» түскен қаржыға әлеуметтік көмекке мұқтаж
отбасылардың балаларына киім-кешектер, керекті заттар сатып алынды.
Сөйтіп, мектеп ұжымы, ауылдық мешіт алқасы, ата-аналар комитетінің
қатысуымен балаларға материалдық көмек көрсетілді. Балаларға жасаған
көмектері үшін олардың ата-аналары мектеп ұжымына, демеушілерге
алғыстарын білдірді.
Нағима КӨЛБАЕВА,
Абай орта мектебінің әлеуметтік педагогы.
Жуырда Төле би атындағы орта мектепте «Руханият» әдістемелік
бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі – тірегіміз, соғып тұрған
жүрегіміз» атты онкүндік өтті. Онда А.Әділбекованың «Мұқағалидің отты
жырлары» тақырыбында оқушылар арасында өткізген мүшәйрада Медет
Оразымбетов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ қазақ тілі және әдебиеті пәні
мұғалімдері Х.Оспанбекова «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр», И.Сатыбалдиева
«Жүз жыл өмір – мәңгілік жыр» тақырыптарында сыныптан тыс сабақ
өткізсе, Л.Ибраеваның «Ана тілі – құламайтын бәйтерек» атты әдеби
кешінде оқушылар ана тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін қойылымдар
арқылы көрсете білді. Бұдан бөлек, орыс тілі пәні мұғалімі Д.Қалыбаева
«Знай, люби русский язык», Л.Молдабаева «Жыр алыбы – Жамбыл»,
ағылшын тілі пәні мұғалімі Э.Әбдімұтанова «We are learning interest-
ing English» тақырыптары аясында әртүрлі іс-шаралар өткізіп, белсенді
оқушыларды бірлестік жетекшісі Л.Ибраева мектепішілік лездемеде
марапаттады.
Индира ЖОЛАНОВА,
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Жамбыл ауданы әкімиятының
жылжымайтын мүлікті жария етуді
жүргізу жөніндегі комиссиясының
2007 жылғы 9 ақпандағы №6394
шешімі негізінде өзіндік қосалқы
шаруашылығын жүргізу үшін
Жалпақтөбе селосы, Шываза
көшесі, 9/2 үйдің тұрғыны Кизбаев
Мырзаханның атына берілген
мемлекеттік акт (№0255596, кад.
№06-088-096-663, жер көлемі
0,0322 га) жоғалуына байланысты
жарамсыз деп табылсын.
БҰРЫМДЫЛАР АРАСЫНДА
ТҰҒЫР
БОЗ КІЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕ
АКЦИЯ
АТА-АНАЛАР АЛҒЫС АЙТТЫ
БІЛІМ
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА
ЖАРАМСЫЗ ДЕП
ТАБЫЛСЫН
«Қазақстандық салалық білім беру қызметкерлері кәсіподағы
Жамбыл облыстық ұйымының Жамбыл аудандық комитеті» филиалына
қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілері Ю.Гагарин атындағы
орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, бастауыш
кәсіподақ комитетінің төрағасы Пірімжан Алтынбекұлы Алиевке
анасы, Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің математика
пәні мұғалімі Нұрила Ибрагимоваға енесі
Исмаилова Зибакүлдің
қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
«Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұжымы осы
мекеменің гидротехнигі Рахымжан Алиев пен күзетшісі Мұхит
Алиевке анасы
Зибакүл Тоймырзақызының
қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.