Тифлопедагогика (гр. typhlos – соқыр және педагогика) - педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы. Көру кемістігі барлар арнайы оқыту мекемесінде білім алып, жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасалды. Олардың арасында акад. Л.С. Понтрягин және А.Г. Витушкин, проф. В.И. Зубов, жазушылар Н.Островский, Э.Асадов, Н.Силков, А.Притчина, сазгерлер В.Никитин, Н.Поликарпов секілді көрнекті тұлғалар да бар. Тифлопедагогика саласында мол еңбек қалдырған Б.И. Коваленко мен В.С.Сверлов болды.