Сабақтағы көз жүктемесі. Рефракциясында ауытқулары (алыстан көрмеушілік, алыстан көрушілік) бар балалардың көзі қатты шаршайды, сондықтан оларға сабақта мүмкіндігіне қарай түрлі жұмыстар беру керек, яғни көз жұмысын басқа жұмыс түрлерімен кезектестіру керек. Нашар көретін білім алушылар үшін көз жүктемесі үзіліссіз 15 минуттан аспауға тиіс, көз жұмысы кезеңдері арасындағы тынығу кем дегенде 5 минутты құрауға тиіс. Жұмыс нысандары
Нашар көретін және көрмейтін балаларды оқыту кезінде «Оқу және жазу арқылы сындарлы ойлауды дамыту» стратегияларына шығармашылық тұрғыдан келу қажет:
1. Оқушылардың мәтін оқуын оқитын машинадан, диктофоннан және т. с. тыңдаумен алмастыру арқылы «Джиксо» әдісін бейімдеу, түрін өзгерту.
2. Инсерт кестесін толтыру: көру қабілетінде бұзылыстары бар балалардың сәйкес тұжырымға арналған барынша жарамды бөлімі берілген мәтінмен ауқымды жұмыс кезіндегі не нашар көретін балалар үшін түстік гаммамен, не мүлдем көрмейтін балаларға арналған бедерлі-нүктелі қаріппен өнімді қызметі мақсатында. Кестелерге тезистерді жазудың қажеті жоқ, керісінше дайын, сәйкес қаріппен және түспен терілгендерді мозаикалық тәртіпте орналастыру, тақырып бойынша тұжырым жасау уақытын өнімді қолдану керек.
3. Аппликация түрінде кестені ресімдеу үшін ұсынылғандар қатарынан тиісті тезисті таңдауға мүмкіндік беру, бұл «Әткеншек» және «Жәрмеңке» стратегиясына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |