Сенсорлық ЖҮйелер физиологиясы талдагыш деген не, оның қүрылыс принципі кандай


Вестибулярлык аппарат дегеніміз не, ол кандай қызмет аткарады?



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата12.05.2023
өлшемі0,96 Mb.
#92051
түріАнализ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
 Вестибулярлык аппарат дегеніміз не, ол кандай қызмет аткарады? 
Ішкі күлақ сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктер вести-булярлық аппаратты қүрайды. 
Вестибулярлық аппарат дененің жазықтыктағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сактауды 
қамтамасыз етеді. 
Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтіктің 
бір үшында ампула тәрізді аздап кеңейген бөлік болады. Жарғакты түтіктің осы бөлігіңде ескек 
пішіңдес, жартылай мөлдір кілкілдек затпен оралып жататын кірпікті үзын рецепторлық торшалар 
орын тебеді. Осы қүрылым бастың кеңістіктегі жағдайын қадағалап отырады. Бастың кеңістіктегі 
жағдайы, қозғалыс бағыты өзгерсе, немесе айнал-малы қозғалыс басталса, эндолимфа осы 
рецепторлық торша-ларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан ми қүрылымдарына қимыл 
бағытының өзгерістері жайлы ақпарат жіберіледі. 
3-сурет 
Отолит /қулақтас/ аппаратының қурылысы. 1-отолиттер 
/қүрақтастар/, 2-мембрана, 3-іркілдек масса, 4-түкті сезімтал 
торшалар, 5-6-сүйеніш торшалар, 7-8-нерв талшықтары. 
Сағаның 
(кіреберістің) 
қапшықтарында 
сезімтал 
торшалар шоғырланған дақ деп аталатын дөңестеу бөлік 
болады. Бүл сезімтал торшалардың бір бөлігі цилиндр 
пішінді келеді де, екінші ұшы сүйірлене бітеді. Оның сүйір 
үшыңда бос түрған бір қимылдағыш жөне бір-біріне жабысқан 60-80 кірпікшелер орналасады. Бүл 
торшалар ерекше кілкілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны отолит жарғағы (отолит 
мембранасы) деп атайды. Оның беткейінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор-көмір қышқыдды 
кальций кристалдары - қүлақ тас (отолиттер),- жатады, ал жарғақ сезімтал торшалар кірпікшелерін 
қысып түрады (35-сурет). Қимыл үдегенде не баяулағаңда, дененің, бастың кеңістіктегі калпы 
өзгергеңде отолит өз салмағымен торша кірпіктерін не кереді, не басады, не бір бүйірге 
тартады.Осыдан сезімтал торшалар тітіркеніп жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды. 
Вестибулярлық аппараттың рецепторлық торшалары вестибулярлық түйін түзетін қос өрісті 
торшалар өсінділерімен синапс арқылы жалғасады. Осы қос өрісті торшалар аксондары есту 
жүйкесінің вестибулярлық тармағын түзеді. Вестибулярлық аппаратта пайда болған импульстер есту 
жүйкесінің талшық-тарымен сопақша мидағы вестибулярлық ядроға беріледі. Осы жерде қимыл 
сипаты, дене мен бастың кеңістіктегі жағдайы жай-лы ақпараттар алғашқы талдаудан өтеді. Сопақша 
мидың вести-булярлық ядроларынан өткеннен кейін вестибулярлық аппарат-тың афференттік жолы 
айқасады да, таламустың вентробазальдық қүрылымдарына бағытталады. Бүл қүрылымдардан 
афференттік импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының самай бөлігіне жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет