Сенсорлық ЖҮйелер физиологиясы талдагыш деген не, оның қүрылыс принципі кандай


Есту талдағышының күрылымы кандай және дыбыс калай кабылданады?



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата12.05.2023
өлшемі0,96 Mb.
#92051
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 Есту талдағышының күрылымы кандай және дыбыс калай кабылданады? 
Есту деп организмнің дыбысты қабыддау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің курделі 
қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі қүлақтан 
түрады. Сыртқы жөне ортаңғы қүлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі қүлақ - қабылдаушы 
бөлімі. 
Сыртқы қүлақ-қүлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан түрады. Қүлақ қалқаны дыбыс 
тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы 
құлаққа өткізеді. Сыртқы қүлақ пен ортаңғы қүлақ арасын дабыл жарғағы бөліп түрады. Ол өзіне 
жеткен дыбыс толқынын ортаңғы қүлаққа өткізеді. 
Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан 
есту сүйекшелері - балғашық, төс және,- үзеңгі орналасады. Балғашық дабыл жарғағына, ал үзеңгі-
ішкі күлаққа баратын сопақша тесікті жауып түратын жарғақка бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы 
дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып түратын жарғаққа беріледі. Сүйектің 
ерекше байланысының және үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының 
салдарынан дыбыс толқынының күші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кетсе қүлақ қуысының 
еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп, дыбыстың әсер күші 
азаяды. 
Ортаңғы қүлақты ішкі қүлақтан бөліп түратын сүйекті қалқанда екі тесік болады. Олар жүқа 
дәнекер үлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім 
түтіктер (үлу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікті - саға (кіреберіс) 
терезесі деп атайды. 
Ішкі қүлақ. немесе шытырмақ (лабиринт), самайдын қайыршық сүйегінің ішіңде жатады 
(33-сурет). Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бүл екі 
қүрылымның арасында перилимфа, ал жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа (ішкі сүйық ) 
болады. 
Сүйекті лабиринт үш қүрылымнан - сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (үлудан) және 
жартылай дөңгелек түтіктерден,-түрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін күрайды. Ал сағада 
орналасқан кдпшықтар мен жартылай дөңгелек түтіктер тепе- 
теңдік (вестибулярлық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі қүлақта есту және тепе-тендік 
мүшелері орналасқан. 
Саға - кішкентай қуыс. Ол сопақша және 
дөңгелек қапшық-тарға бөлінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелек 
түтіктермен, ал дөңгелек қапшық - иірімді түтікпен жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет