СЕНСОРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Талдагыш деген не, оның қүрылыс принципі кандай ?
Ішкі жөне сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштерінің әсерін қабылдауды қамтамасыз
ететін жоғары маманданған қүрылымдарды
сезім мүшелері дейді. Сезім мүшелері сезімдік
(сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі кдбылдаушы аппараты. Ол
тек сыртқы орта өсерін ғана
қабылдап қоймай, сонымен қатар ОЖЖ-не ішкі ағзалардың, бүлшық ет
пен буынның
физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен
байланысты И.П.Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдағыш (анализатор)
деген атаумен
алмастыруды ұсынған. И.П.Павловтың пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат.
Ал сезімдік талдау мидың арнаулы құрылымдарының қатынасуымен атқарылады. Сонымен,
талда-ғыш деп сыртқы жөне ішкі орта тітіркендіргіштерін қабылдап, талдау жүргізетін жүйкелік
кұрьшымдардың күрделі жүйесін айтады.
Олар қабылдаушы қүрылымнан - рецептордан, өткізгіш
бөліктен (жүйкелік жолдан) және
мидың үлкен жарты шарларының қыртысында орналасқан
орталық бөлімнен түрады.
Талдағыштар сезім мүшелерінің
орналасқан орнына қарай сырқы және
ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы талдағыштардың кабыддаушы аппараттары контактық (түйіспелі) және дистан-циялық
(алшақтык) экстерорецепторлардан күралады.
Контактық рецепторлар тітіркеңдіргішпен тікелей
түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну,
температуралық, жанасу) және дәм
сезу рецепторлары жатады (1-сурет).
1-сурет
Анализаторлардың
қурылым принципінің
схемасы:
І-афференттік
талшьщтар (А)
тогысатын жулын мен
сопақша ми аумагы;
ІІ-таламус аймагы;
Ш-ми қыртысы
аймақтары;
I- 7-рецепторлар.
Ішкі талдағыштардың
қабылдаушы аппараттарын
интеро (ішкі)-жөне проприорецепторлар (бүлшық ет, буын
байламы, сіңір рецепторлары) қүрайды. Ішкі талдағыштар
организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен
сигналдарды қабылдап, талдауға арналған. Олар тек түйісу
рецепциясына негізделген.