Жарыксезгіш торшалар кызметін калай аткцрылады және рең түйсігі калай пайда болады? Жарық сезгіш торшаларда қозу процесі фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда
болады. Таяқшаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал сауытшаларда- йодопсин деген заттар
болады. Родопсин мен йодопсин белок тектес жоғары молекулалы қосылыстар. Жарық әсерімен
родопсин ретинен (А дәрмендөрісінің альдегиді) және опсин белогына ыдырайды да, өзінің
қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары түске айналады, артынан түссізденіп кетеді. Қараңғыда
ретинолдың (А дәрмеңдәрісі) қатысуымен родопсинді қайта синтездеу процесі жүреді. Ретинол
жетіспеген жағдайда бүл реакция тежеліп, қараңғыға бейімделу процесі бүзылады, акшам соқырлық байқалады.
Көру рецепторлары аталған пигменттердің фотохимиялық реакциялары салдарынан
қозады. Көру пигменттері ыдыраған кезде бөлінген иондар торлы қабық рецепторларын
тітіркендіріп, көру жүйесінде импульстер пайда болады.
Қүрылымы жағынан йодопсин родопсинге жақын, ол ретинен мен фотопсин
белогының қосындысынан түрады. Фотопсин үш түрлі болады, соңдықтан сауытшалар әр түрлі
үзындықтағы сәулелер толқынына (күлгін, жасыл, қызыл) реакция беретін торшалар болып
жіктеледі. Осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі комбинацияда қозуы нәтижесінде түрлі рең
түйсігі пайда болады.
Егер көзге үзын толқынды сәулелер әсер етсе, оңда тек осы толкьінды қабылдайтын
сауытшалар қозып, қьізыл түс түйсігі пайда болады. Жарық өсерінен сауытшалардың екінші түрі
қозса - жасыл түс түйсігі, ал үшінші сауытшалар қозса - күлгін түс түйсігі туындайды. Аралық
түстер осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі деңгейде қозуының нәтижесінде пайда болады.
Мысалы қызыл сары түс түйсігі "қызыл сауытшалар" күшті, "жасыл сауытшалар" жеткілікті
деңгейде, ал "күлгін сауытшалар" әлсіз деңгейде тітіркенгенде пайда болады. Ал осы үш түрлі
сауытша
бірдей
деңгейде
козса
-
ақ
түс
қабылданады.