арасында ерекше кристалдан немесе талшықган қүралған жарықты кері шағылыстыратын кдбат
болады. Жарықгың кері шағылысуы нәтижесінде жарық түскеңде түнгі жануарлар көзі жарқырап
түрады. Осыдан фоторе-цепторларға тікелей түскен
сөуле ғана емес, шағылысқан сәуле де әсер
етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жылқы,
мысық) қараңғыда көзі жарқырап түрады. Бүл көздің түбінде, тамырлы кдбықтың алдын-да ерекше
шағылдырғыш жарғақгың
(тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс кристалдар сіңген
талшықтардан құра-лады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады.
Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалардан күралады.
Сауытшалар
күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал
таякшаалар түнгі
көру аппараты,
олар әлсіз, қарауытқан сәулелердің өсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы
саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй қүстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп
болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет
жағында таяқшалар көбірек
шоғырланады.
Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі және сыртқы, -түрады. Сыртқы, пигментті қабатка
жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында
торшалардағы куат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады.
Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бүл мембрана арқылы 16-18
жіңішке жіпшелерден - фибриллалардан,- қүралған шоғыр өтеді.
Ішкі буыннан өсінділер
басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы)
торшаларға беріледі.
Қос өрісті торшалар түйінді (ганглиозды) торшалармен жалғасады. Соңғы торшалар
өсінділері көру жүйкесін қүрайды. Әрбір қос өрісті торшалар көптеген таяқшалармен
байланысады, ал түйінді торшалар өз кезегінде көптеген қос өрісті торшалармен түйіседі. Ал өрбір
сауытша тек бір ғана қос өрісті торшамен байланысады, сигналды соған ғана береді. Демек, қатар
жаткан таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса,
қатар жатқан сауытшалар
сигналдары жеке-жеке беріледі.
Көру- талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі қүрһйды. Бүл жүйке арқылы
импульстер латеральдық имек дене ядролары мен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне
баіъітталады. Ал осы қүрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты
шарлары қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: