Септеу категориясы және септік жалғаулары. Септеу категориясының даму ерекшеліктері



бет5/5
Дата09.06.2022
өлшемі23,19 Kb.
#36622
1   2   3   4   5
Көмектес септік. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ септік жалғауы – көмектес септік. Зерттеушілер көмектес септіктің мәніне жақын септік жалғауының якут, чуваш тілінде барлығын айтады. Дегенмен, арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің ғана ерекшелігі. Басқа түркі тілдерінде бұл септік жалғаудың қызметін біле (білен) шылауы атқарады. Көне түркі тілінде қазақ тіліндегі – мен септік жалғауы мен басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мәнін беретін арнайы жалғау –ын, -ін, -н тұлғасы айтылған.
-ын, -ін, -н тұлғасы мынадай негізгі мағыналар туғызған: іс-әрекеттің болып өткен жолын, орнын білдіреді: Ол йолын – йорысар, унч – тідім (Т). «Ол жолмен жүрсе, мүмкін дедім». Іс-қимылдың болған, болатын мекенін білдіреді: Алтунйысығ йолсузын асдымыз. Ертіс үгүзүг кечігсізін кечдіміз (Т). «Алтын жерін жолсызбен астым. Ертіс өзенін кешпесізбен кештім». Іс-әрекеттің істелу құралын, объектісін білдіреді: інгек көлүкін Тоғлада Оғуз келті (Т). «Жүк тиелген көлікпен оғыздар Тоғлада келді». Істің істелу тәсілін білдіреді: Қыш йай біле тоқушты, қыңыр көзін бақышты (МҚ). «Қыс жазбен тоғысты, қыңыр көзбен бағысты». Х-ХІ ғ. Жазбаларында бұл жалғау мезгіл уақыт мәнінде де қолданылған: Ол қар қамуғ қышын ынар, Ашлық тарығ анын үнер (МҚ). «Ол қалың қар қыста жауар, ас болатын дән сонымен өнер». Көмектес септіктің бұл тұлғасы сөз өзгертуші, сөз байланыстырушы қосымша есебінде ХІ ғ. Кейін-ақ өз мәнін жоя бастаған. Бұған қарағанда –ын тұлғасы қазақтың халық тілі қалыптаспаған кезде-ақ өз мәнін жоғалта бастаған. Алайда қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында осы жалғаудың кейбір іздері аңғарылады. Мезгіл үстеулері деп қаралатын қысында, жазында, күзінде (қыс-ында), күніне (күн-ін-е), айына (ай-ын-а) тәрізді сөздер құрамындағы –ын, -ін осы жалғау. Көмектес септіктің осы тұлғасымен бірге, көне түркі жазбаларының тілінде бірлестік, құралдық мәнде бірле сөзі де қолданылған. Бу йірде олурып. Табғач будун бірле түзелтім (КТ). «Бұл жерде отырып табғач халқымен жақындастым». Мезгіл мәнінде де бірле шылауы –ын тұлғасымен жарыса қолданылған. Біле шылауының –мен көмектес жалғауына және мен (менен, пенен) шылау сөзіне ажырауы халықтық ауызекі сөйлеу тілінің құрамында өткен процесс. Көмектес жалғауының да, мен шылауының да ауызекі сөйлеу тілінде, жергілікті диалектілер құрамында әр түрлі фонетикалық варианттарда кездесуі соны дәлелдейді. Сонымен, қазіргі тіліміздегі – мен тұлғалы көмектес септік о баста дербес шылау сөз болған, сол сөздің энклитикалық қолданыс нәтижесінде пайда болған – мен жалғауының грамматикалық мәнінің, қолданылу сферасының кеңеюіне алып келді. Бір-біріне мағыналық жағынан орайлас формалар мәндерінің бір ғана формаға жиылуы, сөйтіп мағыналық шоғырланыс тіл пайдалануда трансформация тәсілінің бір қыры болып табылады. Қалайда бүгінгі көмектес септік бір кезде үш түрлі тұлға арқылы берілген мән-мағынаның бәрін де бойына жиып, өзінің қолданылу өрісін кеңейткені айқын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет