Септеу категориясы және септік жалғаулары. Септеу категориясының даму ерекшеліктері



бет4/5
Дата09.06.2022
өлшемі23,19 Kb.
#36622
1   2   3   4   5
Байланысты:
зат е

Шығыс септік. Шығыс септік тұлғасы қазіргі түркі тілдерінде үш түрлі вариантта кездеседі: бірсыпыра тілдерде тек д дыбысынан ғана басталса, кейбірінде тек қана қатаң т дыбысынан басталады. Ал қазақ тілінде дауыссыздар ыңғайында үш түрлі (т//д//н) варианттарында айтылады. Түркі тілдерінің өте ескі кезеңінде шығыс мәнін беретін арнаулы қосымша болды ма, дейтін мәселеде зерттеушілер шығыс қызметін Күл Тегін мен Тонықұқ ескерткіштері тілінде жатыс жалғауы атқарғанын, шығыс септіктің арнаулы тұлғасы өте сирек ұшырайтынын айтады. Дегенмен, мына сөйлемдерде: Өңден қағанғару сү йорыдым (Т). «Он жақтан хандыққа қарай әскер аттанды». Иарақлығ қантан келіп йаңа елтіді? «Жарақтылар қайдан келіп тозғындатты?» Осындағы өңден (оңынан) сөзі шығыс тұлғалы екені, мекендік мәнде қолданылғаны айқын.
Шығыс септік қосымшаларын ескерткіштер бойынша салыстырғанда көне түркі жазбаларында қысаң дауысты варианттар да (-тын, -тін), ашық дауысты варианттар да (-тан, -тен, -ден) кездеседі.
Шығыс жалғауының этимологиялық негізін зерттеушілердің қайсысы да оның алғашқы бөлігі (да-н) жатыс жалғауы деп қарайды. Рясяненің ойынша шығыс септік тұлғасы жатыс және құралдық септік тұлғаларының қосындысы. Рамстед көне жазбалар тіліндегі бірен-саран сөздерге шығыс жалғауының қабаттасып келуін негізге алып, мынадай жорамал айтады: іс-әркеттің шығар пунктін айқынырақ айту үшін жатыс жалғауының үстіне йан (жаны) сөзі тіркестіріле айтылған: оғуздайан. Кейін жатыс жалғауы мен энклитиканың (йан) кірігіп, қысқаруы нәтижесінде –дан тұлғасы шыққан. Б.С.Серебреников: шығыс қосымшасы –да негізінде қалыптасқанын айта отырып, соңғы элемент (н) құралдық мәнді (инструктив) емес, белгілі бір орныннан басқа жаққа жұмсалған қимылдың бағытын (латив) білдіретін қосымша деп есептейді. Қазіргі шығыс септігінің мәні мен қызметін ескерсек, ғалымның бұл пікірі шындыққа әлдеқайда жақын. Сөйтіп –дан құрамын тарихи тұрғыдан былай түсінуге болады: -да істің статикалық (қозғалыссыз) мекенін (локатив) білдіреді де, -н істің бағытын (латив) білдіреді. Осы ізбен таман, дейін, шейін, кейін сөздері құрамындағы – н-ді де бір кезгі сондай қосымша деп қарау керек.
Шығыс септік жалғауының негізгі мағыналары: істің, әрекеттің шығар көзін, іс-әрекеттің таралған, ажыраған объектісін білдіру. Сонымен бірге, шығыс септік жалғауы мынадай мағыналарды білдіреді: әрекеттің себебін білдіреді: Ер ышдын қорқуды. «Ер істен қорықты». Ол мендін тұрқығланды. «Ол менен ұялды, қысылды» (МҚ). Иазықлы ермен көргенімден, ешітімден (КК). «Жазықты едім көргенімнен, есіткенімнен...» Іс-әрекеттің болатын, болған уақытын білдіреді: соңырасында таш білен ташлап өрдүрдүлер (КК).
Кейде шығыс жалғаулы сөздер – іс-әрекеттің пассив субъектісін де білдіреді: бурун айтылды пайғамбардан (КК). Заттың әркеттің сараланған, салыстырмалы сынын да білдіреді, барчадан күчлу, барчадан татлы (КК), «баршадан күшті, баршадан даңқты».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет